2025 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ қызметі туралы ЕСЕП

 

  1. Жалпы ережелер

Атбасар ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 28 тамыздағы №а-8/251 қаулысымен бекітілген «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ туралы Ережеге сәйкес мемлекеттік органның міндеттерінің бірі халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

Бөлім 14 мемлекеттік қызмет электрондық нысанда көрсетіледі, бұл:

1) Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру қағидалары

2) Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу;

3) Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы;

4) Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру;

5) Тұрғын үй сертификаттарын беру;

6) Қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу;

7) Ағаштарды кесуге рұқсат беру;

8) Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын беру;

9) Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару;

9-1) Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою;

9-2) Қауіпті техникалық құрылғыларды есептен шығару;

10) Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту;

11) Ауданаралық (облысішілік қалааралық), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастардағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобиль жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау;

12) Маңдайшаны Республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыруды келісу;

13) Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) маршруттарын бөлу;

14) Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай.

2025 жылы барлығы 144 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 168 Мемлекеттік қызметке аз (2023 жылы 111 қызмет көрсетілді). Барлық қызметтер электрондық үкімет порталы арқылы электрондық нысанда көрсетілген.

Есепті кезеңде барлығы «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызметі бойынша 40 дәлелді бас тарту берілді.

Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

«Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар  көлігі,  автомобиль  жолдары және  тұрғын  үй  инспекциясы  бөлімі» ММ:

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен;

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №235 бұйрығымен бекітілген «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы,

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы №417 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы»;

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 168 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы;

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі №485 бұйрығымен бекітілген «Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы»;

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №55 бұйрығымен бекітілген «Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы»;

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м. а. 2021 жылғы 12 тамыздағы № 437 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру» Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі Ережені бекіту туралы;

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 371 бұйрығымен бекітілген «Халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру қағидаларын бекіту туралы»;

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м. а. 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 251 бұйрығымен бекітілген «Жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттары мен қозғалыс кестесін бекіту» Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы;

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м. а. 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығымен бекітілген «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы»;

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 454 бұйрығымен бекітілген «Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалық құжаттаманы келісу қағидаларын бекіту туралы»;

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 318 бұйрығымен бекітілген «Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру қағидаларын бекіту туралы».

Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

  1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және кезекке қою, сондай – ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы (2025 жылғы 1 қаңтардан 24 мамырға дейінгі кезең) – 83 қызмет;
  2. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру - 30 қызмет;
  3. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын беру – 31 қызмет.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Бөлімде стенд ресімделді, онда мемлекеттік қызмет көрсету ережелері, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мемлекеттік бақылаудың телефон нөмірлері, ғимараттың бірінші қабатында сервистік әкімдікте белгіленген. Жыл сайын әлеуметтік желілерде және Атбасар ауданы әкімінің ресми сайтында Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бөлімнің қызметі туралы есеп жарияланады.

2025 жылы 1 тікелей эфир өткізілді.

Атбасар ауданы әкімінің ресми сайтында 2025 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есеп жарияланды.

Ақмола облысы бойынша Азаматтарға арналған үкімет МК КЕАҚ филиалы Атбасар ауданының Халыққа қызмет көрсету бөлімінің мамандарымен дөңгелек үстел өткізілді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша 2025 жылы көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызметін оңтайландыру жүргізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсететін бөлім мамандары 2025 жылдың 3 қыркүйегінде Мемлекеттік қызмет көрсету саласында техникалық оқудан өтті.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері:

2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижелерінің есебіне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуде бұзушылықтар анықталған жоқ.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары

Келесі міндеттер қойылды:

- Кешіктіруге жол бермей, белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметтер көрсету;

- Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: ақпараттық стенділерді жаңарту, мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын ауданның ресми интернет-ресурсында уақтылы орналастыру, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мақалаларды аудандық газетте, әлеуметтік желілер беттерінде жариялау;

- «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы халықты ақпараттандыру бойынша іс-шаралар өткізу;

- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

Қосымша: 1-парақта.

 

 

«Атбасар ауданының  ТКШ, ЖК, АЖ

және ТИ бөлемі» басшысы                                                                       Д. Мажитов

Дата публикации
26 февраля 2026