Меню

Страницы

Статья

2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Атбасар ауданының Сергеевка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметі туралы есеп

Жалпы ережелер

         1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер

"Атбасар ауданы Сергеевка ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

          2) мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат

          Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде "Атбасар ауданы Сергеевка ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын басшылыққа алады.

         Мемлекеттік мекеме 2023 жылы мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетті:

        -   «Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру»;

        -   «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;

        - «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»;

       -   «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»

       -    «Жер учаскесін алуға кезекке қою».

       -   «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту».

       2023 жылы Сергеевка ауылдық округі әкімінің аппаратымен 12 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:

        - «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» -7

       - «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» - 3

        - «Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру»-1(қантар 2023 жыл)

        - Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру-1

      «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» мемлекеттік қызметі көрсету  бойынша 2 дәлелді бас тарту шығарылды

2022 жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметтердің азаюы байқалады.

          3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

         - «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»-7

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

          1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

          Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат округтің ақпараттық стендінде,  әлеуметтік желісінің ресми беттерінде орналастырылған.

           Сергеевка ауылдық округі әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді халықтың электрондық мемлекеттік қызметтерін алу үшін «E.gov», компьютермен, сканермен, принтермен, веб-камерамен, картридермен жабдықталған. 2023 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының арқылы 183 электрондық қызмет көрсетілді.

             Халықты электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді алуға тарту мақсатында тұрақты негізде мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы түсіндіру іс-шаралары жүргізіледі. Facebook әлеуметтік желісінің беттерінде "электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу, Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі, мерзімдері мен орнын түсіндіру бойынша 89 мақала жарияланды

             Мемлекеттік қызметтерді алуға қолжетімділік үшін «Сергеевка ауылдық округі әкімінің аппараты»  КММ-де пандустар мен маманды шақыру түймесі орнатылған.

            Сергеевка ауылдық округінің аумағында «Цифрлық құжаттар әрқашан қолында» баннері ауыстырылды, «Сергеевка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ ғимаратында «Егер сізге мемлекеттік қызмет сапасыз көрсетілсе» ролл-апп орнатылды. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау бойынша тұрғындарға онлайн сауалнама жүргізілді. Респонденттер саны-50 адам.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

          Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізіледі. Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлерге техникалық оқыту жүргізілді, оқытудан 2 қызметкер өтті (100%).

            Мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкердің мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыру курстарынан өтуі 2024 жылға жоспарланған.

         Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі іс-әрекеттеріне шағым болған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

          1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

          Сергеевка ауылдық округі әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2023 жылы көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

          2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

          Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері 2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері туралы есеппен танысты. Есепке сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетуде бұзушылықтар анықталған жоқ.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттануын одан әрі тиімді ету және арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың алдына мынадай міндеттер қойылды:- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

- Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау;

- мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стендтерді жаңарту, әлеуметтік желілердің беттерінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы мақалаларды уақтылы жариялау;

- «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметті алушыларды ақпараттандыру және танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу;

- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер

көрсету мәселелері бойынша

2023 жылғыесебіне

қосымша

 

Атбасар ауданы Сергеевка ауылдық округі бойынша

мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

 

Шағым беруші туралы мәліметтер

Шағы

ның мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау күні

Шағымды қарау қорытын

дысы бойынша құжаттың №

Қабыл

данған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

тер

1

2

3

4

5

6

7

-

-

-

-

-

-

-

 

Жүктеу

Дата публикации
28 февраля 2024
Дата обновления
28 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
Аудиоролики.
14 июля 2026
23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарының сайлауы өтеді
14 июля 2026
Тұрғылықты жерін ауыстырған кезде сайлаушы мыналарды ала алады

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы