Аудан әкімі - Әлімжанов Кенеш Ғалибекұлы осы лауазымда 2024 жылғы 6 желтоқсаннан бастап жұмыс істейді.
2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша халық саны – 40 519 адам, оның ішінде – қалалық – 29 660, ауылдық – 10 859 адам.
Аудан аумағында 13 ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала бар.
Ауданның мамандануы – машина жасау, астық өндіріс, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық өнімді қайта өндіру.
Өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 3 млрд.634,8 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылғы тиісті кезеңнің 50,4% төмен (2025 жылы - 7 млрд. 330 млн. теңге).
Облыс көлеміндегі аудан өнеркәсібінің үлесі 1% құрады.
Өнеркәсіп өнімінің НКИ 76,3% құрады.
Төмендеу себептері: «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалының «АЭРЗ» дағы төмендеуіне байланысты, жаңа үлгідегі электровоздардың шығарылуына байланысты ескі үлгідегі электровоздарды жөндеудің тиімсіздігіне байланысты (есептен шығару жүргізіледі) (кәсіпорында оларды жөндеуге арналған жабдықтар жоқ).
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1 млрд.440 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңінен 33,3% жоғары (2025 жыл 1 млрд. 080 млн. теңге).
Ауыл шаруашылығы өнімінің НКИ 106,5% құрады.
Мал шаруашылығы
2026 жылғы 1 наурызға арналған шаруашылықтардың барлық санаттарындағы мал мен құстың барлық түрлерінің мал басының динамикасы.
Мал басы:
Өсу
жылқылар 6,5% және 18,4 мың басты құрады;
шошқа 11,4% – 4,5 мың бас.
ІҚМ 4,3% - 20,0 мың басқа.
Төмендеу
сиыр 1,1% - 10,2 мың бас;
қой мен ешкі 5% және 49,3 мың басты құрады.
Төмендеу себептері: «Алтындан» ЖШС, «Бастау» ЖШС және «Полтавка 2» ЖШС статистикалық деректерді сәйкестендіру және төмендету есебінен сиырлар; «Абдуалиевтер» ЖШС және «Сепе-2012» ЖШС малды жою және сату есебінен қойлар мен ешкілер бойынша.
460,1 тонна ет (8,9% жоғары), 1 537,6 тонна сүт (3,5% жоғары), 494 мың дана жұмыртқа (0,4% жоғары) өндірілді.
Негізгі капиталға инвестициялар
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 222,6 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңінен 76% төмен (2025 жылы - 926 млн.теңге). Өз қаражаты есебінен инвестиция көлемі 174,4 млн.теңгені, бюджет қаражаты 48,2 млн. теңгені құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ 22,6% құрады.
Төмендеу себебі: Жолдарды күрделі жөндеуге байланысты және 2025 жылы жылумен жабдықтау бойынша 2 ірі жобаны іске асыру есебінен.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 800 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңінен 38% төмен (2025 жылы - 1 млрд.290 млн. теңге).
Құрылыс жұмыстарының НКИ 58,5% құрады.
Төмендеу себебі: 2024 жылы аяқталған тұрғын үй құрылысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 2025 жылдың қаңтарында статистикалық есепке енгізілді.
351 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2025 жылдың тиісті кезеңінің 166,4% (2025 жыл - 211 шаршы метр).
01.03.2026 жылға жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 2 415 бірлікті тіркеді (2025 жылға – 2 512 бірлік).
Бөлшек сауда
Бөлшек тауар айналымының көлемі 4 млрд.114,6 млн. теңгені немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 104,0% құрады.
2026 жылдың қаңтар-ақпан айларында 5 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
Жұмыспен қамту органдарына жүгінген жұмыссыздар саны 253 адамды құрады. 163 жұмыссыз тұрақты орынға орналастырылды (2026 жылға арналған жоспар 1270 адам).
Жұмыссыз ретінде 562 азамат тіркелген.
Құрылған жаңа жұмыс орындарының саны 193 (2026 жылға арналған жоспар 1926 адам), оның ішінде тұрақты 175, уақытша 18.
7,6 млн. теңге сомасына 57 аз қамтылған отбасына әлеуметтік көмек тағайындалды.
2025 жылғы қаңтар–желтоқсандағы орташа айлық жалақы 331 180 теңгені (орташа облыстық көрсеткіш 373 426 теңге) құрады, бұл 2024 жылдан 9,8% жоғары.
«Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде:
жастар практикасына 1 адам жіберілді (2026 жылға арналған жоспар-30 адам);
әлеуметтік жұмыс орындарына 4 адам жіберілді (2026 жылға арналған жоспар-22 адам);
қоғамдық жұмыстарға 9 адам (2026 жылға арналған жоспар – 58 адам);
күміс жасы 3 адам (2026 жылға арналған жоспар – 16 адам);
кәсіпкерлік негіздеріне оқыту - 10 адам.
Білім
Ауданда 41 білім беру мекемесі жұмыс істейді (7 мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 1 бастауыш мектеп, 8 негізгі орта мектеп, 22 орта мектеп, Балалар музыка мектебі, балалар жасөспірімдер орталығы, «Олимп» дене шынықтыру-сауықтыру кешені).
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 95,1 % (1916 жылдан 1823 бала), 3 жастан 6 жасқа дейін – 100% (1557 бала) құрады.
Денсаулық сақтау
Ауданның денсаулық сақтау нысандары көпсалалы ауданаралық ауруханамен, емханамен, 8 дәрігерлік амбулаториямен, 16 медициналық пунктпен, 5 фельдшерлік-акушерлік пунктпен ұсынылған.
Ұлғайту:
қан айналымы жүйесі органдарының аурушаңдығы 206 дан 271 жағдайға дейін;
нәресте өлімі 1 жағдай (2025 - 0 жағдай).
Төмендеу:
онкопатологиямен сырқаттанушылық 19 дан 15 жағдайға дейін;
Туберкулезбен сырқаттанушылық 1 жағдай (2025 – 2 жағдай).
Ана өлімі жоқ.