«Атбасар ауданының құрылыс бөлімі» ММ Мемлекеттік қызметтің 2 түрін көрсетеді:
1) үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру;
2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірме беру.
Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының Конституциясына және бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына негізделген 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетіледі. Бөлімнің барлық мемлекеттік қызметтері тегін көрсетіледі.
2.1 Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат, мемлекеттік қызмет көрсету ережелері, 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» ҚР Заңы – «Атбасар ауданының құрылыс бөлімі» ММ ақпараттық стендтерінде орналасқан, сондай-ақ бөлімнің Instagram, Facebook әлеуметтік желісінің ресми беттерінде орналастырылған.
Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар egov.kz және elicense.kz. порталдарына жүктеледі.
2.2 Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
Ыңғайлы болу үшін және халықтың өз бетінше электрондық мемлекеттік қызметтерді алуы үшін құрылыс бөлімінде барлық қажетті «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ұйымдастырылып, жабдықталды.
Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінің беттерінде «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі, мерзімдері мен орнын түсіндіру бойынша 15 мақала жарияланды.
Халықты мемлекеттік қызметтерді алуға тарту мақсатында электрондық түрде тұрақты негізде түсіндіру іс-шаралары, тікелей эфирлер, семинарлар өткізіледі.
3.1 Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсететін құрылыс бөлімінің қызметкерлеріне техникалық оқыту жүргізілді.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі іс-әрекеттеріне шағымдану болған жоқ.
3.2 Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізіледі.
4.1 Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
Есепті жылы мемлекеттік қызметтер көрсетілмеді, өйткені өтініштер түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсетуге де шағымдар түскен жоқ.
4.2 мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.
2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижелерінің есебіне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуде бұзушылықтар анықталған жоқ. Көрсетілетін қызметті берушілер арасында ZOOM арқылы өткізілген кеңесте 2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу есебі айтылып, зерттеліп, жұмыста қолданылатын болады.
Жергілікті атқарушы органдардың алдына мынадай міндеттер қойылды:
- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
- мемлекеттік қызметтерге шағымдануды бақылау (негізделген шағымдар бойынша шаралар қабылдау);
- мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стенділерді жаңарту, Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын ауданның ресми интернет-ресурсында уақтылы орналастыру, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мақалаларды аудандық газетте, әлеуметтік желілер беттерінде жариялау;
- «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметті алушыларды ақпараттандыру және танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;