2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметі туралы есеп
Атбасар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 09 қарашадағы №а-11/444 қаулысымен бекітілген «Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің ережесіне сәйкес мемлекеттік органның міндеттерінің бірі мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.
Ауылдық округ әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтерді «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына, бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттеріне сәйкес жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеме мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді:
-«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»;
- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
-«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»
-«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.2020 жылдың ішінде «Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ сегіз түрлі мемлекеттік қызмет көрсетті: « Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну».
Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында қажетті құжаттар топтамасы, қызмет көрсететін тұлғаның аты-жөнін көрсете отырып, қызмет көрсету уақыты, орны туралы барлық қажетті ақпарат орналастырылған стенд орналасқан.
Ақан Құрманов ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жабдықталып, әрекет етеді. 2020 жылы 25 қызмет алушыға электрондық қызмет көрсетілді.
Ақан Құрманов ауылдық округінің ресми аккаунттарында 11 мақала жарияланды.Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін бас маман «Е.gov» қызметтермен таныстыру бойынша тікелей эфирде Instagram әлеуметтік желісінде семинар өткізді.
Қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.
Ақан Құрманов ауылдық округінің әкімі А.Біләлова