1) көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер
«Атбасар ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Бөлім) негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ұсынатын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.
Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Бөлім Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын басшылыққа алады.
-2022 жылы Бөлім Мемлекеттік қызметтің 1 түрін тегін негізде көрсетті;
-Мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы және ЭҮП электронды түрде көрсетілді;
-Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны – 1.
2022 жылы бөліммен 9 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде ХҚКО арқылы 6 қызмет көрсетілді, «Электрондық үкімет» порталы арқылы 3 қызмет көрсетілді, тікелей мемлекеттік органда қызмет көрсетілмеді.
Көтерме жәрдемақы білім беру саласының 4 маманына және 2 мемлекеттік қызметшіге жалпы сомасы 1 837,8 мың теңгеге берілді. 1 денсаулық сақтау маманы жұмыстан босатылуына байланысты көтерме жәрдемақы алуға өтінішін қайтарып алды.
Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттер білім беру саласының 1 маманына және 1 ветеринариялық дәрігерге жалпы сомасы 8 885,5 мың теңгеге берілді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны – 2, оның ішінде 2 (электрондық), қағаз түрінде бас тарту болған жоқ.
2021 жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметтердің ұлғаюы, әсіресе «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің өсуі байқалады.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Бөлімнің ақпараттық стендінде, Атбасар ауданы әкімінің сайтында, Бөлімнің Instagram әлеуметтік желісінің ресми беттерінде орналастырылған.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында Бөлім Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары орналастырылған стендпен жабдықталған.
Сондай-ақ, Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» Бөлімі жұмыс істейді, онда мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған.
2022 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар өткізілді:
1) Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсында www.gov.kz:
-Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндірме сипаттағы мақала орналастырылды;
-2022 жылға арналған көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға және бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын көрсету үшін Атбасар ауданының ауылдық елді мекендері бойынша денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының және мемлекеттік қызметшілерге сұранысқа ие мамандықтар тізбесі орналастырылды және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамға мәлімет үшін ұсынылды;
2) INSTAGRAM әлеуметтік желісінде:
-Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндірме сипаттағы мақала орналастырылды;
3) «Простор Атбасар» аудандық қоғамдық-саяси газетінде мемлекеттік және орыс тілдерінде түсіндірме сипаттағы 2 мақала жарияланды.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
2022 жылдың қыркүйегінен бастап мемлекеттік қызметтер «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілді.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Есепті кезеңде бөлім басшысы және бас маман техникалық оқудан өтті. Бөлім басшысының және мемлекеттік қызмет көрсететін бас маманның біліктілігін арттыру курстарынан өту 2023 жылға арналған кестеге сәйкес жоспарланған.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі іс-әрекеттеріне шағымдану болған жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізіледі.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2022 жылы Мемлекеттік қызмет желісі бойынша шағымдар жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Атбасар ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімімен «Атбасар ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша бақылау іс-шарасы өткізілді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.
2022 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижелерінің есебіне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуде бұзушылықтар анықталған жоқ. Бұл қоғамдық мониторинг зерделеніп, бұзушылықтардың алдын алу үшін жұмыста пайдаланылатын болады. Қызмет берушілер арасында ZOOM арқылы кеңеске қатысу.
2023 жылға арналған халықтың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарына, 2023 жылға арналған ҚР Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру мақсатында бөлімнің алдына мынадай міндеттер қойылды:
-мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
-мемлекеттік қызметтерге шағымдануды бақылау (негізделген шағымдар бойынша шаралар қабылдау);
-мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стенділерді жаңарту, мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын ауданның ресми интернет-ресурсында уақтылы орналастыру, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мақалаларды аудандық газетте, әлеуметтік желілер беттерінде жариялау;
-«Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметті алушыларды ақпараттандыру және танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу;
-мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
«Атбасар ауданының экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы Ш.Николайцева