Меню

Страницы

Статья

«Атбасар ауданының Покровка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

  1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер

2020 жылғы 17 қаңтарда Атбасар ауданының Әділет басқармасында қайта тіркеуден өткен Атбасар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 08 қаңтардағы № а-1/4 қаулысымен бекітілген «Атбасар ауданының Покровка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-КММ) Ережесіне сәйкес халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін беретін жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде «Атбасар ауданының Покровка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын басшылыққа алады.

Покровка ауылдық округ әкімінің аппараты жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтердің 6 түрін көрсетеді:

  1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, тегін негізде, көрсету нысаны электрондық;
  2. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» көрсету нысаны электрондық, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы;
  3. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу», көрсету нысаны электрондық қызмет «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы;
  4. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату», көрсету нысаны электрондық немесе қағаз түрінде, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы;
  5. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», көрсету нысаны электрондық немесе қағаз түрінде, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы;
  6. «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту», көрсету нысаны қағаз түрінде, көрсетілетін қызметті берушілердің кеңсесі арқылы.

Барлық 6 мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі

2024 жылы мемлекеттік қызметтер бойынша барлығы – 4 өтініш келіп түсті, олардың ішінде оң шешімдер шығарумен – 4 мемлекеттік қызмет, оның ішінде жеке тұлғаларға - 4, заңды тұлғаларға - 0:

- «Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» мемлекеттік қызметі оң шешім шығарумен - 1 мемлекеттік қызмет қабылданды (жеке тұлға);

- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметі оң шешім шығарумен - 2 мемлекеттік қызмет қабылданды (жеке тұлға);

- «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметі оң шешім шығарумен қабылданды - 1 мемлекеттік қызмет қабылданды (жеке тұлға).

2024 жылы бойынша Покровка ауылдық округі әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметтің 4 түрі көрсетілді, барлық 4 қызмет тегін негізде көрсетілді;

- «электрондық үкімет» порталы арқылы - 3 қызмет, қағаз нысандағы мемлекеттік саны - 1 қызмет;

- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны – 6 (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидалар бар. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қазанда № 21366 болып тіркелді).

2024 жылдың есепті кезеңінде бас тартумен көрсетілген мемлекеттік қызметтер болған жоқ.

          3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

          - Есепті кезеңде неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызмет «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» болып табылады - 2 мемлекеттік қызмет.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

          1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

          Instagram, Facebook әлеуметтік желісінің парақшаларында және Атбасар ауданының Покровка ауылдық округі әкімі аппаратының ресми сайтында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат ақпараттық стендтерде орналастырылған.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

Жыл сайын интернет-ресурстарда Атбасар ауданының Покровка ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтер көрсету қызметі туралы есепті жария талқылайды. 2024 жылғы 29 ақпанда Атбасар ауданы әкімінің және Покровка ауылдық округі әкімі аппаратының ресми сайттарында «Атбасар ауданының Покровка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы қызметі туралы есеп» жарияланды.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

Ыңғайлы болу және халықтың өз бетінше электрондық мемлекеттік қызметтерді алуы үшін Покровка ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында Egov электрондық мемлекеттік қызметтерінің «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жабдықталған және жұмыс істейді, компьютер интернетке қосылған, принтер, сканер, картридер, вебкамера бар. Egov бұрышы арқылы ұсынылған мемлекеттік қызметтерді тіркеу журналы жүргізіледі. 2024 жылы ауылдық округ тұрғындары 147 мемлекеттік қызмет алды.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған стендтер жабдықталған.

          Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінің беттерінде 2024 жылы «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі, мерзімдері мен орнын түсіндіру бойынша 96 мақала жарияланды. Әлеуметтік желілердегі жазылушылар саны (Facebook, Instagram) - 549 адам.

Халықты электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді алуға тарту мақсатында тұрақты негізде «Цифрлық құжаттар әрқашан қолында» порталының мүмкіндіктері туралы түсіндіру іс-шаралары жүргізіледі, осы тақырыпқа баннер орнатылды. Сондай-ақ, әкімдік ғимаратында «Егер Сізге мемлекеттік қызмет сапасыз көрсетілсе» және «EgovKzBot2.0» мемлекеттік және орыс тілдерінде ролл аптар орнатылды.

Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында сенім телефонын көрсете отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтері бар стенд ресімделді.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

          1) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

2024 жылы жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жүргізілген жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру», «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту», «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметтерін автоматтандыру қажет.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізіледі. Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерге техникалық оқыту жүргізілді, оқытудан 1 қызметкер өтті (100%).

3) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік – құқықтық жетілдіру.

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілмеген.

 

 

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2024 жылғы есепті кезеңде Покровка ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік қызметшілерінің мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі іс-әрекеттеріне шағымдану жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

«Атбасар ауданының мемлекеттік қызмет көрсету және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жүргізу барысында бір бұзушылық анықталды, түсіндіру жұмыстары жүргізілді, түсіндірме жазба жіберілді

Есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі іс әрекеттеріне шағымдану болған жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау нәтижелері.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жүзеге асырылмаған.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері зерделеніп, Атбасар ауданы Покровка ауылдық округі әкімі аппаратының ресми сайтында жарияланды.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру мақсатында Покровка ауылдық округі әкімі аппаратымен мынадай міндеттер қойылды:

- мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау;

- мемлекеттік қызметтерге шағымдануды бақылау (негізделген шағымдар бойынша шаралар қабылдау);

- мемлекеттік қызмет көрсету ережелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, әкім аппаратындағы ақпараттық стендтерді жаңарту, әлеуметтік желілер беттерінде мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын уақтылы орналастыру;

- көрсетілетін қызметті алушыларды «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру және танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу, аудандық газетте мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы мақалалар жариялау;

- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

 

- клиентке бағдарлану-көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.

 

 

 Атбасар ауданы

 Покровка ауылдық округінің әкімі                                                  Э.Акылбаев

Дата публикации
02 марта 2025
Дата обновления
02 марта 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

22 октября 2026
Аудиоролики.
14 июля 2026
23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарының сайлауы өтеді
14 июля 2026
Тұрғылықты жерін ауыстырған кезде сайлаушы мыналарды ала алады

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы