Атбасар ауданының әкімдігі, Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Ш. Уәлиханов көшесі 9, пошта индексі 020400, жұмыс телефоны 8 (716) 43 24305, пошталық мекенжайы atbasar_kanz@aqmola.gov.kz
2.Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарынан залал шеккен жеке және заңды тұлғалар өсімдік шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдік шаруашылығы саласында, ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 167 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі –– залалды өтеу туралы өтінім) залалды өтеуге өтінім береді. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 17 мамырда № 34383 болып тіркелді.
Залалды өтеу туралы өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі;
2) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі.
Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын, құқық белгілейтін құжаттарды ұсыну мүмкін болмаған жағдайда (табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан немесе табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою кезеңінде мұндай құжат жоғалған, бүлінген немесе жойылған жағдайларда), жұмыс органы жер учаскесі бойынша деректерді жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінен алуды дербес жүзеге асырады.
Залалды өтеу туралы өтінім және өтінімге қоса берілетін құжаттар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының кеңсесі арқылы қолма қол не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында «Электрондық өтініштер» ақпараттық талдау жүйесі арқылы электрондық түрде беріледі.
Залалды өтеу туралы өтінімді жеке тұлға не заңды тұлғаның басшысы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сенімхат негізінде әрекет ететін сенім білдірілген адам беруі мүмкін.
Залалды өтеу туралы өтінімнің көшірмесінде оны қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, лауазымы, күні көрсетіле отырып, тіркелгені туралы белгі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының кеңсесінде қағаз тасығыштағы өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады.
«Электрондық өтініштер» ақпараттық талдау жүйесінде жеке немесе заңды тұлғалардың залалды өтеу туралы өтінімдеріне тіркеу нөмірін (индексін) беру автоматты түрде жасалады және әріптерден тұратын индекстен, сондай-ақ тіркеу жылы мен сегіз таңбадан тұратын тізбекті реттік нөмірден тұратын бірегей нөмірден тұрады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының кеңсесі залалды өтеу туралы өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды жұмыс органына жібереді.
Ауыл шаруашылығы саласындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы 2024 жылғы 18 желтоқсанда Атбасар қаласы, Ш. Уәлиханов көшесі 9 мекенжайы бойынша аудан әкімдігінің ғимараты, шағын залда сағат 15: 00-де өткізіледі.