Меню

Страницы

Статья

2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Атбасар ауданының Сергеевка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметі туралы есеп

  1. Жалпы ережелер

         1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер

Ауданның жергілікті атқарушы органдары қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

          2) мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат

          Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын басшылыққа алады.

         Мемлекеттік мекеме 2022 жылы мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетті:

        -   «Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру»;

        -   «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;

        - «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»;

       -   «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»

       -    «Жер учаскесін алуға кезекке қою».

       -   «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту».

       2022 жылы Сергеевка ауылдық округі әкімінің аппаратымен 15 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:

        - «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» -1

       - «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» - 9

      - «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» - 3

      - «Жер учаскесін алуға кезекке қою» -2.

      «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» мемлекеттік қызметі көрсету  бойынша 20 дәлелді бас тарту шығарылды

2021 жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметтердің ұлғаюы байқалады.

          3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

         - «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу»

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

          1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

          Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат округтің ақпараттық стендінде,  әлеуметтік желісінің ресми беттерінде орналастырылған.

           Сергеевка ауылдық округі әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді халықтың электрондық мемлекеттік қызметтерін алу үшін «E.gov», компьютермен, сканермен, принтермен, веб-камерамен, картридермен жабдықталған. 2022 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының арқылы 184 электрондық қызмет көрсетілді.

             Әлеуметтік желісінің беттерінде «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі, мерзімдері мен орнын түсіндіру бойынша 89 мақала жарияланды.

             Мемлекеттік қызметтерді алуға қолжетімділік үшін «Сергеевка ауылдық округі әкімінің аппараты»  КММ-де пандустар мен маманды шақыру түймесі орнатылған.

            Сергеевка ауылдық округінің аумағында «Цифрлық құжаттар әрқашан қолында» баннері орнатылды, «Сергеевка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ ғимаратында «Егер сізге мемлекеттік қызмет сапасыз көрсетілсе» ролл-апп орнатылды.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

          Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкер мемлекеттік қызмет көрсету саласында техникалық оқыту мен біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі іс-әрекеттеріне шағым болған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

          1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

          Сергеевка ауылдық округі әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2022 жылы көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

          Бұдан әрі тиімділік және көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында мынадай міндеттер қойылды:

          - Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

          -Мемлекеттік қызметтерге шағымдануды бақылау (негізделген шағымдар бойынша шаралар қабылдау);

          -Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стенділерді жаңарту, округтің ресми интернет-ресурсында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын уақтылы орналастыру.

 Сергеевка ауылдық округінің әкімі                                  Қ. Қожахметов

 

 

Мемлекеттік қызметтер

көрсету мәселелері бойынша

2022 жылғыесебіне

қосымша

 

Атбасар ауданы Сергеевка ауылдық округі бойынша

мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

 

Шағым беруші туралы мәліметтер

Шағы

ның мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау күні

Шағымды қарау қорытын

дысы бойынша құжаттың №

Қабыл

данған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

тер

1

2

3

4

5

6

7

-

-

-

-

-

-

-

Дата публикации
28 февраля 2023
Дата обновления
28 февраля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 июля 2026
23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарының сайлауы өтеді
14 июля 2026
Тұрғылықты жерін ауыстырған кезде сайлаушы мыналарды ала алады
14 июля 2026
Сайлаушылар тізімі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы