Аудан әкімі - Әлімжанов Кенеш Ғалибекұлы осы лауазымда 2024 жылғы 6 желтоқсаннан бастап жұмыс істейді.
2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша халық саны – 40 956 адам, оның ішінде – қалалық – 29 892, ауылдық – 11 064 адам.
Аудан аумағында 13 ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала бар.
Ауданның мамандануы – машина жасау, астық өндіріс, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық өнімді қайта өндіру.
Өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 26 млрд. 726 млн. теңгені құрады, бұл 2024 жылғы тиісті кезеңнің 6% жоғары (2024 жылы - 25 млрд. 206 млн. теңге).
Облыс көлеміндегі аудан өнеркәсібінің үлесі 1,5% құрады.
Өнеркәсіп өнімінің НКИ 112% құрады.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 58 млрд. 513 млн. теңгені құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 17% жоғары (2024 жыл 50 млрд. 171 млн. теңге).
Ауыл шаруашылығы өнімінің НКИ 107,4% құрады.
Мал шаруашылығы
2025 жылғы 1 қазанға шаруашылықтардың барлық санаттарындағы мал мен құстың барлық түрлерінің мал басының динамикасы.
Мал басы:
Өсу
жылқы 4,2% - 18,9 мың бас;
шошқа 11,3% – 3,0 мың бас.
Төмендеу
ІҚМ 2% - 18,6 мың басқа;
сиыр 7,4% - 9,9 мың бас;
қой мен ешкі 4% және 49,6 мың басты құрады
Төмендеу себептері: ІҚМ, оның ішінде сиырлардың саны статистикалық деректерді сәйкестендіру және «Алтындан» ЖШС, «Бастау» ЖШС және «Полтавка 2» ЖШС-де төмендеу есебінен.; қой мен ешкі бойынша кәсіпорындардың статистикалық деректерді санақ жүргізілгеннен кейін сәйкестендіруі.
3 730,8 тонна ет өндірілді (3,9% төмендеді, «Бастау» ЖШС ет комбинатына мал басының сатылуына байланысты төмендеді), 11 402,8 тонна сүт (1,2% жоғары), 6 440 мың дана жұмыртқа (3,7% жоғары ).
Негізгі капиталға инвестициялар
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 18 млрд.624 млн. теңгені құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 12,6% жоғары (2024 жылы –16 млрд. 542 млн. теңге). Бюджет қаражаты есебінен инвестициялар көлемі 9 млрд. 527 млн. теңге, меншікті қаражат 5 млрд. 425 млн. теңгені, басқа қарыз қаражаты 3 млрд. 672 млн. теңгені құрады. Инвестициялар ауыл шаруашылығы техникасын, жабдықтарын сатып алуға, орталық қазандықты реконструкциялауға, су құбырын, жылу желілерін салуға, мектептерді, жолдарды жөндеуге бағытталған.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ 105,8% құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 10 млрд. 591 млн. теңгені құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 43% жоғары (2024 жылы – 7 млрд. 410 млн.теңге).
Құрылыс жұмыстарының НКИ 134,4% өсімін құрады.
2 982 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2024 жылдың тиісті кезеңінің 10,6% (2024 жыл – 28 075 шаршы метр).
Төмендеу себебі: 2024 жылы 2 пәтерлі тұрғын үй (15 589 ш.м.), «Інжу» тұрғын үй кешені (9 608 ш. м.) іске қосылды. Бұл ретте 2025 жылғы ЖТҚ 2982 ш.м. немесе 2024 жылға қарай 103,6% (2 878 ш. м.).
01.10.2025 жылға жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 2 601 бірлік тіркелген (2024 жылы – 2 523 бірлік)
Бөлшек сауда
Бөлшек тауар айналымының көлемі 17 млрд.523,3 млн. теңгені немесе 2024 жылдың тиісті кезеңіне 105,9% құрады.
2025 жылдың қаңтар – қыркүйегінде 21 Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
Жұмыспен қамту органдарына жүгінген жұмыссыздар саны 1689 адамды құрады. 860 жұмыссыз тұрақты орынға орналастырылды (2025 жылға арналған жоспар 1470 адам).
Жұмыссыз ретінде 536 азамат тіркелген.
Құрылған жаңа жұмыс орындарының саны 1623 (2025 жылға арналған жоспар 2218 адам), оның ішінде тұрақты 1283, уақытша 340.
43,4 млн. теңге сомасына 94 аз қамтылған отбасына әлеуметтік көмек тағайындалды.
2025 жылғы қаңтар–маусымда орташа айлық жалақы 323 214 теңгені (орташа облыстық көрсеткіш 354 813 теңге) құрады, бұл 2024 жылғы тиісті кезеңнен 12,6% жоғары.
«Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде:
жастар тәжірибесіне 31 адам жіберілді (2025 жылға арналған жоспар - 43 адам);
әлеуметтік жұмыс орындарына 24 адам жіберілді (2025 жылға арналған жоспар - 20 адам);
қоғамдық жұмыстарға 77 адам (2025 жылға арналған жоспар- 66 адам);
күміс жасы 21 адам (2024 жылға арналған жоспар - 17 адам);
первое рабочее место 5 человек (план на 2025 год 7 чел.);
кәсіпкерлік негіздеріне оқыту - 48 адам;
проф. дайындық-20 адам (жоспар 20);
грант - 10 адам (жоспар 10).
Білім
Ауданда 44 білім беру мекемесі жұмыс істейді (7 мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 2 кешкі мектеп, 2 бастауыш мектеп, 6 негізгі орта мектеп, 24 орта мектеп, балалар музыка мектебі, балалар жасөспірімдер орталығы, "Олимп" дене шынықтыру-сауықтыру кешені).
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 93,6% (1400), 3 жастан 6 жасқа дейін-100% (976 бала) құрады.
Денсаулық сақтау
Ауданның денсаулық сақтау нысандары көпсалалы ауданаралық ауруханамен, емханамен, 8 дәрігерлік амбулаториямен, 16 медициналық пунктпен, 5 фельдшерлік-акушерлік пунктпен ұсынылған.
Төмендеу:
қан айналымы жүйесі органдарының аурушаңдығы 1498 дан 1512 жағдайға дейін;
онкопатологиямен сырқаттанушылық 85 дан 72 жағдайға дейін;
Туберкулезбен сырқаттанушылық 9 дан 4 жағдайға дейін;
Нәресте өлімі жоқ.
Ана өлімі жоқ