2021 жылғы 01 қазанда Атбасар ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген «Атбасар ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ туралы Ережеге сәйкес мемлекеттік органның міндеттерінің бірі халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.
Бөлім 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
- «Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту»;
- «Жер учаскелерінің бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігін анықтау»;
- «Бұзылған жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру»;
- «Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну»;
- «Эскизді (эскиздік жобаны) келісу»;
- «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру».
2022 жылдың кезеңінде барлығы 768 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 34 мемлекеттік қызметке (2021 жылы - 734 қызмет) артық, оның ішінде:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы: 299 мемлекеттік қызмет көрсетілді;
электрондық үкімет порталы арқылы электрондық нысанда: 468 мемлекеттік қызмет көрсетілді;
қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз нысанда: 1 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Есепті кезеңде барлығы келесі мемлекеттік қызметтер бойынша 2 дәлелді бас тарту берілді:
1 бас тарту – «Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну»
1 бас тарту – «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту»
Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
«Атбасар ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтер көрсетуді «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары», азақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидалары», Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 168 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидалары» сәйкес жүзеге асырады.
Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
Бөлімде Мемлекеттік қызметтер көрсету ережелері, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылаудың телефон нөмірлері белгіленген стенд ресімделді, ғимараттың бірінші қабатында сервистік әкімдіктег «халық үніне құлақ асатын мемлекет» жобасы шеңберінде жер қатынастары және сәулет және қала құрылысы саласында 2 маман бар, басшының кабинеті де ғимараттың бірінші қабатында орналасқан. Жыл сайын әлеуметтік желілерде және Атбасар ауданы әкімінің ресми сайтында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бөлімнің қызметі туралы есеп жарияланады.
2022 жылы әлеуметтік желілерде 18 мақала жарияланды, 5 тікелей эфир өткізілді, аудандық «Атбасар Простор» газетінде 2 мақала жарияланды.
Атбасар ауданы әкімінің ресми сайтында 2021 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есеп жарияланды.
Ақмола облысы бойынша Азаматтарға арналған үкімет МК КЕАҚ филиалы Атбасар ауданының Халыққа қызмет көрсету бөлімінің мамандарымен дөңгелек үстел өткізілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша 2022 жылы көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
Бөлім мамандары мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыру бойынша оқудан өтті, 2023 жылға бөлім басшысын оқыту жоспарланған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізіледі.
2022 жылы мемлекеттік қызметтер желісі бойынша шағымдар жоқ.
2022 жылы «Атбасар ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі» мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша іс-шара өткізді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ. 1 ұсыныс әзірленді, ұсыныс орындалды.
2022 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижелерінің есебіне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуде бұзушылықтар анықталған жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттануын арттыру мақсатында келесі міндеттер қойылды:
- Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
- Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: ақпараттық стенділерді жаңарту, Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын ауданның ресми интернет-ресурсында уақтылы орналастыру, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мақалаларды аудандық газетте, әлеуметтік желілер беттерінде жариялау;
- «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметті алушыларды ақпараттандыру және танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу;
- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
«Атбасар ауданының жер
қатынастары, сәулет және
қала құрылысы бөлімі»
ММ басшысы Ш.Нұртазин
Мемлекеттік қызметтер
көрсету мәселелері бойынша
2022 жылғы есебіне
қосымша
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат
|
Шағым беруші туралы мәліметтер |
Шағы ның мәні |
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қарау күні |
Шағымды қарау қорытын дысы бойынша құжаттың № |
Қабыл данған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет тер |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |