Меню

Страницы

Статья

 2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Атбасар қаласы әкімінің аппараты» ММ қызметі туралы есеп

 2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша

«Атбасар қаласы әкімінің аппараты» ММ қызметі туралы есеп

 

         «Атбасар қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 15.04.2013 жылғы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.

«Атбасар ауданы Атбасар қаласы әкімінің аппараты» 2020 жылы мемлекеттік қызметтің бес түрін көрсетті :

1) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;

 

2)«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»;

 

3) «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;

 

4)«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»;

 

5)«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».

 

 

Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

Есепті жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге 186 өтінім берілді. Оның ішінде:

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» қызметіне -57 өтінім келіп түсті, оның ішінде 22 қызмет көрсетілді, 35 өтініш қабылдаудан бас тартылды.

«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» қызметіне - 1 өтінім келіп түсті, 1 өтінімнен бас тартылды.

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» қызметіне - 102 өтінім келіп түсті, оның 69,21-і бас тартылды, 8-і өтініш беруден бас тартты, қалғандары әзірлену үстінде.

Бұл қызметтер Халыққа қызмет көрсету орталығы және электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген .

«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»қызметіне -6 өтінім келіп түсті, оның 2 көрсетілді, 1-бас тартылды.

 «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» қызметіне - 27 өтінім келіп түсті, оның 27-і бас тартылды.

Аталған қызметтер «Атбасар қаласы әкімінің аппараты» ММ арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат «Атбасар қаласы әкімінің аппараты» стендінде, сондай-ақ Атырау ауданы әкімінің сайтында орналастырылған. Атбасар қаласы әкімі аппаратының әлеуметтік желілерінде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері туралы 20 мақала жарияланды.

Есепті жылы Мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

 

Атбасар қаласы әкімінің

міндетін атқарушы                                                   М. Исмаилов

Дата публикации
25 февраля 2021
Дата обновления
25 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
Аудиоролики.
14 июля 2026
23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарының сайлауы өтеді
14 июля 2026
Тұрғылықты жерін ауыстырған кезде сайлаушы мыналарды ала алады

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы