Меню

Страницы

Статья

2023 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Атбасар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ қызметі туралы ЕСЕП

  1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:

«Атбасар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

2) Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Бөліммен мемлекеттік қызметтің 5 түрі көрсетіледі.

  1. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру (бұдан әрі – куәліктер беру);
  2. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру (бұдан әрі – техниканы тіркеу);
  3. Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру (бұдан әрі – кепілді тіркеу);
  4. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу (бұдан әрі – жыл сайынғы техникалық байқау);
  5. Ауыл шаруашылығы техникасы туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету).

 

Негізделген  және негізсіз бас тартулар болған жоқ, шағым түскен жоқ.

3) Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

  1. «Техниканы тіркеу» - 418 мемлекеттік қызмет.
  2. «Жыл сайынғы техникалық байқау» - 93 мемлекеттік қызмет.

 

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Мемлекеттік қызметтер «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және/немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, қағаз түрінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетіледі.

2023 жылы бөлім Мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін түсіндіру бойынша 2 Тікелей эфир өткізді. Бөлімнің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында Мемлекеттік және орыс тілдерінде 15 жарияланым орналастырылған, аудандық «Простор Атбасар» газетінде 1 жарияланым орналастырылған, мемлекеттік қызмет көрсету ережелері туралы жарияланымдар мерзімді түрде шығады.

Тельман ауылдық округінің тұрғындарымен ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көшпелі кездесу өткізілді.

Бөлімнің кабинетінде ҚР «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңы, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары, қажетті құжаттар тізбесі, бөлімнің жұмыс кестелері орналасқан ақпараттық стендтер орналастырылған.

Сауалнама жүргізу арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің уақытылығы мен сапасын анықтау бойынша мониторинг жүргізіледі.

2023 жылы барлығы 676 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

куәліктер беру – 89 қызмет;

техниканы тіркеу – 418 қызмет;

кепілді тіркеу – 76 қызмет;

жыл сайынғы техникалық байқау – 93 қызмет;

Негізделген  және негізсіз бас тартулар болған жоқ, шағым түскен жоқ.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыру бойынша мамандарды оқыту персоналды басқару қызметі жасаған оқыту кестесіне сәйкес жоспарланған.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізіледі.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

2023 жылы мемлекеттік қызметтер желісі бойынша шағымдар жоқ.

2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижелерінің есебіне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуде бұзушылықтар анықталған жоқ.

 

5.Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттануын арттыру мақсатында келесі міндеттер қойылды.

-   Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңнаманың талаптарын қатаң сақтау

-     Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

- Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: ақпараттық стенділерді жаңарту, Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын ауданның ресми интернет-ресурсында уақтылы орналастыру, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мақалаларды аудандық газетте, әлеуметтік желілер беттерінде жариялау;

- «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметті алушыларды ақпараттандыру және танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу;

- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

Косымша 1 пырақта.

 

 

«Атбасар ауданының кәсіпкерлік және

ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ

басшысы                                                                                              С. Жаманбаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орынд.: Ә. Ибраев

Тел.: 2-67-57

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер

көрсету мәселелері бойынша

2023 жылғы есебіне

қосымша 1

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

 

Шағым беруші туралы мәліметтер

Шағы

ның мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау күні

Шағымды қарау қорытын

дысы бойынша құжаттың №

Қабыл

данған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

тер

1

2

3

4

5

6

7

2023 жылғы есеп

 

Дата публикации
28 февраля 2024
Дата обновления
28 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
Аудиоролики.
14 июля 2026
23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарының сайлауы өтеді
14 июля 2026
Тұрғылықты жерін ауыстырған кезде сайлаушы мыналарды ала алады

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы