Меню

Страницы

Статья

2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша "Атбасар ауданының Сепе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы есеп

  1. Жалпы ережелер

1) көрсетілетін қызметті беруші туралы мәлімет

«Атбасар ауданының Сепе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ұсынатын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V    "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын басшылыққа алады.

         «Атбасар ауданының  Сепе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жер қатынастары бойынша 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1.    «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», қызмет «электрондық үкімет»веб - порталы (бұдан әрі – портал) және «Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясы арқылы, тегін, электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде көрсетіледі, көрсету мерзімі 13 жұмыс күні;
  2.   «Кент, ауыл жерінен жер учаскесін беру»: қызмет «электрондық үкімет» веб-порталы және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы алынады, тегін, екі кезеңде (бірінші кезең 28 жұмыс күні ішінде, 2 кезең 18 жұмыс күні ішінде) қызмет көрсету нысаны  электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз тұрінде;
  3. «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»: қызмет «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алынады, тегін, екі кезеңде көрсетіледі (бірінші кезең 12 жұмыс күні, 2-кезең 3 қызмет) көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде;
  4.   «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату»: қызмет «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы алынады, тегін, 5 жұмыс күн ішінде көрсетіледі, қызмет көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.
  5.    "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою"

қызмет «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы алынады, 20 минут ішінде, тегін көрсетіледі, қызмет көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған);

       6 . «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту»: қызметті  қызмет берушінің  кеңсесінен және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алынады,тегін, 10 жұмыс күні ішінде көрсетіледі,қызмет көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған)қағаз түрінде.

3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

- «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 3 қызмет көрсетілді.          

 

  1. Қызметті алушылармен жұмыс

          1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

         Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат ауылдық округінің әлеуметтік Instagram, Facebook желісінің ресми парақшаларында, мемлекеттік мекеменің ақпараттық стендтерінде орналастырылған.

           2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар.      

            Ауылдық округ әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің жұмысы ұйымдастырылды.

          Халықа ыңғайлы болу және өз бетінше электрондық мемлекеттік қызметтерді алуы үшін Сепе ауылдық округі әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету «egov.kz»  бұрышы  жұмыс істейді, жұмыс орны компьютер, сканер, принтер, веб-камера, картаны оқу құралымен жабдықталған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы ұсынылған Мемлекеттік қызметтерді тіркеу журналы жүргізіледі. 2023 жылы округ тұрғындары өз бетінше 258 қызмет алды (ЭЦҚ қашықтан алу, тұрғылықты жері бойынша тіркеу,тіркеуден шығару,дәрігерлік ұйымғабекіту және т. б.)

          Мемлекеттік органда көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар  ету мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған стенд жабдықталған.

          2023 жылы мемлекеттік орган мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша іс-шаралар өткізді (семинар,тікелей эфир, ).

          Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінің беттерінде "электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі, мерзімдері мен орнын түсіндіру бойынша 200 мақала жарияланды.

          Халықты электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді алуға тарту мақсатында тұрақты негізде «Цифрлық құжаттар әрқашан қолыңда» порталының мүмкіндіктері туралы түсіндіру іс-шаралары өткізіледі, осы тақырыпқа баннерлер мен еден тіректері орнатылды.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет         
  • Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің

біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

          Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізіледі. Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлерді техникалық оқыту жүргізілді.

          Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізіледі.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2023 жылы мемлекеттік қызметтер желісі бойынша шағымдар түскен жоқ.

Атбасар ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімімен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша бақылау іс-шарасы өткізілді. Мониторинг барысында ұсыныстар берілді, олар орындалды.

  Сепе ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлері «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелерін» толықтай зердеп, жұмыста қолданады.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.

  Мемлекеттік қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бұдан әрі тиімділік, қанағаттануын арттыру мақсатында мынадай міндеттер қойылды:

  -мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын қатаң сақтау;

  -мемлекеттік қызметтерге шағымдануды бақылау (негізделген шағымдар бойынша шаралар қабылдау)

            -мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

 

 

Мемлекеттік қызметтер

көрсету мәселелері бойынша

2023 жылғы есебіне

қосымша

 

Сепе ауылдық округі бойынша

мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

 

Шағым беруші туралы мәліметтер

Шағы

ның мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау күні

Шағымды қарау қорытын

дысы бойынша құжаттың №

Қабыл

данған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

тер

1

2

3

4

5

6

7

-

-

-

-

-

-

-

 

Жүктеу

Дата публикации
28 февраля 2024
Дата обновления
28 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
Аудиоролики.
14 июля 2026
23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарының сайлауы өтеді
14 июля 2026
Тұрғылықты жерін ауыстырған кезде сайлаушы мыналарды ала алады

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы