2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Атбасар ауданының Мариновка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметі туралы есеп
Мариновка ауылдық округi үш елдi мекенден тұрады: Мариновка ауылы, Бейіс Хазiрет ауылы, Адыр станциясы.
Коммуналдық мемлекеттiк мекеменің Ережесіне сәйкес (бұданәрi- КММ) «Атбасар ауданының Мариновка ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» 2013ж. 14.11 Атбасар ауданының Әдiлет Басқармасында қайта тiркеуден өткен, мемлекеттiк органның мiндеттерiнiң бiрi қызметтердi көрсету болып табылады.
Мариновка ауылдық округi әкiмiнiң аппараты мемлекеттiк қызметтердi Қазақстан Республикасын 2013 жылдың 15 сәуiрде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заң негiзiнде жүзеге асырады мемлекеттiк қызметтердi көрсету орнатылған стандарттар және регламент.
Мариновка ауылдық округі әкімінің аппараты 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
-«Елдi мекен шегiнде объект салу үшiн жер учаскесiн беру»
-«Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру»
-«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу»
- «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»,
- «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»;
-«Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы
бiлiм беру ұйымдарына және кейін үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну»
2020 жылы «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» 9 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бас тарту жоқ.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» стенд, «Мемлекеттік қызметті алу кезіндегі менің құқықтарым» брошюралары рәсімделді.
Мариновка ауылдық округі әкімінің аппаратында «Е.gov»өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жабдықталған және жұмыс істейді. 2020 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының қызметтерін 39 қызмет алушы пайдаланған.
2020 жылы Мариновка ауылдық округі әкімі аппаратының ресми аккаунттарында мемлекеттік қызмет көрсету ережелері бойынша 14 мақала жарияланды, 2 тікелей эфир өткізілді.
Мемлекеттiк қызмет көрсетудерiсiнiң ашықтығын қамтамасыз ету үшiн құқықтық мектепте ауылдық округтiң ұйымдары мен мекемелерiнiң басшылары, сондай-ақ кез келген тiлек бiлдiрушiлер қатыса алатын сабақтар өткiзiледi.
Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша Мариновка әкiм аппаратына қызмет алушылар тарапынан 2020 жылы шағымдар түскен жоқ.
Мариновка ауылдық округінің әкімі Ж.Қалиев