«Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ (индекс 020400, Атбасар ауданы, Атбасар қ., Уәлиханов көш. 9, анықтама үшін телефон –8 (716-43)2-47-91, электронды мекенжай: atbasar_sup@aqmola.gov.kz (электрондық хатты Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолданңанда файлдардың максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru. gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет)) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:
«Атбасар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, «Е-R-1» санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 354 069 теңгеден 406 714 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Ауданның кәсіпкерлік және аграрлық саясаты саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру; мал шаруашылығын дамыту; өсімдік шаруашылығы және ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және орындауды қамтамасыз ету; экономикалық өсуге және агроөнеркәсіптік кешен салаларының бәсекеге қабілеттілігінің сапалы жаңа деңгейіне қол жеткізуге жәрдемдесу мақсатында ауданда агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласында мемлекеттің аграрлық саясатын қалыптастыру және іске асыру; кәсіпкерлік функциялары бойынша, сауда және қызмет көрсету саласында, өнеркәсіптің базалық салаларында, индустриялық-инновациялық даму саласында талдау жүргізуді ұйымдастыру; инновациялық қызметтің инвестициялық және мамандандырылған субъектілерінің мониторингін жүзеге асыру; өнеркәсіптік кәсіпорындар көлемінің мониторингін және жаңа жұмыс орындарын құруды жүзеге асыру; агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияның жүзеге асырылуын бақылау; агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік бөлімнің құзыретіне кіретін қызметтер; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Блок-А, грейд-7.