Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметі туралы есебі

  1. Жалпы ереже

Атбасар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 тамыздағы қаулысымен бекітілген «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ туралы Ережеге сәйкес мемлекеттік органның міндеттерінің бірі халыққа мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.

Бөлім мемлекеттік қызметтің 24 түрін көрсетеді:

- «Еңбек мигранттарына рұқсат беру және ұзарту»;

- «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»;

- «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін тағайындау»;

- «Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»;

- «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру»

- «Оңалтылған адамға куәлік беру»

- «Мүгедек адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

- «Мүгедек адамдарды техникалық - көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

- «Жүріп-тұруында қиындықтары бар бірінші топтағы мүгедек адамдардың жеке көмекшісінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

- "Мүгедектігі бар адамдарды есту қабілеті нашар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу";

- "Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу";

- "Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу";

- "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу";

- "Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат беру";

- "Тұрғын үй көмегін тағайындау";

- "Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу";

- "Өлімді тіркеу оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу";

- «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру»;

- «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер, анықтамалар беру»;

- «Азаматтық хал актілері жазбаларының күшін жою»;

- «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;

- «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;

- «Баланың тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»;

Барлығы 2022 жылы 4253 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 296 мемлекеттік қызметке (2021 жылы 4549 қызмет) аз, оның ішінде:

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы 1715 Мемлекеттік қызмет көрсетілді;

электрондық үкімет порталы арқылы электрондық нысанда 2078 Мемлекеттік қызмет көрсетілді;

460 қызмет - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз нысанда көрсетілген.

Есепті кезеңде келесі мемлекеттік қызметтер бойынша барлығы 94 дәлелді бас тарту берілді:

82 бас тарту - "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау";

12 бас тарту - "Еңбек мигранттарына рұқсат беру және ұзарту".

Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №84 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына,  "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 539 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі ереже, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен бекітілген" мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидалары", Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 26 бұйрығымен бекітілген "Мүгедек адамдарды абилитациялау мен оңалтудың кейбір мәселелері туралы» бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырады.

Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

  1. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» - 475 мемлекеттік қызметі.
  2. «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» - 304 мемлекеттік қызметі.
  3. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Бөлімде Мемлекеттік қызмет көрсету ережелері, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мемлекеттік бақылаудың телефон нөмірлері белгіленген стенд ресімделді, бөлім басшысының бөлмесі ғимараттың бірінші қабатында орналасқан.

2022 жылы әлеуметтік желілерде 222 жарияланым орналастырылды, 6 тікелей эфир өткізілді.

Атбасар ауданы әкімінің ресми сайтында 2021 жылғы Мемлекеттік қызметті көрсету саласындағы қызметі туралы есебі жарияланды.

Ақмола облысы бойынша Азаматтарға арналған үкімет МК КЕАҚ филиалы Атбасар ауданының Халыққа қызмет көрсету бөлімінің мамандарымен дөңгелек үстел өткізілді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша 2022 жылы көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру

жөніндегі қызметі

2023 жылы бөлім басшысы мен мамандарының біліктіліктерін арттыру мақсатында оқыту жоспарланған.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
  2. 2022 жылы қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағын түскен жоқ.
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг. Бөлімге жеткізілген қоғамдық мониторингтің нәтижесі зерделеніп, заң бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарында қолданылатын болады.
  4. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттануын арттыру мақсатында 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары, 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді. Бөлім алдына мынадай міндеттер қойылды:

- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

- мемлекеттік қызметтерге шағымдануды бақылау (негізделген шағымдар бойынша шаралар қабылдау);

- мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стенділерді жаңарту, Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын ауданның ресми интернет-ресурсында уақтылы орналастыру, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мақалаларды аудандық газетте, әлеуметтік желілер беттерінде жариялау;

- "электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметті алушыларды ақпараттандыру және танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу;

- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

            Бөлім басшысы                                                Н.Райле     

 

 

Дата публикации
28 февраля 2023
Дата обновления
28 февраля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
Аудиоролики.
14 июля 2026
23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарының сайлауы өтеді
14 июля 2026
Тұрғылықты жерін ауыстырған кезде сайлаушы мыналарды ала алады

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы