1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:
«Атбасар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыс жүргізілуде.
2) Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Бөліммен мемлекеттік қызметтің 5 түрі көрсетіледі.
Негізделген және негізсіз бас тартулар болған жоқ, шағым түскен жоқ.
3) Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
Мемлекеттік қызметтер ХҚКО, «электрондық үкімет» веб-порталыарқылы жүзеге асырылады.
2022 жылы бөлім «Атбасар ауданы әкімі аппаратының» Instagram парақшасында Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесіне қатысты, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын түсіндіру бойынша 1 Тікелей эфир өткізілді. Бөлімнің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында мемлекеттік және орыс тілдерінде 7 жарияланым орналастырылған, аудандық "Простор Атбасар" газетінде 1 жарияланым орналастырылған, мемлекеттік қызмет көрсету ережелері туралы жарияланымдар мерзімді түрде шығады.
Бөлім бөлмесінде ақпараттық стендтер орналастырылған, онда бөлімнің жұмыс кестесі, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, қажетті құжаттар тізбесі, ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңы орналастырылған.
Сауалнама жүргізу арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің уақытылығы мен сапасын анықтау бойынша мониторинг жүргізіледі.
2022 жылы барлығы 626 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
куәліктер беру – 102 қызмет;
техниканы тіркеу – 374 қызмет;
кепілді тіркеу – 70 қызмет;
жыл сайынғы техникалық байқау – 80 қызмет;
Негізделген және негізсіз бас тартулар болған жоқ, шағым түскен жоқ.
Бөлім мамандары мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыру бойынша оқудан өтті, 2023 жылға бөлім мамандары оқыту жоспарланған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізіледі.
2022 жылы мемлекеттік қызметтер желісі бойынша шағымдар жоқ.
2022 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижелерінің есебіне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуде бұзушылықтар анықталған жоқ.
5.Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттануын арттыру мақсатында келесі міндеттер қойылды.
- Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
- Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: ақпараттық стенділерді жаңарту, Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын ауданның ресми интернет-ресурсында уақтылы орналастыру, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мақалаларды аудандық газетте, әлеуметтік желілер беттерінде жариялау;
- «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметті алушыларды ақпараттандыру және танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу;
- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
Косымша 1 пырақта.
«Атбасар ауданының кәсіпкерлік және
ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ
басшысы С. Жаманбаев
Мемлекеттік қызметтер
көрсету мәселелері бойынша
2022 жылғы есебіне
қосымша 1
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат
|
Шағым беруші туралы мәліметтер |
Шағы ның мәні |
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қарау күні |
Шағымды қарау қорытын дысы бойынша құжаттың № |
Қабыл данған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет тер |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
|
|
|
|
|
|
|