«Салық салу объектісінің Атбасар ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» Атбасар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № а-11/438 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Атбасар ауданы әкімдігінің «Салық салу объектісінің Атбасар ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» 2020 жылғы 30 қарашадағы № а-11/438 (Нормативтік құқықтық актілдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8200 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жасылсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Атбасар ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

      Аудан әкімі                                                                                К. Әлімжанов

Дата публикации
10 октября 2025