Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер
«Атбасар ауданы Новосельское ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ұсынатын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын басшылыққа алады.
Әкім аппаратының құзыретіне жер қатынастары саласындағы 6 мемлекеттік қызмет кіреді. Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес 3 мемлекеттік қызметтер толық автоматтандырылған, электрондық үкімет порталы арқылы ұсынылады, 3 мемлекеттік қызметтер ішінара автоматтандырылған, электрондық үкімет порталы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы ұсынылады. Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
1.«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру». Бұл мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі www.egov.kz тегін негізде. 2.«Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру». Бұл мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі www.egov.kz тегін негізде.
3.«Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу». Бұл мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі www.egov.kz тегін негізде.
4.«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату». Бұл мемлекеттік қызмет «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі www.egov.kz тегін негізде.
5.«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою». Бұл мемлекеттік қызмет «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі www.egov.kz тегін негізде.
6.«Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту». Бұл мемлекеттік қызмет «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі www.egov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі тегін негізде.
2023 жыл ішінде келесі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:
– «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 2 қызмет көрсетілді.
- «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 5 қызмет көрсетілді.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Әкім аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсетудің қолданыстағы ережелері, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орган туралы ақпарат орналастырылған стенд рәсімделді. Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінің ресми парақшаларында мемлекеттік қызмет көрсету ережелері тоқсан сайын жарияланады.
Мемлекеттік қызметтерді қолжетімді және сапалы көрсетуді қамтамасыз ету, электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер санын арттыру үшін ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орналасқан.
«Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» қажетті перефириялық техникамен жабдықталған: компьютер (интернетке қосылған), көпфункционалды құрылғы (принтер, сканер, ксерокс), картаны оқу құрылғысы, камера, динамиктер, құлаққаптар бар. Көрсетілген қызметтердің саны Egov бұрышы арқылы ұсынылған Мемлекеттік қызметтерді тіркеу журналында тіркеледі. 2023 жыл ішінде халық 199-ге жуық электрондық қызмет алды.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді қолжетімді және ыңғайлы алуды ұйымдастыру мақсатында ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында тактильді жол, пандус, консультантты шақыру түймесі, тану тақтайшалары орнатылған.
«Цифрлық құжаттар әрқашан қолда» баннері, «Егер сізге мемлекеттік қызмет сапасыз көрсетілсе» ролл - ап орнатылды.
3.Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсетуде бизнес-процестердің бұзылуына жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі зерделенді.
ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін перифериялық жабдығы бар компьютер сатып алынды.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі іс-әрекеттеріне шағымдану болған жоқ.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2023 жыл ішінде көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.
2) «Атбасар ауданының мемлекеттік қызметтер және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі» ММ жүргізген «Е-Лицензиялау» МДҚ» ақпараттық жүйесінің мониторингінің нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.
Бұдан әрі тиімділік және көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру мақсатында мынадай бағыттар бойынша жұмыс жүргізілуде:
- мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ҚР заңнамасының талаптарын қатаң сақтау;
- мемлекеттік қызметтерге шағымдануды бақылау (негізделген шағымдар бойынша шаралар қабылдау);
- мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стенділерді жаңарту, әлеуметтік желілер беттерінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы өзекті ақпаратты орналастыру.
Мемлекеттік қызметтер
көрсету мәселелері бойынша
2023 жылғы есебіне
қосымша
Новосельское ауылы бойынша
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат
|
Шағым беруші туралы мәліметтер |
Шағы ның мәні |
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қарау күні |
Шағымды қарау қорытын дысы бойынша құжаттың № |
Қабыл данған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет тер |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |