Аудан әкімі - Әлімжанов Кенеш Ғалибекұлы осы лауазымда 2024 жылғы 6 желтоқсаннан бастап жұмыс істейді.
2025 жылғы 1 қарашаға жағдай бойынша халық саны – 40 731 адам, оның ішінде – қалалық – 29 747, ауылдық – 10 984 адам.
Аудан аумағында 13 ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала бар.
Ауданның мамандануы – машина жасау, астық өндіріс, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық өнімді қайта өндіру.
Өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 31 млрд.102,2 млн. теңгені құрады, бұл 2024 жылғы тиісті кезеңнің 0,8% жоғары (2024 жылы - 30 млрд. 860,7 млн. теңге).
Облыс көлеміндегі аудан өнеркәсібінің үлесі 1,4% құрады.
Өнеркәсіп өнімінің НКИ 104,8% құрады.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 77 млрд. 462,6 млн. теңгені құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 25% жоғары (2024 жыл 61 млрд. 953,8 млн. теңге).
Ауыл шаруашылығы өнімінің НКИ 111,6% құрады.
Мал шаруашылығы
2025 жылғы 1 желтоқсандағы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы мал мен құстың барлық түрлерінің мал басының динамикасы.
Мал басы:
Өсу
жылқы 3,4% - 18,6 мың бас;
шошқа 10,8% – 3,0 мың бас;
ІҚМ 1,1% - 18,8 мың басқа.
Төмендеу
сиыр 5,6% - 10,0 мың бас;
қой мен ешкі 5,1% және 46,6 мың басты құрады
Төмендеу себептері: «Алтындан» ЖШС, «Бастау» ЖШС және «Полтавка 2» ЖШС-да статистикалық деректерді сәйкестендіру және төмендету есебінен сиырлар; «Абдуалиевтер» ЖШС және «Сепе-2012» ЖШС-де малды жою және сату есебінен қойлар мен ешкілер бойынша.
4 091 тонна ет өндірілді (5,5% төмендеді, «Бастау» ЖШС ет комбинатына мал басын сату есебінен төмендеді), 13 423,6 тонна сүт (0,4% жоғары), 7 151 мың дана жұмыртқа (3,3% жоғары ).
Негізгі капиталға инвестициялар
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 21 млрд. 945,5 млн. теңгені құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 12,9% жоғары (2024 жылы- 19 млрд.435,4 млн. теңге). Бюджет қаражаты есебінен инвестициялар көлемі 10 млрд.411,2 млн. теңге, меншікті қаражат 7 млрд. 099,2 млн. теңгені, басқа қарыз қаражаты 4 млрд. 435,1 млн. теңгені құрады. Инвестициялар ауыл шаруашылығы техникасын, жабдықтарын сатып алуға, орталық қазандықты реконструкциялауға, су құбырын, жылу желілерін салуға, мектептерді, жолдарды жөндеуге бағытталған.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ 105,4% құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 11 млрд. 415,4 млн. теңгені құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 12,3% жоғары (2024 жылы – 10 млрд. 167,5 млн.теңге).
Құрылыс жұмыстарының НКИ 105,3% өсімін құрады.
3 108 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2024 жылдың тиісті кезеңінің 9,8% (2024 жыл – 31 706 шаршы метр).
Төмендеу себебі: 2024 жылы 2 пәтерлі тұрғын үй (15589 ш.м.), «Інжу» тұрғын үй кешені (9608 ш. м.), 45 пәтерлі тұрғын үй (15-позиция, 3459 ш. м.) енгізілді. Бұл ретте 2025 жылғы ЖТҚ 3108 ш.м. немесе 2024 жылға қарай 101,9% (3050 ш. м.).
01.12.2025 жылға жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 2 632 бірлік тіркелген (2024 жылы – 2 523 бірлік)
Бөлшек сауда
Бөлшек тауар айналымының көлемі 22 млрд. 336,1 млн. теңгені немесе 2024 жылдың тиісті кезеңіне 107% құрады.
2025 жылдың қаңтар - қараша айларында 26 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
Жұмыспен қамту органдарына жүгінген жұмыссыздар саны 2209 адамды құрады. 1179 жұмыссыз тұрақты орынға орналастырылды (2025 жылға арналған жоспар 1470 адам).
Жұмыссыз ретінде 447 азамат тіркелген.
Құрылған жаңа жұмыс орындарының саны 2050 (2025 жылға арналған жоспар 2218 адам), оның ішінде тұрақты 1682, уақытша 368.
53,1 млн. теңге сомасына 103 аз қамтылған отбасына әлеуметтік көмек тағайындалды.
2025 жылғы қаңтар–қыркүйектегі орташа айлық жалақы 326 861 теңгені (орташа облыстық көрсеткіш 360 124 теңге) құрады, бұл 2024 жылғы тиісті кезеңнен 10,5% жоғары.
«Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде:
жастар тәжірибесіне 37 адам жіберілді (2025 жылға арналған жоспар - 43 адам);
әлеуметтік жұмыс орындарына 24 адам жіберілді (2025 жылға арналған жоспар - 20 адам);
қоғамдық жұмыстарға 78 адам (2025 жылға арналған жоспар- 66 адам);
күміс жасы 22 адам (2024 жылға арналған жоспар - 17 адам);
бірінші жұмыс орны 9 адам (2025 жылға арналған жоспар 7 адам);
кәсіпкерлік негіздеріне оқыту - 59 адам;
проф. дайындық - 20 адам (жоспар 20);
грант – 12 адам (жоспар 10).
Білім
Ауданда 44 білім беру мекемесі жұмыс істейді (7 мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 2 кешкі мектеп, 2 бастауыш мектеп, 6 негізгі орта мектеп, 24 орта мектеп, балалар музыка мектебі, балалар жасөспірімдер орталығы, "Олимп" дене шынықтыру-сауықтыру кешені).
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 93,6% (1400), 3 жастан 6 жасқа дейін-100% (976 бала) құрады.
Денсаулық сақтау
Ауданның денсаулық сақтау нысандары көпсалалы ауданаралық ауруханамен, емханамен, 8 дәрігерлік амбулаториямен, 16 медициналық пунктпен, 5 фельдшерлік-акушерлік пунктпен ұсынылған.
Ұлғайту:
онкопатологиямен сырқаттанушылық 91 дан 93 ға дейін;
Төмендеу:
қанайналым жүйесі органдарының аурушаңдығы 1829 дан 1718 ға дейін;
Туберкулезбен сырқаттанушылық 13 дан 5 жағдайға дейін;
Нәресте өлімі жоқ.
Ана өлімі жоқ.