Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 25 ақпандағы
№ 112 бұйрығымен бекітілген

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің м.а. 28.05.2020 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-Тарау. Жалпы ереже

  1. Осы Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жоюды ұйымдастыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің(бұдан әрі - Кодекс), Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі - Заң), "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы", "Ақпараттандыру туралы", "Дербес деректер және оларды қорғау туралы", "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының неке заңнамасы саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

      Қағида тіркеуші органдардың тууды, қайтыс болуды, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар енгізу, оның ішінде әке (ана) болуды белгілеу, ұл (қыз) бала асырап алу кезінде, түзетулер енгізу, азаматтық хал актілерін жою және қалпына келтіру, сондай-ақ қайталама куәліктер, анықтамалар мен азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы актілік жазбалардың көшірмелерін беруді Қазақстан Республикасы аумағында ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

  1. Қағидада келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) тіркеуші орган - азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган;

      2) "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - АХАЖ АЖ) - азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге, сондай-ақ жеке тұлғалардың жеке деректерін құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық нысанда өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, күшін жою және қалпына келтіруге арналған ақпараттық жүйе;

      3) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) - жеке тұлға, соның iшiнде өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;

      4) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      5) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

      6) мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - "Мониторинг" ИАЖ) – мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингтеуге арналған ақпараттық жүйе;

      7) проактивті көрсетілетін қызмет – қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша берілетін, қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы берілген келісімі міндетті түрде қажет болатын, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

      8) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумағы шеңберінде географиялық тұрғыдан айқындалатын тұрақты орналасқан жері жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке-дара пайдаланылатын байланыс құралы;

      9) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      10) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) - электрондық түрде көрсетілетін ақылы қызметтерді ұсыну шеңберіндегі төлемдер туралы ақпаратты беру процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;

      11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңбамен құрылған және электрондық құжаттың түпнұсқалығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

  1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар электронды түрде АХАЖ АЖ арқылы жүргізеді.

      Кент, ауыл, ауылдық округ тұрғындарының азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастыруды Кодекстің 179-бабына сәйкес қаладағы, облыстық маңызы бар қаладағы аудандардың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері жүзеге асырады.

      Электронды ақпараттық қорларды және ақпараттық жүйелерді қорғау және құпиялылықты сақтау мақсатында тіркеуші органдарға АХАЖ АЖ-на қол жеткізуін ақпараттық жүйелердің меншіктенушілері және иелері қолдану құқығын беру туралы тиісті өтінімдерді келісуі арқылы ұсынады.

      Облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың) аумақтық әділет органдары, тіркеуші органдар құзыреті шегінде жеке тұлғалар туралы Мемлекеттік деректер қорының орталық серверінде орналасқан актілік жазбалардың электронды нұсқасын пайдаланады.

  1. Тіркеуші органдар мынадай іс-қимылдарды жасайды:

      1) тууды, қайтыс болуды, неке (ерлі-зайыптылықты) қию және бұзуды, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеуді жүргізеді;

      2) азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертеді, толықтырады, оның ішінде әке (ана) болуды белгілеу, ұл (қыз) бала асырап алу кезінде, түзетеді, жазбаларды қалпына келтіреді және жояды;

      3) бастапқы және қайталама куәлiктерді, анықтамаларды, азаматтық хал актiлерiнiң көшiрмелерiн бередi;

      4) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу кітаптарының және куәлік бланкілерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

  1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар, түзетулер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру саласындағы мемлекеттік қызметтер жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты азаматтық хал актiлерiн мемлекеттік тiркеуді Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жүргізеді және олар жасаған акт жазбалары Қазақстан Республикасының астана әкімдігінің тіркеуші органына жіберіледі.

      Егер мүдделі тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтары болса, Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.

  1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар құжат иесінің жеке басын анықтайтын құжаты, тиісті құқықтық мәртебесі бойынша жасайды.

      Иесінің жеке басын белгілейтін құжаты құқықтық мәртебесіне сәйкес келмесе, ол жарамсыз болып табылады және ол Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына тапсырылуы және ауыстырылуы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басты куәландыратын құжат "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Заңның 6-бабының 1-тармағына сәйкес ұсынылады.

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын ұсынады.

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының белгісі бар куәлікті ұсынады.

      Шетелдік азамат немесе Қазақстан Республикасында уақытша тұратын азаматтығы жоқ адам, оның құзыретті органдары, шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адамның тұрақты тұрғылықты жері бар азаматтың жеке басын куәландыратын құжатты және олардың мәтінінің нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасын ұсынады.

  1. Шет мемлекеттердің құзыретті органдары Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде азаматтық хал актілерінің орындалуын растайтын, Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты тиісті мемлекеттердің заңнамасына сәйкес, егер олар Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, консулдық заңдастыру немесе арнайы мөр (апостиль) болған кезде, Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.

      Сондай-ақ, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тиісті шет мемлекеттің тілінде шығарылған құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылуға жатады.

      Шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасынан тыс жерде шығарылған басқа да растайтын құжаттардың мәтінінің аудармасының дәлдігі нотариалды куәландырылуы, дипломатиялық өкілдікте, консулдық мекемеде, шетелдік азамат азаматы болып табылатын немесе азаматтығы жоқ тұлғаның тұрақты тұратын мемлекетінің сыртқы саясат ведомствосында куәландырылуы мүмкін.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келіседі.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар, туу немесе қайтыс болу туралы медициналық куәліктер, Қазақстан Республикасы сотының шешімдері, үкімдері мен қаулылары, мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар, Қазақстан Республикасында тіркелген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері және тіркеуші органдардың қызметкерлері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы алады.

      Егер ақпараттық жүйелерде тиісті ақпарат болмаса, Мемлекеттік корпорацияның немесе тіркеуші органның қызметкері құжаттардың электрондық/қағаз көшірмелерін түсіреді, содан кейін ауыстыруға немесе жоюға жататын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді қоспағанда, түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттар мен ақпаратты сұратуға жол берілмейді.

      Өкіл арқылы ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыруды тіркеуге және баланың ата-анасының бірлескен өтініші негізінде әке болуды анықтау кезінде тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

  1. Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініштер мен құжаттар келіп түскен күні мемлекеттік қызметтер көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүгінген кезде өтініштер қабылданады және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері келесі жұмыс күні шығарылады.

  1. Заңның 5-бабы 2-тармағының11) тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету сатысында ИАЖ "Мониторинг" ақпаратты енгізуді қамтамасыз етеді.
  2. Ақпараттық жүйенің ақаулығы туындаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО және әділет департаментінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкеріне дереу хабарлайды.

      Бұл жағдайда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкерлер ақпараттық жүйенің істен шығу себебін анықтау бойынша шаралар қолданады және 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық ақаулық туралы хаттама (акт) жасайды және оны көрсетілетін қызметті берушіге қол қоюға береді.

  1. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде, егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес жиынтығын және/немесе мерзімі өткен құжаттарды ұсынса Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 1-қосымшасынасәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Құжаттар пакетін толық ұсынғаннан кейін мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға берген кезде – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды, тексереді, қабылданған құжаттар курьерлік байланыс арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі.

  1. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды алған күні өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қабылдайды, толтырудың дұрыстығын тексереді, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшасынасәйкес нысан бойынша өтініштердің тізілімінде (бұдан әрі - журнал) тіркеуді жүзеге асырады.

      Журналды тек электронды түрде жүргізуге рұқсат етіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы тиісті құжаттарды қабылдау туралы өтініштің жырту талонын береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды порталда ұсынған кезде "жеке кабинетке" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қолы қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру күнін тағайындау туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап түрінде электрондық құжат нысанында жолдайды.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, анық емес мәліметтер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша дәлелді бас тарту түрінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту, тіркеуші органның басшысы немесе оның міндеттерін атқаратын тұлғаның қолы қойылған, бас тартудың негізі көрсетілген жеке хатпен ресімделеді.

  1. Егер ұсынылған құжаттар мен өтініште көрсетілген мәліметтер қолданыстағы заңнамаға сәйкес келсе, көрсетілетін қызметті беруші азаматтық хал акт жазбасын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады, азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар, өзгерістер енгізеді, күшін жояды немесе қалпына келтіреді, азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, қайталама куәлікті немесе анықтаманы жазады.

      Азаматтық хал акт жазбасы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін АХАТ ТП тиісті тіркеу актісі екі данада басып шығарылады және азаматтық хал акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік жасалады. Акт жазбаларына және азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке тіркеуші органның басшысы немесе оның міндеттерін атқаратын тұлға қол қояды.

  1. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген мәліметтер осы Қағидаларға 3-қосымшасынасәйкес нысан бойынша "Куәліктер беру" журналына (бұдан әрі - шығындар журналы) енгізіледі, содан кейін куәлік көрсетілетін қызметті алушыға беріледі немесе Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.
  2. Порталға жүгінген кезде азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап түрінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

      Сондай-ақ, порталға жүгінген кезде азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік түріндегі мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы өтініште көрсетілген Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, анықтама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап түрінде көрсетілетін қызметті алушыға береді немесе Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Неке (ерлі-зайыптылықты) қию, ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде неке (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы алғашқы рет берілетін куәлік, баланың ата-анасының бірлескен өтініші негізінде әкелік (аналық) анықталғаннан кейін берілетін алғашқы немесе қайталама туу туралы куәлікті қоспағанда, азаматтық хал актілерін мемлекеттік туралы куәліктер мен анықтамалар мемлекеттік қызметті алушының қалауы бойынша өтінішінде көрсетілген тұрғылықты жеріне пошта байланысы арқылы жолданады.

  1. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде, жеке куәлік (немесе өкілдің тиісті өкілеттіктерін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілі) ұсынылғаннан кейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация құжаттарды 1 (бір) айда сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) айдан кейін жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның өтініші бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға жеткізу үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

3-тарау. Некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу тәртібі

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай – ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 13-қосымшағасәйкес "Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - неке қию туралы стандарт) келтірілген.
  2. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу үшін өтініш берушілер осы Қағидаларға 14-қосымшағасәйкес кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып, неке қию туралы өтініш береді.

      Неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы өтінішті әрбір өтініш беруші өз қолымен жазбаша түрде толтырады немесе портал арқылы өтініш берген кезде электрондық түрде некеге тұратын адамдар электрондық – цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі-ЭЦҚ) қол қояды.

  1. Өтінішті қабылдау кезінде тіркеуші орган неке жасасуға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірген адамдарға оны тіркеудің тәртібі мен шарттарын, олардың болашақ ерлі-зайыптылар мен ата-аналар ретіндегі құқықтары мен міндеттерін, екі жақты келісім бойынша медициналық тексеру жүргізу құқығы туралы, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың некеде (ерлі-зайыптылықта) және ол бұзылған жағдайда мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын неке шартын жасасу құқығы туралы түсіндіреді.
  2. Бұрын тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) болған адамдар тіркеуші органға оның тоқтатылғаны туралы белгісі бар алдыңғы некеге тұру туралы (тіркелген күні мен орны) мәліметтерді ұсынады.

      Некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірген адамның алдыңғы некесінде (ерлі-зайыпты болуында) оның тоқтатылғаны туралы тиісті белгісі болмаған жағдайда тіркеуші органға алдыңғы некенің тоқтатылғаны туралы: Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген (шығарылған) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, жұбайының қайтыс болуы туралы акт жазба жөнінде (тіркелген күні мен орны) немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, некені жарамсыз деп тану, ерлі-зайыптылардың бірінің қайтыс болды деп жариялауы немесе хабарсыз кетті деп тануы туралы заңды күшіне енген сот шешімі жөнінде (шешімнің шығарылған күні мен орны, заңды күшіне енген күні) мәліметті хабарлайды.

      Тіркеуші органның қызметкері тиісті ақпаратты алғаннан кейін неке (ерлі-зайыптылықты) қию, бұзу туралы, жұбайының қайтыс болуы туралы акт жазбаларының бар-жоғына не неке қию туралы акт жазбасында сот шешімі негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы белгінің бар-жоғына тіркеуші органының мұрағатында тексеру жүргізеді.

      Алдыңғы неке (ерлі-зайыптылық) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тоқтатылқан немесе бұзылған кезде көрсетілетін қызметті алушы неке қию туралы стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес бұрынғы некені тоқтату немесе бұзу фактісін растайтын құжаттарды ұсынады.

  1. Некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірген адамдардың келісімі бойынша тіркеуші орган некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу күнін тағайындайды, бұл туралы өтініште, сондай-ақ өтініштерді есепке алу журналында белгі қойылады. Неке (ерлі-зайыптылық) некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірген тұлғалардың қатысуымен некеге тұру (ерлі-зайыптылық) туралы бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін тіркеледі. Мерзімнің өтуі өтініш берілгеннен кейінгі келесі күннен басталады және келесі айдың тиісті күні бітеді. Егер осы күн жұмыс күні болмаса, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.

      Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың бірлескен өтініші бойынша тиісті құжаттармен расталған (дәрігерлік-біліктілік комиссиясының жүктілік туралы анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын анықтамалар) дәлелді себептер (жүктілік, баланың тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде тіркеуші органның бастығы неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша бiр ай өткенге дейін некенi қиюға (ерлі-зайыпты болуға) рұқсат етеді не бұл мерзiмдi ұзартады, бірақ ол бір айдан аспауға тиіс

      Жекелеген жағдайларда неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тiркеудi күту мерзiмi неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тiркеуге кедергi келтіретін мән-жайлар болған кезде ғана тіркеуші органның бастамасы бойынша ұзартылуы мүмкiн.

      Айлық мерзімді қысқарту немесе ұзарту туралы рұқсатты тіркеуші органның бастығы, ал ол болмаған кезде - оның міндетін атқарушы тұлға некеге тұру (ерлі-зайыпты болу) туралы арызға бұрыштама түрінде береді.

  1. Некеге тұруға ниет білдірген адамдар неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеудің белгіленген күні жеке басын куәландыратын құжатпен тіркеуші органға келуі қажет.

      Егер некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер дәлелді себептермен белгіленген күні тіркеуші органға келе алмаса, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу мерзімі олардың өтініші бойынша басқа уақытқа ауыстырылады. Белгіленген күні некеге (ерлі-зайыптылыққа) отыратын адамдар не олардың біреуі дәлелсіз себептермен келмеген және некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу мерзімін ұзарта отырып, өтініш туралы арыз болмаған жағдайда өтініш жойылуға тиіс.

  1. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейінгі тегін басқа жұбайдың тегіне өзгертуге тілек білдірген жұбайға неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасында ортақ тегі ретінде таңдап алынған тегі көрсетіледі.

      Егер жеке басын куәландыратын құжатта жұбайының немесе зайыбының тегі ұлттық дәстүрлерге (ерекшеліктеріне) сәйкес көрсетілсе, неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасында жұбайының (зайыбының) тегі өзгерген кезде әр түрлі ұлт адамдарының тегі оның жынысына және жұбайының (зайыбының) тегінің тамыр негізін сақтай отырып, тегін дұрыс жазуға сәйкес айқындалады.

      Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде тегі өзгерген жағдайда азамат бір ай мерзімде жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруы қажет.

      Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың тегі өзгерген кезде тіркеуші органның қызметкері шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес азаматы болып табылатын елдің немесе азаматтығы жоқ адамның тұрақты тұратын мемлекетінің құзыретті органдары берген оның жеке басын куәландыратын құжатты ауыстыру қажеттігі туралы хабардар етеді.

  1. Неке жасына толмаған тұлғалардың неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуге тіркеуші органның осы Қағидаларға 15-қосымшағасәйкес нысан бойынша жасалған неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы қорытындысы немесе бас тарту негізінде жол беріледі.

      Неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтінішті осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету қажеттілігін туғызатын себептерді көрсете отырып, ата-аналар не қорғаншылар (қамқоршылар) береді.

      Барлық жағдайларда неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендетуге тек некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың келісімімен ғана жол беріледі. Неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адамдар арасындағы некеге (ерлі-зайыпты болуға) ата-анасының не қамқоршыларының келісімімен ғана рұқсат етіледі.

      Өтінішке неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету себептерін растайтын құжаттар (дәрігерлік-біліктілік комиссиясының жүктілік туралы анықтамасы) қоса беріледі. Кәмелетке толмаған тұлғаның (олардың) ата-анасының және кәмелетке толмаған азаматтардың өздерінің жеке басын куәландыратын құжаттары жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады.

      Қазақстан Республикасындағы азаматтық хал актілерін тіркеуді растайтын мәліметтері (баланың тууы, әкелікті анықтау туралы, кәмелетке толмаған ата-анасының тууы туралы, кәмелетке толмаған тұлғалардың ата-анасының неке (ерлі-зайыптылықты) қию/ бұзу туралы) АХАЖ АЖ-да тексеріледі.

  1. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды қарау нәтижелері бойынша тіркеуші орган неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы не бас тарту туралы шешім қабылдайды.

11-тарау. Азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу тәртібі

  1. Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін көрсетілетін қызметті алушы кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО-на, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне не Мемлекеттік корпорацияға (неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы актілер жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді қоспағанда) қалауы бойынша жазбаша түрде немесе портал арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 24-қосымшағасәйкес нысан бойынша (әке (ана) болуды анықтау немесе бала асырап алу кезінде өзгерістер, толықтырулар енгізуді қоспағанда), неке қию, некені бұзу, қайтыс болу және Т.А.Ә. өзгерту туралы стандарттардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш береді.
  2. Өтініш 5 (бес) жұмыс күніне дейінгі мерзімде қаралуға жатады.
  3. Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу мынадай негіздерде жүргізіледі:

      1) баланың тегі ата-анасының жалпы тегіне немесе ата-анасының біреуінің тегіне өзгерген кезде;

      2) некені (ерлі-зайыптылықты) қиюға немесе бұзуға немесе некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тануға байланысты жұбайының (зайыбының) тегі өзгерген кезде;

      3) ата-анасының арасындағы некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтатуға немесе некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тануға байланысты кәмелетке толмаған баланың аты, тегі, әкесінің аты өзгерген кезде;

      4) дәрігерлік-біліктілік комиссияның қорытындысына сәйкес баланың жынысы өзгерген кезде;

      5) некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) анасының баланың туу туралы акт жазбасына баланың әкесі туралы мәліметтерді енгізу, сондай-ақ оның өтініші бойынша көрсетілген (көрсетіледі) баланың атын өзгерту (бұл баланың мүдделерінен туындаған кезде), әкесі туралы мәліметтерді өзгерту, толықтыру және алып тастау туралы өтініші келіп түскен кезде;

      6) бала асырап алудың күшін жою немесе жарамсыз деп тану, сондай-ақ некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы сот шешіміне байланысты;

      7) туу туралы акт жазбасынан баланың әкесі немесе анасы туралы мәліметтерді алып тастау туралы сот шешіміне байланысты;

      8) атын, әкесінің атын (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегін ауыстырған кезде;

      9) ата-анасының тегі мен әкесінің атын ауыстыруына байланысты кәмелетке толмаған баланың әкесінің аты мен тегі өзгерген кезде;

      10) азаматтық хал актiлерi жазбаларындағы қате мәліметтер сот тәртiбiмен анықталғанда;

      11) әке болуды белгілеу туралы сот шешiмi күшiн жойғанда;

      12) егер баланың туғанын тiркеу кезiнде оған тегi немесе есімі ата-анасының, немесе ата-анасының біреуінің тiлегiн ескермей берiлсе (дау болмаған жағдайда);

      13) егер туу туралы акт жазбасында баланың аты толық көрсетiлмесе (кiшiрейтiлiп, еркелетiп, қысқартылып көрсетiлсе);

      14) жынысының өзгеруіне байланысты атын, әкесінің атын (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегін ауыстырған кезде;

      15) тегі ұлттық дәстүрлер бойынша әкесінің немесе атасының атынан шыққан тегіне өзгерген кезде;

      16) ұлты, азаматтығы өзгерген кезде;

      17) егер азаматтық хал актісі жазбасында ата-анасының аты, әкесінің аты, тегі немесе ұлты көрсетілмесе;

      18) егер азаматтық хал актілері жазбасында дұрыс емес мәліметтер көрсетілсе;

      19) егер баланың мүдделерінен туындаған кезде, баланың туу туралы акт жазбасында көрсетiлгеннен өзге есімі болса;

      20) егер азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде қателер (бұрмалаулар, мәліметтерді немесе жеке сөздерді жіберу) жіберілсе;

      21) егер неке қиылғаннан (ерлі-зайыпты болған) кейін жұбайының (зайыбының) тегін алса, туу туралы акт жазбасында әкесінің атын толықтыру және әкесінің аты бойынша берілген тегін өзгерту, түзету қажет болған кезде жүргiзiледi.

      Азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу осы Қағиданың 38-қосымшасында көзделген нысан бойынша 17), 18), 19), 20), 21) тармақшаларында көзделген жағдайларда тіркеуші орган жасаған өзгерістерді, қосымшаларды және түзетулерді енгізу не бас тарту туралы қорытынды негізінде жүргізіледі.

      Қорытынды бір данада жасалады және тіркеуші органның елтаңбалық мөрімен және лауазымды тұлғасының қолымен бекітіледі.

  1. Азаматтық хал акт жазбасына сот арқылы өзгеріс, толықтыру, түзету енгізу фактісі белгілен кезде, тіркеуші орган азаматтық хал акт жазбасына сот шешімінің негізінде қорытынды шығармай өзгеріс, толықтыру, түзету енгізеді.
  2. Баланың тууын тiркегенде балаға ата-аналарының тiлектерi ескерiлмей тегi немесе аты берiлуiне байланысты, сондай-ақ егер баланың оның тууы туралы акт жазбасында көрсетiлген нақты атынан басқа аты болса, ата-аналардың баланың тегiн не атын өзгерту туралы өтiнiштерiн тіркеуші органдар бала он алты жасқа толғанға дейiн қабылдайды.
  3. Азаматтық хал актілері жазбаларына енгізілген өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер туралы тіркеуші орган акт жазбасының бірінші данасын сақтау орны бойынша тіркеуші органға және акт жазбасының екінші данасына өзгерістер енгізу үшін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың) аумақтық әділет органына хабарлама жібереді.

      Бұл ретте міндетті түрде "белгілер үшін" бағанында АХАЖ АЖ-не азаматтық хал акт жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін негіз болып табылатын өтініш немесе қорытынды туралы, сондай-ақ азаматтық хал актілері жазбаларына енгізілген өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер туралы мәліметтер енгізіледі.

  1. Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініштерді шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының тіркеуші органдарында тіркеген және шетелде тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне береді.
  2. Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесі бекіткен қорытынды бойынша тиісті актінің тіркелген жері бойынша немесе Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінен келіп түскен өтініш бойынша тіркеуші органдар жүргізеді.
  3. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын және азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының тіркеуші органдарында тіркеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың азаматтық хал акт жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу Кодекскесәйкес жүргізіледі.

14-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2) тармақшасына сәйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

 

Азаматтық хал актілерін
мемлекеттік тіркеу, азаматтық
хал актілері жазбаларына
өзгерістер енгізу, қалпына
келтіру, жоюды ұйымдастыру
Қағидаларына
1-қосымша

 

Нысан

 

__________________________
(Т.А.Ә (жеке басын
куәландыратын құжаттарда
көрсетілсе) не көрсетілетін
қызметті алушының атауы)
__________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынуыңызға, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттардың атаулары:

      1)________________________________________;

      2)________________________________________;

      3)_______________________________ ұсынуыңызға байланысты мемлекеттік қызметті

      "____________________________________" мемлекеттік көрсетілетін қызмет

      стандартына сәйкес көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Осы қолхат әр

      тарапқа бір-біреуден 2 данада жасалды.

      ____________________________________________________________________

      (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің Т.А.Ә (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе) қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә. (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе) ___________ Телефоны __________

      Алдым:

      Т.А.Ә (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе) / көрсетілетін қызметті

      алушының қолы ____________________ 20__ жылғы "___" _________

 

Азаматтық хал актілерін
мемлекеттік тіркеу, азаматтық
хал актілері жазбаларына
өзгерістер енгізу, қалпына
келтіру, жоюды ұйымдастыру
Қағидаларына
2-қосымша

 

Нысан

Өтініштердің есебін жүргізу журналы

Р/с
№№

Өтініштің түскен күні

Мемлекеттік қызметті алушының аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі

Өтініштің түрі және кіріс құжаттың қысқаша мазмұны

Қарары немесе құжат орындауға кімге жолданды

Азаматтық хал акт жазбасының мемлекеттік тіркеу күні

Құжатты орындауға алған күні

Құжатты орындағаны туралы белгі

1

2

3

4

5

6

7

8

               

 

 

Азаматтық хал актілерін
мемлекеттік тіркеу, азаматтық
хал актілері жазбаларына
өзгерістер енгізу, қалпына
келтіру, жоюды ұйымдастыру
Қағидаларына
3-қосымша

 

Нысан

Елтаңбалы бланкілерінің берілу есебін жүргізу журналы

Р/с №№

Куәліктің берілген күні

Куәлік берілетін тұлғаның аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі

Бланкінің нөмірі

Акт жазбаның нөмірі

Акт жазбаның тіркелген жері мен күні

Бастапқы немесе қайталама жазба

Мемлекеттік қызметті алушының аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі

Мемлекеттік қызметті алушының куәлікті алған кездегі қолы немесе куәліктің Мемлекеттік корпорацияға жолданғаны туралы белгі

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

 

Азаматтық хал актілерін
мемлекеттік тіркеу, азаматтық
хал актілері жазбаларына
өзгерістер енгізу, қалпына
келтіру, жоюды ұйымдастыру
Қағидаларына
13-Қосымша

                     

 

"Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандарты

1

Қызметті көрсететін мемлекеттік орган

Нұрсұлтан және Алматы, Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың,ауылдық округтердің әкімдері;
3) портал арқылы.

3

Қызмет көрсету мерзімі

көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген күннен бастап бір ай өткен соң жүргізіледі (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың бірлескен өтініші бойынша тиісті құжаттармен (дәрігерлік біліктілік комиссиясының жүктілік туралы анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын анықтамалар) расталған дәлелді себептер (жүктілік, бала туу, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнген және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде көрсетілетін қызметті беруші неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу орны бойынша бір ай өткенге дейін қысқартады не ұзартады, өтініш берген күнінен бір айдан аспайтын мерзімге көрсетілетін қызметті алушылардың жазбаша өтініші негізінде;
ерекше мән-жайлар (жүктілік, бала туу, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнген және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қалауы бойынша неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу себептерін және растайтын құжаттарды міндетті түрде көрсете отырып, өтініш берілген күні жүргізіледі;
азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу - 5 (бес) жұмыс күні;
АХАЖ АЖ-де актілік жазба болмаған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (Мемлекеттік корпорация арқылы түскен өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды);
портал арқылы берген кезде - өтінішті қабылдауды растау туралы хабарлама 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі;
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-20 (жиырма) минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

4

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны

Электрондық/ қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

1) неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы қайталама куәлік;
2) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде, портал арқылы өтініш беру кезінде некеге тұру (ерлі-зайыпты болу) туралы анықтама, дәлелді бас тарту электрондық түрде жіберіледі.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

1) неке қиюды тіркеу үшін-1 (бір) АЕК;
2) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге байланысты куәлік бергені үшін-0,5 АЕК.
Азаматтық хал актiлерiн тiркеген кезде мыналар растайтын құжаттарын көрсеткен кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк ұйымдар - туу туралы куәлiктер тiркелгенi және қайтадан берілгенi үшін;
2) жеке тұлғалар - азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты азаматтық хал актілерінің жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетiлген кезде өздеріне куәлiктер берілгенi үшiн.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушіде – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.;
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Қажетті құжаттар

Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушылардың жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат;
Шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар қосымша:
- некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама (апостиль қойылған/заңдастырылған, орыс немесе мемлекеттік тілге аудармасы бар);
- Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын ұсынады;
- Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлға тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының белгісі бар азаматтығы жоқ адамның куәлігін ұсынады;
- Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлға азаматы болып табылатын елдің немесе азаматтығы жоқ тұлғаның тұрақты тұратын мемлекетінің құзыретті органдары берген оның жеке басын куәландыратын құжаты және олардың мәтінінің қазақ немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасын ұсынады.
Шетелдіктің, азаматтығы жоқ тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар мәтінінің аудармасының дұрыстығы шетел азаматы болып табылатын мемлекеттің немесе азаматтығы жоқ тұлға тұрақты тұратын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесінде не сыртқы саяси ведомствосында куәландырылуы мүмкін.
Жеке басты куәландыратын құжаттарды ұсынумен қатар, олардың мәтінінің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасын ұсынады.
Қажет болған жағдайда - өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органынан некеге (ерлі-зайыпты болуға) рұқсат.
Заңнамада белгіленген некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу мерзімін қысқарту немесе ұзарту қажет болған кезде мерзімді қысқарту негіздерін растайтын құжат қосымша ұсынылады: жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссияның анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше жағдайларды растайтын анықтамалар.
Неке (ерлі-зайыптылық) заңнамада белгіленген жасын төмендету қажет болған жағдайда қосымша ұсынылады:
1) Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтініш;
2) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін растайтын құжаттар: жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссиясының анықтамасы немесе ортақ баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;
3) неке (ерлі-зайыптылық) жасына жетпеген некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың заңды өкілдерінің келісімі;
4) заңды өкілдердің өкілеттігін растайтын құжаттар туралы мәліметтер.
Алдыңғы некелер (ерлі-зайыптылық) болған кезде деректерді тексеру үшін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу немесе жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы мәліметтер беріледі.
ҚР шегінен тыс жерлерде азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы тиісті (апостилденген/заңдастырылған, қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен) куәліктердің көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары) ұсынылады.
Порталға:
Көрсетілетін қызметті алушылардың, некеге отыратын екі адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтініш.
Екінші және одан кейінгі некелерді (ерлі-зайыптылықты) тіркеу кезінде деректерді тексеру үшін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу немесе жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы мәліметтер ұсынылады.
Неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі):
1) Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуге байланысты ауыстыруға жататын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы, куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда оның жоғалғаны туралы және азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді көрсету;
4) азаматтық хал актісі жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін негіз болуын растайтын құжат;
5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Өтініш берілген жағдайда:
1) бір жыныстағы адамдар;
2) ең болмағанда біреуі басқа тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрса;
3) жақын туыстары арасында;
4) бала асырап алушылар мен асырап алынған балалар, бала асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалар арасында;
5) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан кем дегенде біреуі әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдар;
6) өкіл арқылы;
7) көрінеу жалған мәліметтер беру фактісі анықталған жағдайда;
8) егер тіркеуші органның неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі келтіретін мән-жайлардың болуын растайтын дәлелдемелері болса);
9) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
10) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер белгіленуі мүмкін.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

 

 

Азаматтық хал актілерін
мемлекеттік тіркеу, азаматтық
хал актілері жазбаларына
өзгерістер енгізу, қалпына
келтіру, жоюды ұйымдастыру
Қағидаларына
14-қосымша

 

Нысан

      Өтініш 20 __ жылғы "___"_____________ қабылданды

      № _____ журналда тіркелді.

      Некеге отыруды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу

      20___ жылғы "___" ____________ тағайындалды.

      Лауазымды тұлғаның қолы _______________________

Некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы Өтініш

   

Азамат

Азаматша

1.

Аты

   

2.

Әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе)

   

3.

Тегі

   

4.

Туған күні, жасы

"___" ______ жылы
___ жасқа толды

"___" _____ жылы
___ жасқа толды

5.

Азаматтық

   

6.

Туылған жері (қала, ауыл, аудан, облыс, өңір, республика)

   

7.

Ұлты

   

8.

Білімі

   

9.

Қайда және кім болып жұмыс істейді

   

10.

Отбасылық жағдайы: некеде отырған, жесір, ажырасқан

   

11.

Ортақ балалар туралы мәлімет

   

12.

Тұрақты мекенжайы

   

13.

Қай жылдан

   

14.

Нешінші некеге отыруы

   

15.

Жеке тұлғаны растайтын құжат (нөмірі, қашан және кіммен берілді)

   

16

ЖСН (бар болса)

   

      Неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергілер жоқ.

      Некені (ерлі-зайыптылықты) тіркегеннен кейін тегін алуды қалаймз және бір ай ішінде

      жеке басын куәландыратын құжаттарды (тегін өзгертуді қалайтын адамдар үшін)

      ауыстыру қажеттігі туралы хабардармыз.

      жұбайы _____________________________________________________________

      жұбайы _____________________________________________________________

      Неке қиюдың (ерлі-зайыпты болудың) шарттары мен тәртібімен таныстық.

      Болашақ ерлі-зайыптылардың және ата-аналардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.

      Некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеуді салтанатты/салтанатты емес жағдайда өткізуді сұраймыз. (қажеттісінің астын сызу)

      Біз некеге тұруға кедергі келтіретін мән-жайларды жасырғаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес әкімшілік жаза қолданылатыны туралы ескертілдік.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келіседі.

      Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) тұлғалардың қолы:

      Жұбайы ______________________________

                  (қолы және некеге дейінгі тегі)

      Зайыбы _____________________________

                  (қолы және некеге дейінгі тегі)

      Өтініш беру күні "___" __________20___жыл

      ____________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе),

      өтінішті қабылдаған лауазымды адамның тегі)

      журнал бойынша № _______

      ---------------------------------------------------------------------

      (қию сызығы) – ЖАО үшін

      "____" ________20__ некені (ерлі-зайыптылықты) қию туралы өтініш қарауға

      қабылданды

      Қарау нәтижелері хабарланады "____" ___________ 20__ жыл

      Маман ______________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)

 

Азаматтық хал актілерін
мемлекеттік тіркеу, азаматтық
хал актілері жазбаларына
өзгерістер енгізу, қалпына
келтіру, жоюды ұйымдастыру
қағидасына

 

15-қосымша

 

Нысан

 

Бекітілген
Тіркеуші органның
лауазымды тұлғас
__________________________
(тіркеуші орган атауы)
20 __ жылғы "__" __________

Неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету не бас тарту туралы Қорытынды

      ________________________________________________________ тіркеуші орган

                        (аудан (қала), облыс атауы)

      азамат(ша) ___________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)

      _____________________________________________________________________

                              (туған күні)

      неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтінішін қарастырып ___

      _____________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)

      _____________________________________________________________________

                              (туған күні)

      Неке жасын __________________________________________ төмендету туралы

                        (төмендету жасы)

      белгіленген неке жасын төмендетуді қажет еткізетін себеп бойынша: _________

      _____________________________________________________________________

      және некеге отырушылардың (ерлі-зайыпты болушылардың) келісімін ________

      _____________________________________________________________________

      және өтінішке қосылып берілген құжаттарды ескере: _______________________

      _____________________________________________________________________

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодекстің 10-бабына сәйкес

Ұйғардым:

      Өтініш берушінің өтінішін қанағаттандыру және неке (ерлі-зайыптылық) жасын

      төмендету мүмкін:

      _____________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)

      _____________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)

      Тіркеуші орган лауазымды тұлғасы

      ____________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі) (қолы)

      20____жылғы "____"_______________

 

Азаматтық хал актілерін
мемлекеттік тіркеу, азаматтық
хал актілері жазбаларына
өзгерістер енгізу, қалпына
келтіру, жоюды ұйымдастыру
Қағидаларына
16-қосымша

 

Нысан

 

____________________________
(тіркеуші орган атауы)
____________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің
аты (жеке басын куәландыратын
құжаттарда көрсетілсе), тегі)
мекен-жайы:
____________________________
Тел. №
_______________________
№ жеке басын куәландыратын
құжат
________________________
____________________________
(нөмірі, кіммен, қашан берілген)
ЖСН_______________________
____________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің
аты (жеке басын куәландыратын
құжаттарда көрсетілсе), тегі)
мекен-жайы:
____________________________
Тел. №
_______________________
№ жеке басын куәландыратын
құжат
________________________
____________________________
(нөмірі, кіммен, қашан берілген)
ЖСН_______________________

Неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтініш

      Қызымның/ұлымның неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендетуіңізді сұраймыз

      _____________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)

      _____________________________________________________________________

                              (туған күні)

      белгіленген неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендетуді қажет еткізетін себеп

      бойынша: ____________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)

      __________________________________________ азаматпен некеге отыру үшін.

                              (туған күні)

      Келесі құжаттарды қоса бердік:

      _____________________________________________________________________

      Біз некеге тұруға кедергі келтіретін мән-жайларды жасырғаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 491-бабына сәйкес әкімшілік жаза қолданылатыны туралы ескертілдік.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келіседі.

      Некеге (ерлі-зайыптылық) отырушылардың келісімі:

      _______________________ _____________________

                  (қолы)                   (қолы)

      Мен (біз) неке жасына жетпеген некеге (ерлі-зайыптылық) отырушы тұлғалардың

      заңды өкілдері, некені (ерлі-зайыптылық) тіркеуге өз келісімімізді береміз.

      Заңды өкілдердің (қамқоршылардың) қолдары:

      _________________________                   _________________________

      "___" __________20___жыл                   "___" __________20___жыл

      ___________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе),

      өтінішті қабылдаған лауазымды адамның тегі)

      журнал бойынша № _______

      --------------------------------------------------------------------------------------------------

      (қию сызығы) – ЖАО үшін

      "____" ________20__ неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтініш қарауға қабылданды.

      Қарау нәтижелері хабарланады "____" ___________ 20__ жыл

      Маман ______________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі)

 

Дата публикации
20 ноября 2020