Меню

Страницы

Статья

«Атбасар ауданының Сепе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

  1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер.

Ауылдық округ қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін беретін жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

Мемлекеттік қызметтерді "Атбасар ауданының Сепе ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ көрсетеді.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

          Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген "Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Қазақстан Республикасының Заңын және бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын басшылыққа алады.

Атбасар ауданының Сепе ауылдық округі әкімінің аппараты  жер қатынастар саласында   мемлекеттік қызметтердің 6 түрін  көрсетеді:

  1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру", «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, тегін негізде,көрсету нысаны электрондық (13 жұмыс күні);
  2. «Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру», «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, ақылы негізде, көрсету нысаны электрондық, екі кезеңмен(1кезең -28 жұмыс күні,2кезең- 18 жұмыс күні);
  3. «Сауда саттықты(конкурстарды,аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу», «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, тегін негізде,көрсету нысаны электрондық, екі кезеңмен(1кезең -12 жұмыс күні,2кезең- 3 жұмыс күні);
  4. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату», «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, тегін негізде,көрсету нысаны электрондық немесе қағаз түрінде(5 жұмыс күні);
  5. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, тегін негізде,көрсету нысаны электрондық немесе қағаз түрінде(12 жұмыс күні);
  6. «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту»,көрсетілетін қызметті берушілердің кеңсесі арқылы,тегін негізде, көрсету нысаны қағаз түрінде(3-5 жұмыс күні);

          3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

    - "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» –  2;

  - "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" -  1;

  - "Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту" - 3.

 

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

          1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

          Ауылдық округінің әкімдік ғимаратының ақпараттық стендтерінде және Instagram, Facebook әлеуметтік желісінің ресми парақшаларында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат орналастырылған.

          2) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

          Ауылдық округ әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің, сондай-ақ азаматтарды қабылдау жөніндегі маманның жұмысы ұйымдастырылды.

          Тұрғындарға ынғайлы болу және электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу үшін ауылдық округта компьютермен,сканермен,принтермен,веб-камерамен,картридермен жабдықталған «Өзіне –өзі қызмет көрсету» бұрышы ұйымдастырылды. «Egov.kz» бұрышы арқылы ұсынылған мемлекеттік қызметтерді тіркеу журналы жүргізіледі. 2022жылы округ тұрғындары -301 қызмет алды(Қазақстан Республикасы халқының тұрғылықты жері бойынша тіркелу; медициналық ұйымға тіркелу;ЭЦК қашықтан алу және т.б.)

         Атбасар ауданы әкімінің сайтында мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жыл сайын «Атбасар ауданының Сепе ауылдық округі әкімінің аппараты»ММ қызметі туралы есеп жарияланады.

          Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінің беттерінде  «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі, мерзімдері мен орнын түсіндіру бойынша 144 мақала жарияланды.

          Халықты электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді алуға тарту мақсатында тұрақты негізде «Цифрлық құжаттар әрқашан қолында» порталының мүмкіндіктері туралы түсіндіру іс-шаралары жүргізіледі, осы тақырыпқа баннер орнатылды. Сондай-ақ, «Егер сізге Мемлекеттік қызмет сапасыз көрсетілсе» -2 ролл апа орнатылды.

           «Атбасар ауданы әкімінің ресми сайтында көрсетілетін қызметті алушылар арасында электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді алу туралы жаппай сауалнама жүргізілді.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

          1) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

         Ағымдағы жылдың тамыз айында әкім және әкім аппартының бас маманы мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлерді техникалық оқытуға қатысты.

         Есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі іс-әрекеттеріне шағымдану болған жоқ.

         2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізіледі.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

          2022 жылы мемлекеттік қызметтер желісі бойынша шағымдар жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

       Атбасар ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша бақылау іс-шараларын жүргізеді.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

2022 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижелерінің есебіне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуде бұзушылықтар анықталған жоқ. Әкім және маман мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингін зерделеді.  Сондай-ақ,2022жылы Атбасар ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі қызмет берушілер арасында ZOOM арқылы кеңес өткізді.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қызметтердің қолжетімділігі үшін ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратына кіру пандуспен жабдықталған,шақыру түймесі орнатылған,ғимаратта тактильді жолақтар орнатылған.

Бұдан әрі тиімділік және көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру мақсатында мынадай бағыттар бойынша жұмыс жүргізілуде:

-  мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

- мемлекеттік қызметтерге шағымдануды бақылау (негізделген шағымдар бойынша шаралар қабылдау);

- мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: ақпараттық стендтерді жаңарту, мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын уақтылы орналастыру, аудандық газетте, әлеуметтік желілер беттерінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мақалаларды жариялау.

Атбасар ауданының

Сепе ауылдық окургінің әкімі                                       М. Тасымов

 

 

Мемлекеттік қызметтер

көрсету мәселелері бойынша

2022 жылғыесебіне

қосымша

 

Атбасар ауданының Сепе ауылдық окугі бойынша

мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

 

Шағым беруші туралы мәліметтер

Шағы

ның мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау күні

Шағымды қарау қорытын

дысы бойынша құжаттың №

Қабыл

данған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

тер

1

2

3

4

5

6

7

-

-

-

-

-

-

-

 

 

Дата публикации
28 февраля 2023
Дата обновления
28 февраля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
Аудиоролики.
14 июля 2026
23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарының сайлауы өтеді
14 июля 2026
Тұрғылықты жерін ауыстырған кезде сайлаушы мыналарды ала алады

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы