«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс. «Атбасар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік- қызметтер және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, (уақытша, негізгі қызметкердің жүктілікке және бала босануына байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне, 2026 жылғы 17 мамырға дейін) санаты E-3, 1 бірлік.

Негізгі функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу. Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша, оның ішінде ХҚКО ақпараттық интеграцияланған жүйесінде белгіленген мерзімдердің бұзылуын бақылау. «Е-Лицензиялау» МДҚ АЖ-да электрондық форматқа аударылған берілген рұқсат беру құжаттары туралы мәліметтердің енгізілуін қамтамасыз етуді бақылау. Мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпараттың өзектендірілуін бақылау. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру

Дата публикации
09 февраля 2026