1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер
«Атбасар ауданының Мариновка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын басшылыққа алады.
Мариновка ауылдық округі әкімінің аппараты 6 түр бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді:
-«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
-«Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»;
-«Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі
жер учаскелеріне құқықтарды алу»;
-«Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату»;
-«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»;
- «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту».
2025 жылы Атбасар ауданының Мариновка ауылдық округі әкімінің аппараты 20 мемлекеттік қызмет көрсетті:
-«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 1 қызмет көрсетілді;
-«Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» (1 кезең) – 8 қызмет көрсетілді;
-«Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» (2 кезең) – 9 қызмет көрсетілді;
-«Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату» – 1 қызмет көрсетілді;
- «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» – 1 қызмет көрсетілді;
-оның ішінде ақылы негізде 0 мемлекеттік қызмет, 20 тегін негізде;
-«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны - 0;
-қағаз нысандағы мемлекеттік қызметтер саны - 2;
-ЭҮП электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны - 18;
-мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны – 1;
-мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны - 6 (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидалар бар. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қазанда №21366 болып тіркелді).
3) Ең танымал мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» -1;
-«Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі
жер учаскелеріне құқықтарды алу» -17;
-«Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату» – 1;
-«Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» – 1.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Ресми сайтында және Instagram, Facebook әлеуметтік желісінің ресми парақшаларында, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органың ақпараттық стендтерінде орналастырылған.
2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Атбасар ауданы әкімінің ресми сайтында және Атбасар ауданы Мариновка ауылдық округі әкімінің ресми сайтында 2025 жыл 28 ақпанда Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша «Атбасар ауданының Мариновка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ 2024 жылғы қызметі туралы есеп жарияланды.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар.
Мемлекеттік қызметтерді алуға қолжетімділік үшін «Атбасар ауданының Мариновка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ пандустар мен маманды шақыру түймесі және бағытталған көрсеткілер орнатылған. Мариновка ауылдық округі әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді «E.gov», компьютермен, сканермен, принтермен, веб-камерамен, картридермен жабдықталған, халықтың электрондық мемлекеттік қызметтерін алу үшін. 2025 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының қызметтерін 263 қызмет алушы пайдаланған.
Мариновка ауылдық округі әкімдігінің ресми сайтында жер қатынастары бөлімінде «Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ереже», Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінің парақшаларында 2025 жыл «Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы» қазақ және орыс тілдерінде 24 мақала жарияланды.
Халықты электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді алуға тарту мақсатында тұрақты негізде «Цифрлық құжаттар әрқашан қолында» порталының мүмкіндіктері туралы түсіндіру іс-шаралары жүргізіледі, «Атбасар ауданының Мариновка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ ғимараттарында «Егер сізге мемлекеттік қызмет сапасыз көрсетілсе», «EgovKzBot2.0» ролл – аптар орнатылған. «Атбасар ауданының Мариновка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ ғимаратындағы стендте «Цифрлық құжаттар әрқашан қолжетімді» «Egov mobile» 1 баннер орнатылған.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
2025 жылы жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жүргізілген жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату», «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту», «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру қажет.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді. 2025 жылғы есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлерге техникалық оқыту жүргізілді, 2 қызметкер (100%) оқытудан өтті. 2025 жылғы есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызметшілердің әрекеттеріне шағымдар түскен жоқ.
3)Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілмеген.
1)Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша Мариновка әкiм аппаратына қызмет алушылар тарапынан 2025 жыл шағымдард түскен жоқ.
2)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
«Атбасар ауданының мемлекеттік қызмет көрсету және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жүргізу барысында екі заң бұзушылық анықталып, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, түсіндірме хат жолданды.
3)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жүзеге асырылмаған.
4)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері зерделеніп, Мариновка ауылдық округі әкімінің ресми сайтында жарияланды.
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттануын одан әрі тиімді ету және арттыру мақсатында «Атбасар ауданының Мариновка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ алдына мынадай міндеттер қойылды:
-мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау;
-мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдарды бақылау (негізделген шағымдар бойынша шара қолдану);
-мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стендтерді жаңарту, әлеуметтік желілердің беттерінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы мақалаларды уақтылы жариялау;
-«электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметті алушыларды ақпараттандыру және танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу;
-мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
-тұтынушылардың назарын аудару – көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.
Мариновка ауылдық
округінің әкімі Темирбеков Ж.О.