Меню

Страницы

Статья

2020 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Атбасар ауданының Новосельское ауылы әкімінің аппараты» ММ қызметі туралы есеп

2020 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Атбасар ауданының Новосельское ауылы әкімінің аппараты» ММ қызметі туралы есеп

 

2020 жылғы 17 қаңтарда Атбасар ауданының Әділет басқармасында қайта тіркеуден өткен «Атбасар ауданының Новосельское ауылы әкімінің аппараты» ММ туралы Ережесіне сәйкес мемлекеттік органның міндеттерінің бірі халыққа мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.

Новосельское ауылы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырады.

Новосельское ауылы әкімінің аппараты 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  • «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»;
  • «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
  • «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;
  • «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»;
  • «Жер учаскесін алу үшін кезекке тұру»
  • «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну».

2020 жылы «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» 3 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бас тарту жоқ.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» стенд, «Мемлекеттік қызметті алу кезіндегі менің құқықтарым» брошюралары рәсімделді.

Новосельское ауылы әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы «E.gov» жабдықталған және жұмыс істейді. 2020 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының қызметтерін 114 қызмет алушы пайдаланған.

2020 жылы Новосельское ауылы әкімі аппаратының ресми аккаунттарында мемлекеттік қызмет көрсету ережелері бойынша 14 мақала жарияланды, 2 тікелей эфир өткізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін құқықтық мектепте сабақтар өткізіледі, оған ауылдың ұйымдары мен мекемелерінің басшылары да, барлық тілек білдірушілер де қатыса алады.

Новосельское ауылы әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша 2020 жылы қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

 

Новосельское ауылы әкімінің м. а.                             А. Бутримович

 

Дата публикации
25 февраля 2021
Дата обновления
25 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
Аудиоролики.
14 июля 2026
23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарының сайлауы өтеді
14 июля 2026
Тұрғылықты жерін ауыстырған кезде сайлаушы мыналарды ала алады

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы