«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялау. «Атбасар ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-R-4 санаты.

Атбасар ауданы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы мәліметтер

Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу:

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: сұхбат: 

Анықтама телефоны: 87164324791

E-R-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 243 700 теңге

Блок-А, грейд-4.

 (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазымның атауы:

«Атбасар ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-R-4 санаты

 

Функционалдық міндеттері:

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бөлімнің талап-арыз жұмыстары бойынша жұмысты ұйымдастыру және соттар мен құқық қорғау органдарында мемлекеттік органның мүдделерін білдіру. Тұрғын үй қорын ұстау, пайдалану және жөндеу қағидаларын сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне техникалық тексеруді ұйымдастыру. Тұрғын үй қорын және Үй-жайлар иелерінің ортақ мүлкін маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын келісу. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізудің тізбесін, кезеңдері мен кезектілігін айқындау. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өтініш жасаған кезде кондоминиум объектісін басқару және кондоминиумның ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі есептің бар-жоғына тексеру жүргізу. "Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңын және ережелерін бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар (ұсынымдар) шығару Жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін қарау. ҚР заңнамасында белгіленген басшылық айқындайтын өзге де функцияларды жүзеге асыру.

қарауға өтіңіз

Дата публикации
07 ноября 2025