«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс. Атбасар ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс жөнінде бөлімінің басшысы, «Е-3» санаты, 1 бірлік.

«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар  қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты eps.gov.kz арқылы жолданңанда файлдардың  максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)) «Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

Атбасар ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс жөнінде бөлімінің басшысы, «Е-3» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 354 069 теңгеден 406 714 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Азаматтық қорғаныс, аудандық азаматтық қорғау қызметтерін, аудандық төтенше жағдайлар және шақыру жөніндегі Комиссияны, оның ішінде азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің азаматтық қорғау қызметтерін құру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ эвакуациялық органдар құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында аудан экономикасын және мемлекеттік органдарды, ұйымдар мен кәсіпорындарды жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру. Азаматтық қорғау мен қорғаныстың аумақтық кіші жүйесі саласындағы қызметтердің іс-қимылдарын үйлестіру. Республикалық бюджеттерді дайындау және өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, облыстық және аудандық штабтық жаттығулар, азаматтық қорғау саласындағы оқу-жаттығулар. Ауданның авариялық және шұғыл қызметтерінің, азаматтық қорғау қызметтерінің ақпараттық өзара іс-қимылын ұйымдастыру. Төтенше жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ төтенше жағдайлардың зардаптарын жою және залалды азайту жөніндегі шараларды әзірлеу және қабылдау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру. Аварияларды, төтенше жағдайларды тергеуге қатысу. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарын ұйымдастыру. Аэроғарыш қызметі саласындағы қауіпсіздік жөніндегі іс-шараларды үйлестіру

Дата публикации
10 апреля 2026