Меню

Страницы

Статья

Атбасар ауданы Бастау ауылдық округі әкімдігінің 2022 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

  1. Жалпы ережелер

1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер

Жергілікті атқарушы орган қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін беретін жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын басшылыққа алады.

- 2022 жылы Атбасар ауданы Бастау ауылдық округі әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметтің 6 түрі тегін көрсетілді;

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер -2 қызмет көрсетілді;

- Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны-2.

-Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны-0.

2021 жылмен салыстырғанда «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің ұлғаюы байқалады.

3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу-2 кызмет

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Instagram, Facebook әлеуметтік желісінің ресми парақшаларында, ауылдық округ әкімдігінің ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат орналастырылған .

2) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

Бастау ауылдық округінде мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің, сондай-ақ азаматтарды қабылдау жөніндегі маманның жұмысы ұйымдастырылған сервистік әкімдік жұмыс істейді.

Электрондық мемлекеттік қызметтерді халықтың өз бетінше алуы және ыңғайлы болуы үшін «сервистік әкімдік» үй-жайында барлық қажетті «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ұйымдастырылып, жабдықталды.

Сондай-ақ мектептерде халықтың электрондық мемлекеттік қызметтерін алу үшін компьютермен, сканермен, принтермен, веб-камерамен, картридермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бар.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары орналастырылған стендтер жабдықталған.

Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінің беттерінде «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу, Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі, мерзімдері мен орнын түсіндіру бойынша 48 мақала жарияланды.

Халықты электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді алуға тарту мақсатында тұрақты негізде «цифрлық құжаттар әрқашан қолында» порталының мүмкіндіктері туралы түсіндіру іс-шаралары жүргізіледі, осы тақырыпқа баннер мен еден тіректері орнатылды, осы бағытта жұмыс жалғасуда. Сондай-ақ, ауылдық округ әкімінің аппаратында «Егер сізге Мемлекеттік қызмет сапасыз көрсетілсе»2 ролл апа орнатылды.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізіледі. Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлерге техникалық оқыту жүргізілді, 2 қызметкер оқытудан өтті. Есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі іс-әрекеттеріне шағымдану болған жоқ.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізіледі.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2022 жылы мемлекеттік қызметтер желісі бойынша шағымдар жоқ.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

2022 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижелерінің есебіне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуде бұзушылықтар анықталған жоқ. Көрсетілетін қызметті берушілер арасында ZOOM арқылы өткізілген кеңес 2022 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізудің жария етілген есебі зерделеніп, жұмыста қолданылатын болады.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттануын арттыру мақсатында 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары, 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді. Ауылдық округ әкімі аппаратының алдына мынадай міндеттер қойылды:

- Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

- мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стенділерді жаңарту, Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын ресми интернет-ресурста уақтылы орналастыру, әлеуметтік желілер беттерінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы мақалаларды жариялау;

- «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметті алушыларды ақпараттандыру және танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу;

- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

Бастау ауылдық округінің әкімі

Атбасар ауданы                                                                             А. Қайыржан

 

 

Мемлекеттік қызметтер

көрсету мәселелері бойынша

2022 жылғыесебіне

қосымша

 

Көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша

«Атбасар ауданы Бастау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

 

Шағым беруші туралы мәліметтер

Шағы

ның мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау күні

Шағымды қарау қорытын

дысы бойынша құжаттың №

Қабыл

данған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

тер

1

2

3

4

5

6

7

-

-

-

-

-

-

-

 

 

Дата публикации
28 февраля 2023
Дата обновления
28 февраля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
Аудиоролики.
14 июля 2026
23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарының сайлауы өтеді
14 июля 2026
Тұрғылықты жерін ауыстырған кезде сайлаушы мыналарды ала алады

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы