Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеуге арналған бастапқы материалдарды ұсыну және "Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 05.07.2023 № 493 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды (бұдан әрі – 1-топтама), СЖТ және техникалық шарттарды (бұдан әрі – 2-топтама) алу үшін:
1) жер учаскесіне құқығын белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорында тіркелмеген жағдайда);
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама парағының электрондық көшірмесі (техникалық шарттарды алған жағдайда);
тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы үйлер мен ғимараттардың үй-жайларын (жеке бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) бастапқы материалдарды (бұдан әрі – 3-топтама) алу үшін:
1) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігінің жазбаша келісімінің электрондық көшірмелері немесе, егер өзгерістер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін қозғаған жағдайда, тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналыс хаттамасы (тұрғынжайға қолжетімділігін қамтамасыз етуге байланысты болған жағдайда, кресло-арбамен қозғалатын тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға талап етілмейді);
2) өзгертілетін үй-жайдың техникалық паспортының электрондық көшірмесі (болған жағдайда);
3) сауалнама парағының электрондық көшірмесі (инженерлік және/немесе коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосымша қосу және/немесе жүктемені арттыру қажет болған жағдайда);
4) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі (егер реконструкциялау жер учаскесін қосымша бөлуді (кесіп беруді) көздейтін болса) ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорында тіркелмеген жағдайда);
5) техникалық жобаның электрондық көшірмесі (құрамы мен мазмұны осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған);
6) егер жобалаушы техникалық жобада үй-жайларды (тұрғын үй бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтынын көрсеткен жағдайда, егер жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайларымен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімнің электрондық көшірмелері қосымша қоса беріледі (тұрғынжайға қолжетімділігін қамтамасыз етуге байланысты болған жағдайда кресло-арбамен қозғалатын тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға талап етілмейді).
Өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлардың (үй бөліктерінің) меншік иелерінің мүдделері, егер үй-жайларды (тұрғын үй бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлардың (үй бөліктерінің) бірлескен шекарасын қозғаған жағдайда, сондай-ақ, тұру кезінде санитариялық, экологиялық, өртке қарсы шарттар нашарлаған жағдайларда ескеріледі. Өзге жағдайларда өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлардың (үй бөліктерінің) меншік иелерінің бас тартуына жол берілмейді.
Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Процестің сипатын, қызмет көрсету нысанын, мазмұны мен нәтижесін қоса алғанда, 1-мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ 1-мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жазылған.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 05.07.2023 № 493 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және 1-ші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Өтініш беруші құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жолдайды.
Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші қоса берілген құжаттарды жоспарланған құрылыстың бекітілген бас жоспарға, егжей- тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекендерді дамыту және салу схемасына сәйкестігін қарайды.
Көрсетілетін қызметті беруші мынадай құжаттарды қатар дайындайды:
1-топтама бойынша – егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан алынған үзінді көшірмесін, тік жоспарлау белгілерін, жолдар мен көшелердің көлденең қималарын;
3-топтама бойынша – тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы ЖАО-ның шешімін.
Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер жоғарыда көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге мынадай мерзімде жібереді:
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілер үшін 5 (бес) жұмыс күні;
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілер үшін 10 (он) жұмыс күні;
сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды беруден дәлелді бас тарту үшін 2 (екі) жұмыс күні.
Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер техникалық шарттарды беруден:
1) көрсетілетін қызметтердің талап етілетін көлемін ұсыну үшін қажетті бос техникалық қуат болмаған;
2) көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті желілер немесе өзге де мүлік болмаған жағдайларда бас тартуға жол беріледі.
Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер техникалық шарттарды беруден бас тартқан жағдайда, техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімге қызметтерді ұсыну үшін қажетті бос техникалық қуатының тапшылығы, желілердің немесе өзге де мүліктің болмауы туралы дәлелді негіздемені есептеулермен қоса береді.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 07.12.2023 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
39-1. Осы Қағидалардың 41-тармағында және осы Қағидалардың 4-қосымшасының 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім жайында, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша өтініш берушінің ұстаным танытуына мүмкіндік беру үшін тыңдау өткiзілетін уақыт пен орын туралы хабарлама жібереді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша өтініш берушіге көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.
Ескерту. Қағида 39-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.03.2022 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 05.07.2023 № 493 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
1-топтама бойынша – осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары;
2-топтама бойынша – осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ және техникалық шарттар;
3-топтама бойынша – тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы ЖАО-ның шешімі, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ, техникалық шарттар (өтініш беруші сауалнама парағын беру кезінде), сыртқы инженерлік желілер трассасының схемаларын (өтініш беруші сауалнама парағын берген кезде);
дәлелді бас тарту.
1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушімен өтініш берушінің "жеке кабинетіне" ЭЦК-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.03.2022 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) 1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) өтініш берушінің және (немесе) 1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қажет ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) бекітілген бас жоспардың, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының немесе елді мекендерді дамыту мен құрылыс салу схемасының (қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялаудан (қайта жоспарлаудан, қайта жабдықтаудан) басқа) болмауы;
4) жоспарланған құрылыстың бекітілген бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекендерді дамыту мен құрылыс салу схемасына сәйкес келмеуі;
Бас тарту үшін осы негіздеме жаңа немесе бекітілген бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекендерді дамыту мен құрылыс салу схемасына өзгерістер енгізу нәтижесінде туындаған өтініш берушінің жер учаскесін нысаналы мақсаты, оның ішінде реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) бойынша құқықтарын одан әрі іске асыру мүмкін болмаған жағдайда қолданылмайды.
5) көрсетілетін қызметтердің талап етілетін көлемін ұсыну үшін қажетті бос техникалық қуат болмаған кезде инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызметтерді жеткізушінің бас тартуы;
6) Заңның 17-бабында белгіленген нормалар мен талаптарды (шарттарды, ережелерді, шектеулердi) бұзуы;
7) лицензиясы бар тұлғалар орындаған техникалық жобаның осы Қағидаларға 3-қосымшада баяндалған құрамы мен мазмұнына сәйкес келмеуі, қолда бар ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларының (жекелеген бөліктерін) тағайындалуына қойылатын талаптар кешенін, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын көздемейді.
Өтініш берушіге себептерін және жою үшін нақты ескертулерді көрсете отырып, дәлелді бас тарту беріледі.
Өтініш беруші 1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта жүгінеді.
Бұрын болған, бірақ көрсетілмеген негіздер бойынша кейіннен бас тартудың болуы мүмкін емес.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.03.2022 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
СЖТ және техникалық шарттарды ұсынуға – 9 (тоғыз) жұмыс күні;
жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды ұсынуға – 15 (он бес) жұмыс күні.
Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді жобалау бойынша 1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі:
СЖТ және техникалық шарттарды ұсынуға – 15 (он бес) жұмыс күні;
жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды ұсынуға – 17 (он жеті) жұмыс күні.
Тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолда бар ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды ұсыну бойынша 1-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күні.
1-ші мемлекеттік қызметті көрсетуге дәлелді бас тартуды ұсыну мерзімі – 5 (бес) жұмыс күні.
Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 07.12.2023 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы 1-ші мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
44-1. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган "Мемлекеттер көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жібереді.
Ескерту. 2-параграфты 44-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 07.12.2023 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.03.2022 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.03.2022 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
|
Құрылыс саласындағы |
|
|
Нысан |
|
|
____________________________ |
|
|
____________________________ |
|
|
____________________________ |
Жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды ұсыну / тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдар алу туралы өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.03.2022 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өтініш берушінің аты:____________________________________________
____________________________________________________________________
(Жеке тұлғаның тегі, аты, болса – әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы)
Мекенжайы: _____________________________________________________
Телефоны:______________________________________________________
Тапсырыс беруші: ________________________________________________
Жобаланатын объектінің атауы:____________________________________
____________________________________________________________________
Жобаланатын объектінің мекенжайы:________________________________
____________________________________________________________________
Сізден
1-топтама. Жаңа құрылысқа бастапқы материалдар (СЖТ, тік жоспарлау белгілерін, егжей-
тегжейлі жоспарлау жобасынан алынған үзінді көшірмені, жолдар мен көшелердің көлденең
қималарын, техникалық шарттарды (бұдан әрі –ТШ), сыртқы инженерлік желілер
трассасының схемаларын);
2-топтама. СЖТ және ТШ;
3-топтама. Қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін)
реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) бастапқы материалдар (тіреу
және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге
байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін)
реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға ЖАО шешімі), СЖТ, ТШ,
сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) беруіңізді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
күні: 20__ жылғы "__" _______________
Тапсырды: __________________________
Қолы
|
|
Құрылыс саласындағы құрылыс |
|
|
Нысан |
Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы
|
Тапсырыс беруші |
- |
|
Объектінің атауы |
- |
|
Нормалар бойынша құрылыс салу мерзімі |
- |
|
Объектіге (реконструкциялауға) құқық белгілейтін құжаттар |
- |
|
Қабаттылығы |
- |
|
Ғимараттың алаңы |
- |
|
Пәтерлер (нөмірлер, кабинеттер) саны |
- |
|
Электрмен жабдықтау Кезек бойынша құрылыс салу барысында қосымша Реконструкциялау барысында |
Талап етілетін қуаты, кВт |
- |
|
Жүктеме сипаты (фаза) |
Бір фазалы, үш фазалы, тұрақты, уақытша, маусымдық |
|
|
Сенімділігі бойынша санаты |
I санат___кВт (кВА), II санат ___кВт (кВА), III санат___кВт (кВА) |
|
|
Пайдалануға берілгеннен кейін жылдар бойынша ең жоғарғы жүктеме (қолданыстағы жүктемені ескере отырып үдемелі қорытындымен) |
||
|
|
20__ж.____кВт, 20__ж.____кВт, 20__ж.____кВт |
|
|
көрсетілген ең жоғарғы жүктемеден мыналар электр қабылдағыштарға жатады: |
||
|
|
I санат___кВт (кВА), II санат ___кВт (кВА), III санат___кВт (кВА) |
|
|
Электр қазандарын, электрокалориферлерді, электр плиталарын, электр пештерін, электр су қыздырғыштарды орнату болжанады (қажеттісінің астын сызыңыз) |
саны ___ дана, бірліктік қуаты _____ кВт (кВА) |
|
|
Қолданыстағы ең жоғарғы жүктеме |
- |
|
|
Трансформаторлардың шарт бойынша рұқсат етілген қуаты |
№ _________ТЖ-да ______ ТЖ-да кВА № _________ТЖ-да ______ ТЖ-да кВА |
|
|
Сумен жабдықтау |
Судың жалпы қажеттілігі |
____ |
м3/тәулік |
____ |
м3/сағ. ауыз суы |
____ |
л/сек. ең жоғарғы |
|
|
оның ішінде |
|
|
|
|
|
|
||
|
Шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне |
____ |
м3/тәулік |
____ |
м3/сағ. |
____ |
л/сек. ең жоғарғы |
||
|
Өндірістік қажеттіліктерге |
|
м3/тәулік |
|
м3/сағ. |
____ |
л/сек. ең жоғарғы |
||
|
Өрт сөндіруге қажетті шығыстар |
____ |
л/сек. |
||||||
|
Кәріз |
Сарқынды сулардың жалпы мөлшері |
____ |
м3/тәулік |
____ |
м3/сағ. ең жоғарғы |
|||
|
оның ішінде |
|
|
|
|
||||
|
Нәжіспен ластанған |
|
м3/тәулік |
____ |
м3/сағ. ең жоғарғы |
||||
|
Өндірістік ластанған |
|
м3/тәулік |
|
м3/сағ. ең жоғарғы |
||||
|
Қала кәрізіне шығарылатын шартты таза сулар |
____ |
м3/тәулік |
____ |
м3/сағ. ең жоғарғы |
||||
|
|
Өнеркәсіптік сарқынды сулардың сапалық құрамы мен сипаттамалары (рН, өлшенген заттардың, қышқылдардың, сілтілердің, жарылғыш, радиактивтік жанатын заттардың және басқалары концентрациясының БГ) |
|||||||
|
Жылумен жабықтау |
Жалпы жылу жүктемесі |
____Гкал/сағ. |
||||||
|
|
оның ішінде: |
|||||||
|
Жылыту |
____ Гкал/сағ. |
|||||||
|
Желдету |
____ Гкал/сағ. |
|||||||
|
Ыстық сумен жабдықтау |
____ Гкал/сағ. |
|||||||
|
Технологиялық қажеттіліктер (бу) |
____ т/сағ. |
|||||||
|
Жүктемені тұрғын үйлер және жапсарлас салынған үй-жайлар бойынша бөлу |
- |
|||||||
|
Энергия үнемдеу іс-шарасы |
- |
|||||||
|
Нөсерлік кәріз |
Тапсырыс берушінің қалауы |
- |
||||||
|
Телефон орнату |
Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар бойынша ОТА және қызметтер саны |
- |
||||||
|
Телефон сыйымдылығы |
- |
|||||||
|
Жоспарланатын телефон арнасы |
- |
|||||||
|
Тапсырыс берушінің қалауы (жабдықтың түрі, кабель түрі және т.б.) |
- |
|||||||
|
Газбен жабдықтау |
Жалпы қажеттілік |
____м3/сағ. |
||||||
|
|
оның ішінде: |
|||||||
|
Тамақ әзірлеуге |
____м3/сағ. |
|||||||
|
Жылытуға |
____м3/сағ. |
|||||||
|
Желдетуге |
____м3/сағ. |
|||||||
|
Ауа баптауға |
____м3/сағ. |
|||||||
|
Көп қабатты үйлерге газ орнату кезінде ыстық сумен жабдықтау |
____м3/сағ. |
|||||||
Ескертпе *
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
* Сауалнама парағын қосалқы тұтынушы берген жағдайда, ескертпеде тұтынушының қосалқы тұтынушыны оның желілеріне қосуға келісімі көрсетіледі. Бұл ретте тұтынушының келісімінде оның деректері көрсетіледі (жеке тұлғалар – қолдарын қояды, заңды тұлғалар – қолдары мен мөрлерін қояды (онын болған жағдайда)).
Тапсырыс беруші: ______________________
20___ жылғы "___" _______________
|
|
Құрылыс саласындағы құрылыс |
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 07.12.2023 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) |
|
|||
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы: 1. Құрылыс жобаларын әзірлеуге арналған бастапқы материалдарды ұсыну; 2. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттарды ұсыну; 3. Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды ұсыну. |
|
|||
|
1. |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары |
|
|
|
2. |
Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
|
|
|
3. |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері |
1) жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды алу үшін: техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді салу жобалар бойынша - 15 (он бес) жұмыс күні; техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді салу жобалар бойынша - 17 (он жеті) жұмыс күні; 2) сәулет-жоспарлау тапсырмасы (бұдан әрі – СЖТ) және инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылу үшін техникалық шарттарды (бұдан әрі – техникалық шарттар): техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді салу жобалар бойынша - 9 (тоғыз) жұмыс күні; техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді салу жобалар бойынша - 15 (он бес) жұмыс күні; 3) тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды алу үшін - өтініш берілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні. Дәлелді бас тарту – 5 (бес) жұмыс күні. |
|
|
|
4. |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
|
|
|
5. |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
1) жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды (бұдан әрі - 1-топтама) алу бойынша: СЖТ, тік жоспарлау белгілерін, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан алынған үзінді көшірмесі, жолдар мен көшелердің көлденең қималарын, техникалық шарттар, сыртқы инженерлік желілер трассасының схемаларының электрондық көшірмелері; 3) СЖТ және техникалық шарттарды (бұдан әрі - 2-топтама) алу бойынша: СЖТ және техникалық шарттардың электрондық көшірмелері; 4) тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін бастапқы материалдарды (бұдан әрі - 3-топтама) алу бойынша: тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) ЖАО шешімінің, СЖТ, техникалық шарттардың (көрсетілетін қызметті алушы сауалнама парағын ұсынған жағдайда), сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемаларының электрондық көшірмелері; осы Тізбенің 9-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді бас тарту.) |
|
|
|
6. |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
тегін |
|
|
|
7. |
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, түскі асқа үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда; 2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) |
|
|
|
8. |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берушіден талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) 1 және 2-топтамалар бойынша: осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік мәліметтер базасында тіркелмеген жағдайда); осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама парағының электрондық көшірмесі (техникалық шарттарды алған жағдайда). 2) 3-топтама бойынша: осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігінің жазбаша келісімінің электрондық көшірмесі немесе, егер өзгерістер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін қозғаған жағдайда, тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналыс хаттамасы (тұрғынжайға қолжетімділігін қамтамасыз етуге байланысты болған жағдайда кресло-арбамен қозғалатын тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға талап етілмейді); өзгертілетін үй-жайдың техникалық паспортының электрондық көшірмесі (болған жағдайда); осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық шарттарға арналған сауалнама парағының электрондық көшірмесі (қажет болған жағдайда инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосымша қосу және/немесе жүктемелерді ұлғайту); жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі (егер реконструкциялау жер учаскесін қосымша бөлуді (кесіп беруді) көздейтін болса) ("Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерек қорында тіркелмеген жағдайда); техникалық жобаның электрондық көшірмесі; егер жобалаушы техникалық жобада үй-жайларды (тұрғын үй бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтынын көрсеткен жағдайда, егер жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалды куәландырылған жазбаша келісімнің электрондық көшірмелері қосымша қоса беріледі (тұрғынжайға қолжетімділігін қамтамасыз етуге байланысты болған жағдайда кресло-арбамен қозғалатын тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға талап етілмейді). Өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлардың (үй бөліктерінің) меншік иелерінің мүдделері, егер үй-жайларды (тұрғын үй бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлардың (үй бөліктерінің) бірлескен шекарасын қозғаған жағдайда, сондай-ақ, тұру кезінде санитариялық, экологиялық, өртке қарсы шарттар нашарлаған жағдайларда ескеріледі. Өзге жағдайларда өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас үй-жайлардың (үй бөліктерінің) меншік иелерінің бас тартуына жол берілмейді. |
|
|
|
9. |
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; 2) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қажет ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. |
|
|
|
10. |
Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар |
Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. Өтініш берушінің мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ 1414, 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
|
|
|
|
Құрылыс саласындағы |
|||
|
|
нысан |
|||
|
|
"Бекітемін" |
|||
Жобалауға арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) Архитектурно – планировочное задание на проектирование (АПЗ)
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 07.12.2023 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№_______ от "____"_____________20____ года
20____ жылғы "____"_____________№_______
Объектінің бірегей нөмірі: _________________________________________________________
Уникальный номер объекта:
Объектінің атауы:_______________________________________________________________
Наименование объекта:
Тапсырыс беруші (құрылыс салушы, инвестор): ______________________________________
Заказчик (застройщик, инвестор):
Объектінің мекенжайы __________________________________________________________
Адрес объекта
Қала (елді мекен), жыл ________________________________________________________
Населенный пункт, год
|
№ р/с |
Сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) әзірлеу үшін негіздеме |
Қала (аудан) әкімдігінің қаулысы немесе құқық белгілейтін құжат №_______ _________ (күні, айы, жылы) Жер учаскесін таңдау актісі (СЖТ-сын жер учаскесімен бірге беру кезінде) |
|
|
Постановление акимата города (района) или правоустанавливающий документ №_______ от_________ (число, месяц, год) Акт выбора земельного участка (при выдаче АПЗ вместе с земельным участком) |
|||
|
Основание для разработки архитектурно-планировочного задания (АПЗ) |
|||
|
|
Учаскенің сипаттамасы |
||
|
Характеристика участка |
|||
|
1. |
Местонахождение участка |
Қала, аудан, шағын аудан, ауыл, орам |
|
|
Учаскенің орналасқан жері |
Город, район, микрорайон, аул, квартал |
||
|
2. |
Салынған құрылыстың болуы (учаскеде бар құрылыстар мен үй салу, оның ішінде коммуникациялар, инженерлік құрылғылар, абаттандыру элементтері және басқалары) |
Қысқаша сипаттамасы |
|
|
Краткое описание |
|||
|
Наличие застройки (строения и сооружения, существующие на участке, в том числе коммуникации, инженерные сооружения, элементы благоустройства и другие) |
|||
|
3. |
Геодезиялық зерделенуі (түсірілімдердің болуы, олардың масштабтары) |
Қысқаша сипаттамасы |
|
|
Краткое описание |
|||
|
Геодезическая изученность (наличие съемок, их масштабы) |
|||
|
4. |
Инженерлік-геологиялық зерделенуі (инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық, топырақ-ботаникалық және басқа іздестірулердің қолда бар материалдары) |
Қысқаша сипаттамасы |
|
|
Краткое описание |
|||
|
Инженерно-геологическая изученность (имеющиеся материалы инженерно-геологических, гидрогеологических, почвенно-ботанических и других изысканий) |
|||
|
|
Жобаланатын объектінің сипаттамасы |
||
|
Характеристика проектируемого объекта |
|||
|
1. |
Объектінің функционалдық мәні |
Қысқаша сипаттамасы |
|
|
Краткое описание |
|||
|
Функциональное значение объекта |
|||
|
2. |
Қабаттылығы |
Қысқаша сипаттамасы |
|
|
Этажность |
Краткое описание |
||
|
3. |
Жоспарлау жүйесі |
Объектінің функционалдық мәнін ескере отырып, жоба бойынша |
|
|
Планировочная система |
|||
|
По проекту с учетом функционального назначения объекта |
|||
|
4. |
Конструктивті схема |
Жоба бойынша |
|
|
Конструктивная схема |
По проекту |
||
|
5. |
Инженерлік қамтамасыз ету |
Қысқаша сипаттамасы |
|
|
Инженерное обеспечение |
Краткое описание |
||
|
6. |
Энергия тиімділік сыныбы |
Қысқаша сипаттамасы |
|
|
Класс энергоэффективности |
Краткое описание |
||
|
|
Қала құрылысы талаптары |
||
|
Градостроительные требования |
|||
|
1. |
Көлемдік-кеңістіктік шешім |
Учаске бойынша іргелес объектілермен байланыстыру |
|
|
Увязать со смежными по участку объектами |
|||
|
Объемно-пространственное решение |
|||
|
2. |
Бас жоспар жобасы: |
Жанасатын көшелердің тік жоспарлау белгілерінің, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына, Қазақстан Республикасы құрылыстық нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес |
|
|
Проект генерального плана: |
|||
|
|
|||
|
В соответствии с проектом детальной планировки, вертикальными планировочными отметками прилегающих улиц, требованиями строительных нормативных документов Республики Казахстан |
|||
|
тік жоспарлау |
Іргелес аумақтардың жоғары белгілерімен байланыстыру |
||
|
вертикальная планировка |
|||
|
Увязать с высотными отметками прилегающей территории |
|||
|
абаттандыру және көгалдандыру |
Қысқаша сипаттамасы Краткое описание |
||
|
благоустройство и озеленение |
|||
|
автомобильдер тұрағы |
Қысқаша сипаттамасы Краткое описание |
||
|
парковка автомобилей |
|||
|
топырақтың құнарлы қабатын пайдалану |
Қысқаша сипаттамасы |
||
|
Краткое описание |
|||
|
использование плодородного слоя почвы |
|||
|
шағын сәулет нысандары |
Қысқаша сипаттамасы |
||
|
малые архитектурные формы |
Краткое описание |
||
|
жарықтандыру |
Қысқаша сипаттамасы |
||
|
освещение |
Краткое описание |
||
|
|
Сәулет талаптары |
||
|
|
Архитектурные требования |
||
|
1. |
Сәулеттік келбетінің стилистикасы |
Объектінің функционалдық ерекшеліктеріне сәйкес сәулеттік келбетін қалыптастыру |
|
|
Стилистика архитектурного образа |
Сформировать архитектурный образ в соответствии с функциональными особенностями объекта |
||
|
2. |
Қоршап тұрған құрылыс салумен өзара үйлесімдік сипаты |
Объектінің орналасқан жеріне және қала құрылысы мәніне сәйкес |
|
|
Характер сочетания с окружающей застройкой |
В соответствии с местоположением объекта и градостроительным значением |
||
|
3. |
Түсіне қатысты шешім |
Келісілген эскиздік жобаға сәйкес |
|
|
Цветовое решение |
Согласно согласованному эскизному проекту |
||
|
4. |
Жарнамалық-ақпараттық шешім, оның ішінде: |
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабына сәйкес жарнамалық-ақпараттық қондырғыларды көздеу |
|
|
Рекламно-информационное решение, в том числе: |
|||
|
Предусмотреть рекламно-информационные установки согласно статье 21 Закона Республики Казахстан "О языках в Республике Казахстан" |
|||
|
түнгі жарықпен безендіру |
Қысқаша сипаттамасы |
||
|
ночное световое оформление |
Краткое описание |
||
|
5. |
Кіреберіс тораптар |
Кіреберіс тораптарға назар аударуды ұсыну |
|
|
Входные узлы |
Предложить акцентирование входных узлов |
||
|
6. |
Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының өмір сүруі үшін жағдай жасау |
Іс-шараларды Қазақстан Республикасы құрылыстық нормативтік құжаттарының нұсқаулары мен талаптарына сәйкес көздеу; мүгедектігі бар адамдардың ғимаратқа қолжетімділігін көздеу, пандустар, арнайы кірме жолдар мен мүгедектер арбаларының өту жолдарын көздеу |
|
|
Создание условий для жизнедеятельности маломобильных групп населения |
|||
|
Предусмотреть мероприятия в соответствии с указаниями и требованиями строительных нормативных документов Республики Казахстан; предусмотреть доступ лиц с инвалидностью к зданию, предусмотреть пандусы, специальные подъездные пути и устройства для проезда инвалидных колясок |
|||
|
7. |
Дыбыс-шу көрсеткіштері бойынша шарттарды сақтау |
Қазақстан Республикасы құрылыстық нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес |
|
|
Соблюдение условий по звукошумовым показателям |
Согласно требованиям строительных нормативных документов Республики Казахстан |
||
|
|
Сыртқы әрлеуге қойылатын талаптар |
||
|
Требования к наружной отделке |
|||
|
1. |
Цоколь |
Қысқаша сипаттамасы |
|
|
Цоколь |
Краткое описание |
||
|
2. |
Қасбет |
Қысқаша сипаттамасы |
|
|
Қоршау конструкциялары |
Краткое описание |
||
|
Фасад |
|||
|
Ограждающие конструкции |
|||
|
|
Инженерлік желілерге қойылатын талаптар |
||
|
|
Требования к инженерным сетям |
||
|
1. |
Жылумен жабдықтау |
Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні) |
|
|
Теплоснабжение |
|||
|
Согласно техническим условиям (№ __и дата выдачи технических условий (далее - ТУ) |
|||
|
2. |
Сумен жабдықтау |
Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні) |
|
|
Водоснабжение |
Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) |
||
|
3. |
Кәріз |
Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні) |
|
|
Канализация |
|||
|
Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) |
|||
|
4. |
Электрмен жабдықтау |
Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні) |
|
|
Электроснабжение |
|||
|
Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) |
|||
|
5. |
Газбен жабдықтау |
Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні) |
|
|
Газоснабжение |
|||
|
Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) |
|||
|
6. |
Телекоммуникациялар және телерадиохабар |
Техникалық шарттарға (ТШ №__ және берілген күні) және нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес |
|
|
Телекоммуникации и телерадиовещания |
Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) и требованиям нормативных документов |
||
|
7. |
Дренаж (қажет болған жағдайда) және нөсерлік кәріз |
Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні) |
|
|
Дренаж (при необходимости) и ливневая канализация |
Согласно техническим условиям (№__ и дата выдачи ТУ) |
||
|
8. |
Стационарлы суғару жүйелері |
Техникалық шарттарға сәйкес (ТШ №__ және берілген күні) |
|
|
Стационарные поливочные системы |
Согласно техническим условиям (№ __ и дата выдачи ТУ) |
||
|
|
Құрылыс салушыға жүктелетін міндеттемелер |
||
|
Обязательства, возлагаемые на застройщика |
|||
|
1. |
Инженерлік іздестірулер бойынша |
Инженерлік-геологиялық қазбалар мен инженерлік-геологиялық іздестірулерді байланыстыра отырып, жер учаскесінің шекараларын натураға (жерге) көшіруге байланысты инженерлік-геодезиялық жұмыстар жүргізілгеннен кейін жер учаскесін игеруге кірісуге рұқсат етіледі |
|
|
По инженерным изысканиям |
|||
|
Приступать к освоению земельного участка разрешается после проведения инженерно-геодезических работ, связанных с переносом в натуру (на местность) границ земельного участка, с привязкой инженерно-геологических выработок и инженерно-геологических изысканий |
|||
|
2. |
Қолданыстағы құрылыстар мен имараттарды бұзу (көшіру) бойынша По сносу (переносу) существующих строений и сооружений |
Қажет болғанда қысқаша сипаттамасы При необходимости краткое описание |
|
|
3. |
Жер асты және жер үсті коммуникацияларын ауыстыру бойынша |
Ауыстыру (орналастыру) туралы техникалық шарттарға сәйкес не желілер мен құрылыстарды қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу |
|
|
По переносу существующих подземных и надземных инженерных коммуникаций |
Согласно техническим условиям на перенос (вынос) либо на проведения мероприятия по защите сетей и сооружений |
||
|
4. |
Жасыл көшеттерді сақтау және/немесе отырғызу бойынша По сохранению и/или пересадке зеленых насаждений |
Қысқаша сипаттамасы Краткое описание |
|
|
5. |
Учаскенің уақытша қоршау құрылысы бойынша По строительству временного ограждения участка |
Қысқаша сипаттамасы Краткое описание |
|
|
|
Қосымша талаптар |
||
|
Дополнительные требования |
|||
|
|
1. Ғимараттағы ауа баптау жүйесін жобалау кезінде (жобада орталықтандырылған суық сумен жабдықтау және ауа баптау қарастырылмағанда) ғимарат қасбеттерінің сәулеттік шешіміне сәйкес жергілікті жүйелердің сыртқы элементтерін орналастыруды көздеу қажет. Жобаланатын ғимараттың қасбеттерінде жергілікті ау баптау жүйелерінің сыртқы элементтерін орналастыруға арналған жерлерді (бөліктер, маңдайшалар, балкондар және т.б.) көздеу қажет. 2. Ресурс үнемдеу және қазіргі заманғы энергия үнемдеу технологиялары бойынша материалдарды қолдану. 1. При проектировании системы кондиционирования в здании (когда проектом не предусмотрено централизованное холодоснабжение и кондиционирование) необходимо предусмотреть размещение наружных элементов локальных систем в соответствии с архитектурным решением фасадов здания. На фасадах проектируемого здания предусмотреть места (ниши, выступы, балконы и т.д.) для размещения наружных элементов локальных систем кондиционирования. 2. Применить материалы по ресурсосбережению и современных энергосберегающих технологий. |
||
|
|
Жалпы талаптар |
||
|
Общие требования |
|||
|
|
1. Жобаны (жұмыс жобасын) әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қолданыстағы заңнамасының нормаларын басшылыққа алуы қажет. |
||
|
2. Қаланың (ауданның) бас сәулетшісімен келісу: |
|||
|
- эскиздік жоба (жаңа құрылыс кезінде). |
|||
|
3. Құрылыс жобасына сараптама жүргізу ("Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-1-бабына сәйкес). |
|||
|
4. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғандығы туралы хабарлама беру. |
|||
|
5. Салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру (қабылдау түрі). |
|||
|
1. При разработке проекта (рабочего проекта) необходимо руководствоваться нормами действующего законодательства Республики Казахстан в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности. |
|||
|
2. Согласовать с главным архитектором города (района): |
|||
|
- эскизный проект (при новом строительстве). |
|||
|
3. Провести экспертизу проекта строительства (согласно статьи 64-1 Закона Республики Казахстан "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан"). |
|||
|
4. Подать уведомление о начале строительно-монтажных работ. |
|||
|
5. Приемка и ввод в эксплуатацию построенного объекта (тип приемки). |
|||
СЖТ және ТШ жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың құрамында бекітілген құрылыстың бүкіл нормативтік ұзақтығының мерзімі шегінде қолданылады.
Құрылыстың нормативтік ұзақтығы үш жылдан асқан жағдайда, техникалық шарттардың қолданылу мерзімі құрылыстың басталғаны туралы растаушы құжаттардың ұсынылу талабымен құрылыс кезеңіне ұзартылады.
Құрылыстың басталғаны туралы растаушы құжаттар ұсынылмаған жағдайда, техникалық шарттар берілген күнінен бастап үш жыл өткен соң жарамсыз деп есептеледі.
При предоставлении АПЗ на основании акта выбора земельного участка, АПЗ вступает в силу с момента возникновения соответствующего права на земельный участок.
АПЗ и ТУ действуют в течение всего срока нормативной продолжительности строительства, утвержденного в составе проектной (проектно-сметной) документации.
В случае превышения нормативной продолжительности строительства более трех лет срок действия АПЗ и технических условий продлевается на период строительства при условии представления подтверждающих документов о начале строительства.
В случае непредставления подтверждающих документов о начале строительства АПЗ и технические условия по истечении трех лет с даты выдачи считаются недействительными.
Требования и условия, изложенные в АПЗ, выполняются всеми участниками инвестиционного процесса независимо от форм собственности и источников финансирования.
Несогласие заказчика с требованиями, содержащимися в АПЗ, обжалуется в судебном порядке.