Меню

Страницы

Статья

2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша  «Атбасар ауданының Бастау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметі  туралы  есеп

2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша  «Атбасар ауданының Бастау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметі  туралы  есеп

 

 

       Атбасар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 9 қарашадағы № а-11/444 қаулысымен бекітілген «Атбасар ауданының Бастау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ережесіне сәйкес мемлекеттік органның міндеттерінің бірі халыққа мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.

Бастау ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтерді «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына, бекітілген мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес жүзеге асырады.

Ауылдық округ әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтерді «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына, бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттеріне сәйкес жүзеге асырады.

 

Бастау ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді:

-«Елдi мекен шегiнде объект салу үшiн жер учаскесiн беру»

-«Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру»

-«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талапетпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу»

- «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»,

- «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»;

-«Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы

бiлiм беру ұйымдарына және кейін үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну»

       Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдары орналасқан «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру», «Мемлекеттік қызметті алу кезіндегі менің құқықтарым» брошюралары, Атбасар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 7 қазандағы №64 «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және Бастау ауылдық округінде көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы»қаулысы және іс-шаралар Жоспары жарияланған жеке стенд ресімделген.

2020 жылы ММ-да мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетілді:

- «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет бойынша - 1 қызмет ұсынылған.

       Бастау ауылдық округі әкімінің аппаратында «e-gov»өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жабдықталып, жұмыс істейді. 2020 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының қызметтерін 66 қызмет алушы пайдаланған.Бас тартулар жоқ.

     Бастау ауылдық округі әкімі аппаратының әлеуметтік желілерінде 12 мақала жарияланды, 2 тікелей эфир өткізілді.

  Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін құқықтық мектепте сабақтар өткізіледі, оған ауылдық округ ұйымдары мен мекемелерінің басшылары да, барлық қатысуға ниетті тұлғалар  да қатыса алады.

Бастау әкімі аппаратымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2020 жылы қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

.

Бастау ауылдық

округінің әкімі                                                                                 А.Қайыржан                                          

 

                       

Дата публикации
24 февраля 2021
Дата обновления
24 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
Аудиоролики.
14 июля 2026
23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарының сайлауы өтеді
14 июля 2026
Тұрғылықты жерін ауыстырған кезде сайлаушы мыналарды ала алады

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы