Меню

Страницы

Статья

«Атбасар ауданының Мариновка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есеп

Жалпы ережелер

         1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер

«Атбасар ауданының Мариновка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

         2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

         Мариновка ауылдық округi  үш елдi мекенден тұрады:  Мариновка  ауылы, Бейіс Хазiрет ауылы, Адыр станциясы. Ережеге сәйкес коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң (бұданәрi- КММ) «Атбасар ауданының Мариновка ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» 2018ж. 08.01 Атбасар ауданының әдiлет Басқармасында қайта тiркеуден өткен, мiндеттерiнiң бiрi мемлекеттiк орган қызметтердi көрсету болып табылады.

         Мариновка ауылдық округі әкімінің аппараты 2023 жылы 6 түр бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді:

- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;

- «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»;

- «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі  

    жер учаскелеріне құқықтарды алу»;

- «Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату»;

- «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»;

- «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту»;

        Мариновка ауылдық округі әкімінің аппараты 2023 жылы 23 мемлекеттік қызмет көрсетті. Соның ішінде:

  1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 1,
  2. «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі

    жер учаскелеріне құқықтарды алу» – 8,

  1. «Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату» – 2,
  2. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» – 11,
  3. «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» – 1,

        2023 жылы Мариновка ауылдық округі әкімінің аппаратында бас тартулар болған жоқ.

        3) Ең танымал мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

  1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру».
  2. «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі

    жер учаскелеріне құқықтарды алу».

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

        1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

       Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Мариновка ауылдық округі әкімінің аппарат ақпараттық стендінде және Facebook әлеуметтік желісінің ресми беттерінде орналастырылған.

 

        2) Мариновка ауылдық округі әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді «E.gov», компьютермен, сканермен, принтермен, веб-камерамен, картридермен жабдықталған, халықтың электрондық мемлекеттік қызметтерін алу үшін. 2023 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының қызметтерін 287 қызмет алушы пайдаланған.

        Мариновка ауылдық округі әкімінің аппаратының Facebook әлеуметтік ресми парақшасында «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі, мерзімдері мен орнын түсіндіру бойынша - 1 тікелей эфир және 84 мақала жарияланды.

         Мемлекеттік қызметтерді алуға қолжетімділік үшін «Мариновка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-де пандустар мен маманды шақыру түймесі орнатылған.

         Мариновка ауылдық округінде «Цифрлық құжаттарға әрқашан қолында» - 2 баннер орнатылды.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

      1) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

      Қызметкерлердің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы біліктілігін арттыруға  бағытталған  іс-шаралар жүргізілуде. Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлерге техникалық оқыту жүргізілді, басшы мен бас маман оқытылды. 2024 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында оқыту жоспарлануда.

       2023 жылғы  есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызметшілердің әрекеттеріне шағымдар түскен жоқ.

    

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

      1) Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша Мариновка әкiм аппаратына қызмет алушылар тарапынан 2023 жыл шағымдард түскен жоқ.

      2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

       Атбасар ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді көрсету және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау бойынша 1 бақылау іс-шарасы өткізіліп, мониторинг барысында 1 ұсыныс беріліп, актіде көрсетілген ұсыныс орындалды.

       

  1.    Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

      Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттануын одан әрі тиімді ету және арттыру мақсатында «Атбасар ауданының Мариновка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ алдына мынадай міндеттер қойылды:

- мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау;

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдарды бақылау (негізделген шағымдар бойынша шара қолдану);

- мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стендтерді жаңарту, әлеуметтік желілердің беттерінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы мақалаларды уақтылы жариялау;

- «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметті алушыларды ақпараттандыру және танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу;

- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

 

Мемлекеттік қызметтер
көрсету мәселелері бойынша
2023 жылғы есебіне
қосымша

 

«Атбасар ауданының Мариновка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ

бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

 

Шағым беруші туралы мәліметтер

Шағым
ның мәні 

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау күні

Шағымды қарау қорытын
дысы бойынша құжаттың № 

Қабыл
данған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет
тер

1

2

3

4

5

6

7

-

-

-

-

-

-

-

 

Жүктеу

Дата публикации
28 февраля 2024
Дата обновления
28 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
Аудиоролики.
14 июля 2026
23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарының сайлауы өтеді
14 июля 2026
Тұрғылықты жерін ауыстырған кезде сайлаушы мыналарды ала алады

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы