1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер
Жергілікті атқарушы орган қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін беретін жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын басшылыққа алады.
- 2023 жылы Атбасар ауданы Бастау ауылдық округі әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметтің 6 түрі тегін көрсетілді;
-«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны - 6 қызмет;
- Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны-2.
-Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны-0.
2022 жылмен салыстырғанда «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің ұлғаюы байқалады.
3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
- «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу-5 кызмет
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Instagram, Facebook әлеуметтік желісінің ресми парақшаларында, ауылдық округ әкімдігінің ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат орналастырылған.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
Бастау ауылдық округінде мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің, сондай-ақ азаматтарды қабылдау жөніндегі маманның жұмысы ұйымдастырылған сервистік әкімдік жұмыс істейді.
Электрондық мемлекеттік қызметтерді халықтың өз бетінше алуы және ыңғайлы болуы үшін «сервистік әкімдік» үй-жайында барлық қажетті «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ұйымдастырылып, жабдықталды.
Сондай-ақ мектептерде халықтың электрондық мемлекеттік қызметтерін алу үшін компьютермен, сканермен, принтермен, веб-камерамен, картридермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бар.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары орналастырылған стендтер жабдықталған.
Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінің беттерінде «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу, Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі, мерзімдері мен орнын түсіндіру бойынша 46 мақала жарияланды.
Халықты электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді алуға тарту мақсатында тұрақты негізде «цифрлық құжаттар әрқашан қолында» порталының мүмкіндіктері туралы түсіндіру іс-шаралары жүргізіледі, осы тақырыпқа баннер мен еден тіректері орнатылды, осы бағытта жұмыс жалғасуда. Сондай-ақ, ауылдық округ әкімінің аппаратында «Егер сізге Мемлекеттік қызмет сапасыз көрсетілсе»2 ролл апа орнатылды.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, мемлекеттік қызметшілер мен басқа да тұлғалардың біліктілігін арттырудың 2023 жылға арналған кестесіне сәйкес «Бірінші кезекте халық: мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбында бас маман оқу курсын аяқтады.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізіледі. Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлерге техникалық оқыту жүргізілді, 2 қызметкер оқытудан өтті. Есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі іс-әрекеттеріне шағымдану болған жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізіледі.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2023 жылы мемлекеттік қызметтер желісі бойынша шағымдар жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.
2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижелерінің есебіне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуде бұзушылықтар анықталған жоқ. Көрсетілетін қызметті берушілер арасында ZOOM арқылы өткізілген кеңес 2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізудің жария етілген есебі зерделеніп, жұмыста қолданылатын болады.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттануын арттыру мақсатында 2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары, 2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді. Ауылдық округ әкімі аппаратының алдына мынадай міндеттер қойылды:
- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
- мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стенділерді жаңарту, Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын ресми интернет-ресурста уақтылы орналастыру, әлеуметтік желілер беттерінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы мақалаларды жариялау;
- «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметті алушыларды ақпараттандыру және танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
Мемлекеттік қызметтер
көрсету мәселелері бойынша
2023 жылғы есебіне
қосымша
Көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
«Атбасар ауданы Бастау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
|
Шағым беруші туралы мәліметтер |
Шағы ның мәні |
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қарау күні |
Шағымды қарау қорытын дысы бойынша құжаттың № |
Қабыл данған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет тер |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |