Аудан әкімі - Әлімжанов Кенеш Ғалибекұлы осы лауазымда 2024 жылғы 6 желтоқсаннан бастап жұмыс істейді.
2025 жылғы 1 қарашаға жағдай бойынша халық саны – 40 665 адам, оның ішінде – қалалық – 29 749, ауылдық – 10 916 адам.
Аудан аумағында 13 ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала бар.
Ауданның мамандануы – машина жасау, астық өндіріс, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық өнімді қайта өндіру.
Өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 34 млрд. 639 млн. теңгені құрады, бұл 2024 жылғы 24% жоғары (2024 жылы - 27 млрд. 858 млн. теңге).
Облыс көлеміндегі аудан өнеркәсібінің үлесі 1,4% құрады.
Өнеркәсіп өнімінің НКИ 106,2% құрады.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 82 млрд. 108 млн. теңгені құрады, бұл 2024 жылдан 21% жоғары (2024 жылы 67 млрд.939 млн. теңге).
Ауыл шаруашылығы өнімінің НКИ 113,3% құрады.
Мал шаруашылығы
2026 жылғы 1 қаңтарға шаруашылықтардың барлық санаттарындағы мал мен құстың барлық түрлерінің мал басының динамикасы.
Мал басы:
Өсу
жылқы 4,2% - 18 мың бас;
шошқа 10,8% -2,7 мың бас.
Төмендеу
ІҚМ 0,9% - 18,6 мың басқа;
сиыр 2,6% - 10,1 мың бас;
қой мен ешкі 5,5% және 47,2 мың басты құрады.
Төмендеу себептері: ІҚМ, оның ішінде сиырларды статистикалық деректерді сәйкестендіру және «Алтындан» ЖШС, «Бастау» ЖШС және «Полтавка 2» ЖШС төмендету; Қойлар мен ешкілер бойынша «Абдуалиевтер» ЖШС және «Сепе-2012» ЖШС малды жою және сату есебінен.
4 576 тонна ет өндірілді (5,6% төмендеді, «Бастау» ЖШС ет комбинатына мал басын сату есебінен төмендеді), 14 469 тонна сүт (0,2% жоғары), 7 355 мың дана жұмыртқа (3,2% жоғары ).
Негізгі капиталға инвестициялар
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 28 млрд. 617 млн. теңгені құрады, бұл 2024 жылдан 37% жоғары (2024 жылы-20 млрд.941 млн. теңге). Бюджет қаражаты есебінен инвестициялар көлемі 15 млрд. 629 млн. теңге, меншікті қаражат 8 млрд.319 млн. теңгені, басқа қарыз қаражаты 4 млрд. 669 млн. теңгені құрады. Инвестициялар ауыл шаруашылығы техникасын, жабдықтарын сатып алуға, орталық қазандықты реконструкциялауға, су құбырын, жылу желілерін салуға, мектептерді, жолдарды, ауруханаларды жөндеуге бағытталған.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ 132,4% құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 16 млрд. 578 млн. теңгені құрады, бұл 2024 жылдан 37% жоғары (2024 жылы - 12 млрд.125 млн. теңге).
Құрылыс жұмыстарының НКИ 133,9% өсімін құрады.
3 536 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2024 жылға қарай 8,9% (2024 жылы – 39 870 шаршы метр).
Төмендеу себебі: 2024 жылы 3 пәтерлі тұрғын үй (23 408 ш.м.), «Інжу» тұрғын үй кешені (9 953 ш.м.), 45 пәтерлі тұрғын үй (15-позиция; 3459 ш. м.) іске қосылды. Бұл ретте 2025 жылғы ЖТҚ 3 536 ш.м. немесе 2024 жылға қарай 115,9% (3050 ш. м.).
01.01.2026 жылға жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 2 584 бірлікті тіркеді (2024 жылға – 2508 бірлік).
Бөлшек сауда
Бөлшек тауар айналымының көлемі 24 млрд. 967 млн. теңгені немесе 2024 жылға қарай 107,8% құрады.
2025 жылы 29 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
Жұмыспен қамту органдарына жүгінген жұмыссыздар саны 2335 адамды құрады. 1161 жұмыссыз тұрақты орынға орналастырылды (2025 жылға арналған жоспар 1470 адам).
Жұмыссыз ретінде 462 азамат тіркелген.
Құрылған жаңа жұмыс орындарының саны 2123 (2025 жылға арналған жоспар 2213 адам), оның ішінде тұрақты 1755, уақытша 368.
57 млн. теңге сомасына 101 аз қамтылған отбасына әлеуметтік көмек тағайындалды.
2025 жылғы қаңтар–қыркүйектегі орташа айлық жалақы 326 861 теңгені (орташа облыстық көрсеткіш 360 124 теңге) құрады, бұл 2024 жылғы тиісті кезеңнен 10,5% жоғары.
«Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде:
жастар практикасына 43 адам жіберілді (2025 жылға арналған жоспар - 43 адам);
әлеуметтік жұмыс орындарына 24 адам жіберілді (2025 жылға арналған жоспар - 20 адам);
қоғамдық жұмыстарға 78 адам (2025 жылға арналған жоспар – 66 адам);
күміс жасы 22 адам (2025 жылға арналған жоспар - 17 адам);
бірінші жұмыс орны 9 адам (2025 жылға арналған жоспар 7 адам);
кәсіпкерлік негіздеріне оқыту - 60 адам;
проф. дайындық - 20 адам (жоспар 20);
грант - 12 адам (жоспар 10).
Білім
Ауданда 41 білім беру мекемесі жұмыс істейді (7 мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 1 бастауыш мектеп, 8 негізгі орта мектеп, 22 орта мектеп, балалар музыка мектебі, балалар жасөспірімдер орталығы, «Олимп» дене шынықтыру-сауықтыру кешені).
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 91,9% (2049-дан 1883 бала), 3 жастан 6 жасқа дейін-100% (1486 бала) құрады.
Денсаулық сақтау
Ауданның денсаулық сақтау нысандары көпсалалы ауданаралық ауруханамен, емханамен, 8 дәрігерлік амбулаториямен, 16 медициналық пунктпен, 5 фельдшерлік-акушерлік пунктпен ұсынылған.
Ұлғайту:
онкопатологиямен сырқаттанушылық 103 дан 110 ға дейін;
Төмендеу:
қанайналым жүйесі органдарының аурушаңдығы 2008 дан 1879 дейін;
Туберкулезбен сырқаттанушылық 14 дан 5 жағдайға дейін;
3-тен 1 жағдайға дейінгі нәресте өлімі;
Ана өлімі жоқ.