1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер
Ауданның жергілікті атқарушы органдары қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын басшылыққа алады.
Ярославка ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді:
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»;
«Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»;
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»;
«Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру»;
«Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту».
2022 жылы «Атбасар ауданы Ярославка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ 7 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде «электрондық үкімет» порталы арқылы 6 қызмет көрсетілді, тікелей мемлекеттік органда 1 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны – 0.
2021 жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметтердің ұлғаюы, әсіресе «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің өсуі байқалады.
|
№ |
Атауы |
Мемлекеттік қызметтер саны |
көрсетілген қызметтер |
|
1. |
Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласында |
6 |
7 |
3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Ярославка ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратындағы ақпараттық стендтерде, Facebook әлеуметтік желісінің ресми беттерінде орналастырылған.
Ярославка ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында компьютермен, принтермен, сканермен, веб-камерамен, картриждермен жабдықталған «Е-gov» өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. 2022 жылы өз-өзіне қызмет көрсету бұрышының қызметтерін 124 көрсетілетін қызметті алушы пайдаланды.
Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орта құру бойынша Ярославка ауылдық округінің әкімдігінде:
- тұтқасы бар сыртқы пандус;
- қоңырау түймесі;
- көру қабілеті нашар адамдарға арналған сары шеңбер;
- халықтың аз қозғалатын топтары үшін кедергісіз орта құруға арналған тактильді плиткалар.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған стенд ресімделді
"Е-gov" "цифрлық құжаттар әрқашан қолда" баннері жаңартылды, "Егер сізге мемлекеттік қызмет сапасыз көрсетілсе" деген екі тілде Роллаптар орнатылды.
Ярославка ауылдық округі әкімі аппаратының 2022 жылғы ресми парақшасында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 101 мақаласы жарияланды.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкер мемлекеттік қызмет көрсету саласында техникалық оқыту өтті.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі іс-әрекеттеріне шағымдану болған жоқ.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
Ярославка ауылдық округі әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2022 жылы көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
2) Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсетудің қоғамдық мониторингі жүргізілді. Қоғамдық мониторинг нәтижелері зерделенді және жұмыста қателерді болдырмау және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру үшін пайдаланылатын болады.
Бұдан әрі тиімділік және көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында мынадай міндеттер қойылды:
- Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
-Мемлекеттік қызметтерге шағымдануды бақылау (негізделген шағымдар бойынша шаралар қабылдау);
-Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стенділерді жаңарту, округтің ресми интернет-ресурсында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын уақтылы орналастыру.
- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
Ярославка ауылдық округінің әкімі Е. Исмағұлов
Мемлекеттік қызметтер
көрсету мәселелері бойынша
2022 жылғыесебіне
қосымша
«Атбасар ауданы Ярославка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат
|
Шағым беруші туралы мәліметтер |
Шағы ның мәні |
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қарау күні |
Шағымды қарау қорытын дысы бойынша құжаттың № |
Қабыл данған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет тер |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |