Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылдың 27 қарашасында онлайн форматта «Ашық есiк күнiн» өткiзедi. Басты тақырып — «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесi. Зейнетақыны жоспарлау».
Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерi — Ашық есiк күнiнiң негiзгi аудиториясы. Iс-шараның мақсаты — жас ұрпаққа Қордың жұмысы, ұсынылатын қызметтерi туралы баяндау, олардың Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесiне зейнетақы жарналарын аударудың маңыздылығы туралы хабардар болуын қамтамасыз ету және жастардың өз болашағы үшiн азаматтық, моральдық жауапкершiлiк сезiмiн дамыту.
Бұған қоса, БЖЗҚ мамандары кездесу барысында Қордың салымшылармен өзара iс-қимыл арналары, зейнетақы шотының жай-күйi туралы жедел ақпарат алу тәсiлдерi туралы әңгiмелеп, басқа да қызықтырған мәселелер бойынша бiлiктi ақыл-кеңестерiн бередi.
Естерiңiзге сала кетейiк, «Ашық есiк күнi» онлайн-форматта 27 қарашада сағат 10:00 өтедi. Iс-шараға қатысу үшiн тiркелу қажет. Әр қатысушыға сiлтеме https://bit.ly/akmolenpf бойынша өту керек. Содан кейiн event-мәжiлiс нөмiрiн 176 441 7637 және event-мәжiлiс паролiн 1234 енгiзiңiз.
Онлайн iс-шараға қатысуға тiркелу сұрақтары бойынша байланыстар:
- Макашева Малика Жумабековна моб.: 87077229392, 87711717217;
- Жакина Алия Женисовна моб.: 87770342790, 87711717215;
- Кажтаева Динара Мухтаровна моб.: 87711717216, 87753051213.