Меню

Страницы

Статья

Жер қатынастары саласындағы мемлекеттiк қызметтердi көрсету жөнiндегi қағидаларды бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2020 жылғы 6 қазанда № 21366 болып тiркелдi

ЗҚАИ-ның ескертпесi!

Осы бұйрықтың қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 5 т. қараңыз

"Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттiк жер кадастрынан мәлiметтер беру" мемлекеттiк қызметiн көрсету қағидалары;

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттiк қызметiн көрсету қағидалары;

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiнде жерге орналастыру жобаларын бекiту" мемлекеттiк қызметiн көрсету қағидалары;

осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру" мемлекеттiк қызметiн көрсету қағидалары;

осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттiк қызметiн көрсету қағидалары;

осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесiне актiлердi дайындау және беру" мемлекеттiк қызметiн көрсету қағидалары;

осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесiнiң сапалы жай-күйi туралы мәлiметтер беру" мемлекеттiк қызметiн көрсету қағидалары;

осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншi түрге ауыстыруға түпкiлiктi шешiм беру" мемлекеттiк қызметiн көрсету қағидалары;

осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес "Елдi мекендер шегiнде объектi салу үшiн жер учаскелерiн беру" мемлекеттiк қызметiн көрсету қағидалары;

осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтар алу" мемлекеттiк қызметiн көрсету қағидалары;

осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттiк жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң графикалық дерегiмен жобаланып отырған жер учаскесiн келiсу" мемлекеттiк қызметiн көрсету қағидалары;

осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес "Жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау" мемлекеттiк қызметiн көрсету қағидалары;

осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес "Бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жобасын келiсу және беру" мемлекеттiк қызметiн көрсету қағидалары;

осы бұйрықтың 14-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесiн жеке меншiкке ақысын бiрден төлеп не бөлiп төлеу арқылы сату" мемлекеттiк қызметiн көрсету қағидалары;

осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесiн алу үшiн кезекке қою" мемлекеттiк қызметiн көрсету қағидалары бекiтiлсiн.

2. Осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Жер ресурстарын басқару комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрiне жүктелсiн.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрi С. Омаров

Толығымен жүктеу

скан письмо акимам

Дата публикации
29 октября 2020
Дата обновления
29 октября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
Аудиоролики.
14 июля 2026
23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарының сайлауы өтеді
14 июля 2026
Тұрғылықты жерін ауыстырған кезде сайлаушы мыналарды ала алады

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы