«Б» корпусының төменгi бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс

«Атбасар ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшiн телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz «Б» корпусының төменгi бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. «Атбасар ауданының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң экономикалық саясат және коммуналдық меншiктi басқару секторының бас маманы, «Е-R-4» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 95 210 теңгеден 128 834 теңгеге дейiн.

Функционалдық мiндеттерi: Аудандық коммуналдық мүлiктi басқару. Мемлекеттiк коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкiн есепке алуды ұйымдастыру. Аудандық коммуналдық мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру. Жалдау ақысы құнының мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру. Мемлекеттiң қатысуымен аудандық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң қаржы-шаруашылық қызметi (даму) жоспарларының орындалуына талдау жүргiзу. Коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлген мемлекеттiк мүлiктi коммуналдық мүлiктi жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың бiр деңгейiнен екiншiсiне берудi жүзеге асыру. Мемлекеттiк сатып алу туралы мерзiмдi есептiлiктi ұйымдастыру және ұсыну. Қазақстан Республикасының заңнамасымен мемлекеттiк мекемеге жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейiнгi немесе жоғары, мемлекеттiк лауазымдарда жұмыс өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда, әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмi барларға рұқсат етiледi.

Мынадай құзыреттердiң болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздiгiнен даму, жеделдiлiк, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару.

Жоғары оқу орнынан кейiнгi немесе жоғары бiлiмi болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

2. «Атбасар ауданының Атбасар қаласы әкiмiнiң аппараты»мемлекеттiк мекемесiнiң бас маманы, «Е-G-3» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 90 874 теңгеден 122 392 теңгеге дейiн.

Функционалдық мiндеттерi: Бюджеттiк өтiнiмдер және бағдарламалар құрады.Қала бюджетiне салық түсiмдерiнiң мониторингiн iске асырады.Салық өндiру бойынша жұмыс ұйымдастырады.«Атбасар ауданының Атбасар қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ негiзгi қаржысын есептен шығару бойынша жұмыс ұйымдастырады.Бюджет қаржысының өзгерiстерi жөнiнде аудандық мәслихат сессиясына құжаттар дайындайды.Кiрiс хат-хабарларды, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн уақтылы және сапалы түрде қарауға жауап бередi.Қаланы абаттандыру және санитария бойынша iс-шараны iске асыруға қатысады. «Атбасар ауданының Атбасар қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ КСН ақшалай қаражатының түсiмi мен шығын жоспарын дайындау бойынша жұмыс ұйымдастырады.Атбасар қаласының аумағындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы мәселелердi қарайды және оған Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделгендей хаттамалар жасайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейiнгi немесе жоғары, мемлекеттiк лауазымдарда жұмыс өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда, әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика, есеп және аудит, қаржы)

Мынадай құзыреттердiң болуы:стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздiгiнен даму, жеделдiлiк, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару.

Жоғары оқу орнынан кейiнгi немесе жоғары бiлiмi болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

3. «Атбасар ауданы Ярославка ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң бас маманы (уақытша, негiзгi қызметкердiң бала күтiмi бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңiне, осы мерзiм аяқталғанға дейiн негiзгi қызметкердiң жұмысқа шығу құқығымен 2023 жылғы 19 шiлдеге дейiн), «Е-G-3» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 90 874 теңгеден 122 392 теңгеге дейiн.

Функционалдық мiндеттерi: Ауыл, ауылдық округтiң iс қағаздарын жүргiзу, нотариалдық әрекеттердi орындау. ТӨБЕ ААЖ базасында хат-хабарларды есепке алуды жүргiзу. Әкiм аппараты бойынша 1-ОЛ статесебiн даярлау және айсайынғы базаны түсiру. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша жұмыс ұйымдастыру. Сайлаушылардың тiзiмiн құру және салыстырып тексеру. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге мiндеттердi орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейiнгi немесе жоғары, мемлекеттiк лауазымдарда жұмыс өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда, бiлiм беру немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе өнер немесе жаратылыстану ғылымдар немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе қызмет көрсету немесе әскери iс және қауiпсiздiк немесе денсаулық сақтау және әлеуметтiк қамтамасыз ету немесе ветеринария саласында екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмi барларға рұқсат етiледi.

«Назарбаев Университетi», «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» және «Назарбаев Қорының» мәртебесi туралы» Заңына сәйкес, немесе Республикалық комиссия мақұлдаған басым мамандықтар бойынша шетелдiк жоғары оқу орындарында автономды бiлiм беру ұйымында осы лауазымның функционалдық мiндеттерiне сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi.

Мынадай құзыреттердiң болуы:стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздiгiнен даму, жеделдiлiк, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару.

Жоғары оқу орнынан кейiнгi немесе жоғары бiлiмi болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

4. «Атбасар ауданы Сергеевка ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң бас маманы «Е-G-3» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 90 874 теңгеден 122 392 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: халықтан салық жинау. Әлеуметтiк қорғау, халықтың аз қамтылған бөлiгiн, әлеуметтiк карталарды жүргiзу. Кедейшiлiк пен жұмыссыздық деңгейiн төмендету бойынша бағдарламаларды орындау бойынша жұмыс, атаулы әлеуметтiк көмек бойынша Ұйымдастыру жұмыстары. Лауазымдық нұсқаулықпен сәйкес өзге де мiндеттердi орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары оқу орнынан кейiнгi немесе жоғары бiлiмi, мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес бiлiм немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе өнер немесе жаратылыстану ғылымдары немесе техникалық ғылымдар және технология немесе ауыл шаруашылығы ғылымдары немесе қызмет көрсету немесе әскери iс және қауiпсiздiк немесе денсаулық сақтау және әлеуметтiк қамтамасыз ету немесе ветеринария салаларында екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмi барларға рұқсат етiледi.

«Назарбаев Университетi», «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» және «Назарбаев Қоры» мәртебесi туралы» Заңға сәйкес дербес бiлiм беру ұйымында немесе республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша шетелдiк жоғары оқу орындарында осы лауазымның функционалдық мiндеттерiне сәйкес келетiн жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi.

Мынадай құзыреттердiң болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздiгiнен даму, жеделдiлiк, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару.

Жоғары оқу орнынан кейiнгi немесе жоғары бiлiмi болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

5. «Атбасар ауданы Сепе ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң бас маманы, (уақытша, негiзгi қызметкердiң бала күтiмi бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңiне, осы мерзiм аяқталғанға дейiн негiзгi қызметкердiң жұмысқа шығу құқығымен 2022 жылғы 15 қантарға дейiн) «Е-G-3» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 90 874 теңгеден 122 392 теңгеге дейiн.

Функционалдық мiндеттерi:. Ауылдың, ауылдық округтiң шаруашылық кiтабын жүргiзу, әскери-есеп үстелiн жүргiзу. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге мiндеттердi орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейiнгi немесе жоғары, мемлекеттiк лауазымдарда жұмыс өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда, бiлiм немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе өнер немесе табиғи ғылымдар немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе қызмет көрсету немесе әскери iс және қауiпсiздiк немесе денсаулық сақтау және әлеуметтiк қамтамасыз ету немесе ветеринария саласында екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмi барларға рұқсат етiледi. «Назарбаев Университетi», «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» және «Назарбаев Қорының» мәртебесi туралы» Заңына сәйкес, немесе Республикалық комиссия мақұлдаған басым мамандықтар бойынша шетелдiк жоғары оқу орындарында автономды бiлiм беру ұйымында осы лауазымның функционалдық мiндеттерiне сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi.

Мынадай құзыреттердiң болуы:стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздiгiнен даму, жеделдiлiк, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару.

Жоғары оқу орнынан кейiнгi немесе жоғары бiлiмi болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi (7 жұмыс күн), ол жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейiн келесi жұмыс күнiнен бастап есептеледi.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтiнiш;

2) 3х4 үлгiдегi түрлi түстi суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмi (бұдан әрi — Қызметтiк тiзiм);

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшiрмелерiнiң нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушi, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы (келiсiм)халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдiк жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген бiлiм туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдiк бiлiм беру ұйымдарында алған бiлiмi туралы құжаттарының көшiрмелерiне бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәлiктерiнiң көшiрмелерi қоса берiледi.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушiлерге берiлген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлiк қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшiрмесi қоса берiледi.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы (келiсiм) құжаттардың көшiрмелерiне бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшiрмелерi қоса берiледi.

Персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетiлген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексередi.

Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi.

Жалпы конкурсқа қатысу үшiн мемлекеттiк қызметшi және Заңның 27-бабы 8-тармағы бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адам келесi құжаттарды тапсырады:

1) Өтiнiш;

2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен құжат тапсырғанға дейiн бiр айдан аспайтын уақытта расталған қызметтiк тiзiм.

Конкурсқа қатысушы мемлекеттiк қызметшiлер тестiлеуден өтпейдi.

Құжаттардың толық пакетiн қолма-қол тәртiпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты бередi. Құжаттардың толық пакетiн электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады

Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну персоналды басқару қызметiнiң (кадр қызметiнiң) немесе персоналды басқару қызметiнiң (кадр қызметiнiң) мiндеттерiн атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуына негiз болып табылады. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретiнде Қазақстан Республикасының жасы он сегiзден кем емес азаматтары, оның iшiнде мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның қызметкерлерi қатыса алады. Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлға әңгiмелесу басталғанға дейiн екi сағаттан кешiктiрмей персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) хабарлайды. Хабарлама конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны әңгiмелесуге кандидаттарды жiберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде конкурс жариялаған мемлекеттiк органдарда өтедi.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттармен әңгiмелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткiзiлуi мүмкiн.

А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үмiттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тiзiмiнен бiр тақырыпқа екi жүз сөзден аспайтын бiр эссенi конкурс комиссиясының хатшысының қатысуымен мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссе осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгiленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссенi жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметiнiң (кадр қызметiнiң) шешiмiне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi

Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан

__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені______________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін. Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________­­_
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны _________________________________ 
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

________                               ______________________________________
 (қолы)                                     (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА
КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ
ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

______________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/
фамилия, имя, отчество (при наличии))

_______________________________

лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
Туылған күні және жері/
Дата и место рождения
 
Ұлты/Национальность (по желанию)  
Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
 
Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi ғылыми атағы (болғанжағдайда)/
Квалификация по специальности,ученая степень, ученое звание (при наличии)
 
Шеттiлдерiн бiлуi/
Владение иностранными языками
 
Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары(болған жағдайда)/ Государственные награды, почетные звания (при наличии)  
Дипломатиялық дәрежесі, әскері, арнайы атақтары сыныптық шенi(болған жағдайда)/дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)  
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі туралы мәлiмет(болғанжағдайда)/
вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
 
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жылсайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жыл-дан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі(мемлекеттікәкімшілік қызметшілертолтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае,если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)  

ЕҢБЕК ЖОЛЫТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Датақабылданған/ приема Күні/Датабосатылған/ увольнения Күні/Дата қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері /должность, место работы, местонахождение организации қабылданған/приема босатылған/увольнения
     
     
     
     
     
     
Кандидаттың қолы/Подпись кандидата_______________күні/дата_________    
Дата публикации
19 ноября 2020