Меню

Страницы

Статья

2020 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі «Атбасар ауданының Макеевка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің қызметі туралы есеп 

2020 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі «Атбасар ауданының Макеевка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің қызметі туралы есеп 

            Атбасар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 8 қаңтардағы № а-1/4 қаулысымен бекітілген «Атбасар ауданы Макеевка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ ережесіне сәйкес мемлекеттік органның міндеттерінің бірі халыққа мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.

            Макеевка ауылдық округі әкімінің аппараты «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына, бекітілген мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді.

        Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметтің 6 түрін ұсынады:1)Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына  және кейін үйлеріне  тегін тасымалдауды ұсыну;2)Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге  шешім беру;3)Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;4) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;5) Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату;6) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;            2020 жылы ауылдық округ әкімінің аппараты барлығы 9 мемлекеттік қызмет көрсетті:1) Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына  және кейін үйлеріне  тегін тасымалдауды ұсыну - 8;  2) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу - 1;            «Атбасар ауданының Макеевка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік қызметтер өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы көрсетіледі. 2020 жылы Е-gov бұрышы арқылы 121 мемлекеттік қызмет көрсетілді.             Ауыл әкімінің ғимаратында E-gov бұрышы бар, мемлекеттік қызметтерді көрсету уақыты мен орны, қажетті құжаттар топтамасы мен мемлекеттік қызметті көрсететін тұлғаның Т.А.Ә. көрсетілген барлық ақпарат орналастырылған стенд орналасқан. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін 2020 жылы 12 семинар-кеңес өткізілді.            2020 жылы Макеевка ауылдық округі әкімі аппаратының ресми аккаунттарында мемлекеттік қызмет көрсету ережесі бойынша 15 мақала жарияланды,1 тікелей эфир өткізілді. Атбасар ауданы әкімінің ресми аккаунтында 1 тікелей эфир.            2020 жылы қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.  

Макеевка ауылдық округінің әкімі                                        Ә.Тоқжұманова

Дата публикации
25 февраля 2021
Дата обновления
25 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
Аудиоролики.
14 июля 2026
23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарының сайлауы өтеді
14 июля 2026
Тұрғылықты жерін ауыстырған кезде сайлаушы мыналарды ала алады

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы