Меню

Страницы

Статья

2020 жылда мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша «Атбасар ауданы Борисовка ауылы әкімінің аппараты» ММ қызметі туралы есеп

2020 жылда мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша «Атбасар ауданы Борисовка ауылы әкімінің аппараты» ММ қызметі туралы есеп

            Атбасар ауданының әкімдігінің  2020 жылғы 08 қаңтардағы №а-1/4 қаулысымен бекітілген «Атбасар ауданы Борисовка ауылының әкімі аппараты» ММ туралы ережесіне сәйкес,  мемлекеттік органның  міндеттерінің бірі мемлекеттік қызметтерді көрсету болып табылады.

         Борисовка ауылы әкімінің аппараты «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»   2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларымен сәйкес мемлекеттік қызметтерді ұсынуды жүзеге асырады,.

           Мемлекеттік мекемесі 6 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:

1.«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім

беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»

2.«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»

3.«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»

  1. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»
  2. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»
  3. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»

 

          2020 жылы «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» және «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша жер комиссиясының қорытындысы негізінде 1бас тарту.          

         Ауыл әкім аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті ақпараттар, қызметтерді алу уақыты, қажетті құжаттардың таптамасы ұсынылған қызметтерді көрсету орны және қызмет көрсетуші тұлғаның Т.А.Ә.  көрсетілген стенд орналастырылған. Сондай-ақ, бұл ақпарат аудан әкімінің сайтында бар.

          Egov өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы рәсімделді, компьютер интернетке қосылған, принтер, сканер, камера, картридер бар. Тұрғындар мемлекеттік қызметке Egov порталы арқылы өз бетінше тапсырыс беріп, қызметтерді ала алады. 2020 жылы Egov бұрышы арқылы 88 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

         2020 жылы Facebook, Instagram ресми парақшаларында «Халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету» тақырыбында тікелей эфир өткізілді. Facebook, Instagram әлеуметтік парақшаларында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 14 мақала жарияланды.

         Борисовка ауылы әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша 2020 жылы қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

Борисовка ауылының әкімі:                      Тушембеков М.Р.

Дата публикации
25 февраля 2021
Дата обновления
25 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
Аудиоролики.
14 июля 2026
23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарының сайлауы өтеді
14 июля 2026
Тұрғылықты жерін ауыстырған кезде сайлаушы мыналарды ала алады

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы