1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер
Ауданның жергілікті атқарушы органдары қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Мариновка ауылдық округi үш елдi мекенден тұрады: Мариновка ауылы, Бейіс Хазiрет ауылы, Адыр станциясы. Ережеге сәйкес коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң (бұданәрi- КММ) «Атбасар ауданының Мариновка ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» 2013ж. 14.11 Атбасар ауданының әдiлет Басқармасында қайта тiркеуден өткен, мiндеттерiнiң бiрi мемлекеттiк орган қызметтердi көрсету болып табылады.
Мариновка ауылдық округі әкімінің аппараты 2022 жылы 6 түр мемлекеттік қызмет көрсетті:
- «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру»
- «Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру»
- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін
мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»
- «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»
- «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»;
- « Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту»;
Мариновка ауылдық округі әкімінің аппараты 2022 жылы 21 мемлекеттік қызмет көрсетті. Соның ішінде:
- «Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру» - 1
- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін
мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» - 5
- «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»- 15
Мариновка ауылдық округі әкімі аппаратында 2022 бас тарту болған жоқ.
3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін
мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»
- «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Мариновка ауылдық округі әкімінің аппарат ақпараттық стендінде және Facebook әлеуметтік желісінің ресми беттерінде орналастырылған.
Мариновка ауылдық округі әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді «E.gov», компьютермен, сканермен, принтермен, веб-камерамен, картридермен жабдықталған, халықтың электрондық мемлекеттік қызметтерін алу үшін. 2022 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының қызметтерін 170 қызмет алушы пайдаланған.
Мариновка ауылдық округі әкімінің аппаратының Facebook әлеуметтік ресми парақшасында «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі, мерзімдері мен орнын түсіндіру бойынша 68 мақала жарияланды.
Мемлекеттік қызметтерді алуға қолжетімділік үшін «Мариновка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-де пандустар мен маманды шақыру түймесі орнатылған.
Мариновка ауылдық округінде «Цифрлық құжаттарға әрқашан қолында» баннері орнатылды.
2022 жылдың тамыз айында Мариновка ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша техникалық оқытудан өтті.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызметшілердің әрекеттеріне шағымдар түскен жоқ.
1) Бөлім Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізді, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша ZOOM бейнеконференциясы өткізілді, Маринов ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкері ZOOM бейнеконференциясына қатысты.
Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша Мариновка әкiм аппаратына қызмет алушылар тарапынан 2022 жылы шағымдарды түскен жоқ.
Бұдан әрі тиімділік және көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында мынадай міндеттер қойылды:
- Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
-Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стенділерді жаңарту, округтің ресми интернет-ресурсында Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын уақтылы орналастыру.
Мариновка ауылдық
округінің әкімі Ж.Калиев