«Атбасар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Атбасар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, ішкі саясат және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті атқарушы орган болып табылады.
  2. «Атбасар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволық ұйымдары бар:

1) Атбасар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) Атбасар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. «Атбасар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. «Атбасар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  3. «Атбасар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  4. «Атбасар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  5. «Атбасар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Атбасар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  6. «Атбасар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 020400, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 9.
  8. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы – «Атбасар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде – государственное учреждение «Отдел внутренней политики и развития языков Атбасарского района».
  9. Осы Ереже «Атбасар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  10. «Атбасар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.
  11. «Атбасар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік объектілерімен «Атбасар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Атбасар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.

 

  1. «Атбасар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы – ауданда қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, ауданда мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыру.
  2. Міндеттері:

- қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттің егемендігін нығайту, қоғамдық процестерді демократизациялау және қоғамды біріктіру бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

- мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға мемлекеттің ішкі саясатын, сондай-ақ бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ақмола облысы және Атбасар ауданы әкімдіктерінің актілері мен тапсырмаларын іске асыруда көмек көрсету;

- ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауларының, Ел бірлігі доктринасының негізгі басымдықтарын түсіндіру және насихаттау;

- мемлекеттік ішкі саясатты, Қазақстан Республикасының Ішкі саясат, қоғамдық-саяси сала мәселелері жөніндегі заңнамасын насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру жұмысын үйлестіру ;

- өңірде болып жатқан қоғамдық-саяси үдерістерді және олардың даму үрдістерін жан-жақты және объективті зерделеу, жинақтау және талдау;

- өңірлік деңгейде мемлекеттік жастар және ақпараттық саясатты іске асыру, оны өткізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіру;

- аймақтағы қоғамдық-саяси жағдайды болжауға бағытталған әлеуметтік және саяси зерттеулер жүргізу;

- қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық–саяси және діни ұйымдармен, жұртшылық өкілдерімен және үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимыл жасау;

- тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру;

- Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де міндеттер.

  1. Функциялар:

1) «Атбасар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

- жоғары тұрған бөлімшелермен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысты қамтамасыз ету;

- тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеуге қатысу, бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігі мен әкімінің актілерінің жобаларын дайындау және сараптамадан өткізу;

- өңір туралы ақпаратты тарату жүйесін, билік органдарының қоғамдық-саяси және экономикалық салалардағы қызметін жетілдіру бойынша әкімдік жұмысына қатысу;

- жергілікті қоғамдық-саяси, мәдени шараларды өткізуге саяси қолдау көрсету;

- ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттің ішкі саясаты мәселелері бойынша ақпараттық-насихат жұмыстарының қызметі мен барысын үйлестіру және бақылау;

- өңірдің  ішкі саяси өмірінің маңызды мәселелері бойынша әкімдік мәжілістеріне материалдар дайындауға қатысу;

- саяси партиялармен, діни, жастар және басқа да қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынасты жүзеге асыру;

- осы Ережеде  айқындалған мәселелер бойынша анықтамалық материалдарды дайындау және аудан әкіміне ұсыну;

- өңірдегі  бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру;

- мемлекеттік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру үшін газет-журнал, аудио-визуалды отандық және шетелдік ақпараттық өнімдерге талдау және мониторинг жүргізу;

- мемлекеттік рәміздер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және іске асырылуын бақылау;

- ауданы  аумағында бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

- өңірдегі  діни ахуалды зерделеу және талдау жұмыстарын жүргізу;

- ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;

- бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

- гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру;

- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 489-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау;

- мемлекеттік тілдің және басқа да тілдердің қызмет ету және қолдану аясын кеңейтуге жәрдемдесу;

- мемлекеттік мекемеге қарасты кәсіпорындар мен мекемелерде бухгалтерлік және жедел есептің жолға қойылуын бақылауды ұйымдастыру;

- мемлекеттік мекеменің қарауындағы мемлекеттік мүлікті қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, ведомстволық бағынысты кәсіпорындар мен мекемелердің материалдар, отын, электр энергиясын тұтыну нормаларының сақталуын қадағалау;

- азаматтарды тіл қағидаты бойынша кемсітушілікке жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

- маңдайшаны аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;

- Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар береді, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

2) Атбасар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары:

- жастарға арналған мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға ақпараттық қолдау көрсету;

- жастар мен жастар ұйымдарына құқықтық, консультациялық, әдістемелік көмек көрсету;

- жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, кәсіптік бағдар беру, жастар арасында волонтерлік қозғалыс пен кәсіпкерлікті белсендіру бойынша белсенді жұмыс жүргізу;

- жастардың рухани, мәдени және шығармашылық әлеуетін өзін-өзі ұйымдастыру мен іске асыруды белсендіретін жастар жобалары мен жастар бастамаларын сүйемелдеуді және қолдауды жүзеге асыру;

- облыстың, қаланың, ауданның және ауылдың жастар ортасындағы жағдайды зерделеу бойынша талдау жұмыстарына қатысу;

- жастардың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған ұсынымдарды, жобаларды, шаралар жүйесін зерделеу және әзірлеуге қатысу;

- жастардың бос уақытын дамытуға жәрдемдесу бойынша белсенді жұмыстарды жүргізу;

- мекеменің нормативтік құқықтық актілерінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру.

3) Атбасар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары:

- мемлекеттiк қызметшiлердiң, сондай-ақ халықтың басқа да топтарының мемлекеттiк тiлдi оқытуды ұйымдастыру үшiн қажеттi материалдық-техникалық, оқулық, оқу-әдістемелік жағдайлар жасау;

- мемлекеттік тілдің қоғамдық функцияларын дамыту мен кеңейтуде мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелермен  өзара әрекет жасау;

- қазақ тілі үйірмесінің мұғалімдері мен жетекшілеріне көмектесетін әдістемелік нұсқаулар мен оқу құралдарын әзірлеу;

- мекеменің нормативтік құқықтық актілерінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру.

  1. Құқықтар мен міндеттер:

- мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан, басқа да ұйымдар мен азаматтардан бөлімнің функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;

- аудан әкіміне ішкі саясат және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу бөлімнің қарауына жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдамалық және өзге де материалдарды дайындауды жүзеге асыру;

- бөлімнің қызмет саласына, тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға тапсырмалар беруге, олардың орындалуын бақылауға, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысуға;

- жастар саясатын іске асырудың, мемлекеттік тілді дамытудың, үкіметтік емес ұйымдарды қолдаудың және өңірлік деңгейде ақпараттық саясатты іске асырудың мемлекеттік тапсырысының өңірлік бағдарламаларын қаржыландыруға;

- ішкі саясат және тілдерді дамыту саласында, адам құқықтарын сақтау және басқарма құзыретіне кіретін басқа да мәселелерге жетекшілік ететін мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық, әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету.

- ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;

- ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қаржылық есептілігін бақылау;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

 

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Атбасар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Атбасар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Атбасар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттіктері:

- мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

- өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жазалар қолданады;

- өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекеменің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың құрылымын бекітеді;

- барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда мемлекеттік органның атынан өкілдік етеді;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және бұл үшін жеке жауапкершілікте болады;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. «Атбасар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттіктерін, ол болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес бас маман жүзеге асырады.

 

  1. Мемлекеттік органның мүлігі

 

  1. «Атбасар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару негізінде оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Атбасар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің меншік иесі оған берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Атбасар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік Атбасар ауданының коммуналдық меншігіне жатады.
  2. «Атбасар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ, егер заңда өзгеше көзделмесе.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Атбасар ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Дата публикации
08 апреля 2026