Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу

Құрылыстың эскизін (эскиздік жобасын) келісу және "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі

  1. "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – 2-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО жүзеге асырады.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 05.07.2023 № 493 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Бастапқы материалдарды алғаннан және эскизді (эскиздік жобаны) әзірлегеннен кейін өтініш беруші көрсетілетін қызметті берушімен келісуді жүзеге асырады.

       Эскиздің (эскиздік жобаның) құрамы мен мазмұны осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған мақсатына, негізгі параметрлеріне, объектінің нақты жер учаскесінде орналасуына және көшелерді, орамдарды және тұрғын үй алаптарын салудың сәулет-көркем колористикасына сәйкес түсіне қатысты шешімге қойылатын талаптар кешеніне ауытқуларына сәйкес болуы қажет.

  1. 2-мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге эскиздің (эскиздік жобаның) электрондық көшірмесін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті жолдайды.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

       Процестің сипатын, қызмет көрсету нысанын, мазмұны мен нәтижесін қоса алғанда, 2-мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ 2-мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес жазылған.

      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 05.07.2023 № 493 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – өтініш берушінің "жеке кабинетінде" 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, 2-ші мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
  2. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар мен мәліметтерді келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және 2-ші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

  1. Өтінішті және қоса берілген эскизді (эскиздік жобаны) тіркеуден өткізгеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

       Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жолдайды.

      Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші қоса берілген құжаттарды қарап, өтініш берушінің және (немесе) 2-ші мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігіне қарайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      53-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 07.12.2023 № 116 (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. 2-ші мемлекеттік қызметті көрсету бойынша құжаттарды қарау қорытындысы бойынша осы Қағидаларда көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті беруші келісім-хатты немесе дәлелді бас тартуды дайындайды.

      2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушімен өтініш берушінің "жеке кабинетіне" ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша 2-ші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

      1) 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

      2) өтініш берушінің және (немесе) 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

       3) эскиздің (эскиздік жобаның) осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған құрамы мен мазмұнына сәйкес келмеуі;

      4) эскиздің (эскиздік жобаның) тағайындалынуға қойылатын талаптар кешеніне сәйкес келмеуі;

      5) эскиздің (эскиздік жобаның) негізгі параметрлерге сәйкес келмеуі;

      6) эскиздің (эскиздік жобаның) объектінің нақты жер учаскесінде орналасуына сәйкес келмеуі;

      7) эскиздің (эскиздік жобаның) көшелерді, орамдарды және тұрғын үй алаптарын салудың сәулет-көркем колористикасына сәйкес түсіне қатысты шешімге сәйкес келмеуі;

      8) эскиздің (эскиздік жобаның) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес келмеуі.

      Өтініш берушіге себептерін және жою үшін нақты ескертулерді көрсете отырып, дәлелді бас тарту беріледі.

      Өтініш беруші 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 2-ші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта жүгінеді.

      Бұрын болған, бірақ көрсетілмеген негіздер бойынша кейіннен бас тартудың болуы мүмкін емес.

      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.03.2022 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       54-1. Осы Қағидалардың 54-тармағында және осы Қағидаларға 7-қосымшаның 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім жайында, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша өтініш берушінің ұстаным танытуына мүмкіндік беру үшін тыңдау өткiзілетін уақыт пен орын туралы хабарлама жібереді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша өтініш берушіге көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды жолданады.

      Ескерту. Қағида 54-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.03.2022 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 05.07.2023 № 493 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

  1. Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізгеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші оны есепке алады.
  2. 2-ші мемлекеттік қызметті көрсету немесе дәлелді бас тартуды ұсыну мерзімі –10 (он) жұмыс күні.
  3. Көрсетілетін қызметті беруші 2-ші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы 2-ші мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

       57-1. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган "Мемлекеттер көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жібереді.

      Ескерту. 3-параграфты 57-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 07.12.2023 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

       Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.03.2022 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.03.2022 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

Құрылыс саласындағы
құрылыс салуды ұйымдастыру
және рұқсат беру рәсімдерінен
өту қағидаларына
3-қосымша

 Эскиздің (эскиздік жобаның), техникалық жобаның құрамы мен мазмұны

       Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 05.07.2023 № 493 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген жаңа құрылыс объектілері үшін жобалау алдындағы сатыда әзірленетін эскиздің (эскиздік жобаның) құрамы мен мазмұны:

  1. 1:1000; 1:2000; 1:5000 (аталғанның бірі) масштабындағы ахуалдық жоспар;
  2. 1:500; 1:1000; 1:2000 (аталғанның бірі) масштабындағы объектінің бас жоспары;
  3. 1:50; 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабындағы сыртқы әрлеудің ведомосімен қоса, қасбеттер;
  4. 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабындағы үй-жайлардың экспликациясы бар қабаттардың жоспары, бөліністер;
  5. 1:50; 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабындағы шатыр жоспары;
  6. 1:200; 1:500; 1:1000; 1:2000 (аталғанның бірі) масштабындағы инженерлік желілердің жоспарлары;
  7. Ғимараттың негізгі конструктивтік және сәулет-жоспарлау шешімдері, әрлеу материалдары мен қасбеттің түсіне қатысты шешімін таңдау, сондай-ақ негізгі көлемдік-жоспарлау көрсеткіштері (сыйымдылығы, өткізу қабілеті, қуаты, құрылыс көлемі, ғимараттың, құрылыс алаңының, көгалдандырылған және абаттандырылған учаске аумағының жалпы және пайдалы алаңы, әрлеу материалдары мен қасбеттің түсі) келтірілген абаттандыру мен көгалдандыру элементтері сипатталған жалпы деректер.

      Тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген қолданыстағы үйлер мен ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) объектілері үшін әзірленетін техникалық жобаның құрамы мен мазмұны:

  1. Кіреберіс алаңның құрылысына байланысты қасбеті өзгерген, жапсарлас құрылыс салу жолымен реконструкциялау кезінде 1:1000; 1:2000; 1:5000 (аталғанның бірі) масштабтағы ахуалдық жоспар;
  2. Кіреберіс алаңның құрылысына байланысты қасбеті өзгерген, жапсарлас құрылыс салу жолымен реконструкциялау кезінде 1:500; 1:1000; 1:2000 (аталғанның бірі) масштабтағы объектінің бас жоспары;
  3. Кіреберіс алаңның құрылысына байланысты қасбеті өзгерген, жапсарлас құрылыс салу жолымен реконструкциялау кезінде 1:50; 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабтағы қасбеттер сыртқы әрлеу ведомосімен қоса;
  4. Реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) дейінгі үй-жайлардың жоспарлары;
  5. Реконструкциялаудан (қайта жоспарлаудан, қайта жабдықтаудан) кейінгі үй-жайлардың жоспарлары;
  6. Қабаттылығы өзгерген және жапсарлас құрылыс салу жолымен реконструкциялау кезінде 1:50; 1:100; 1:200; 1:400 (аталғанның бірі) масштабтағы шатыр жоспары;
  7. Ғимараттың негізгі конструктивтік және сәулет-жоспарлау шешімдері, қасбеттердің әрлеу материалдары мен түсіне қатысты шешімді таңдау, бөлшектенетін конструкциялардың жай-күйі сипатталған, реконструкциялаудың (қайта жоспарлаудың, қайта жабдықтаудың) түрі туралы - тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты (байланысты емес) тұжырымдармен жалпы деректер.

      Тиісті лицензиясы бар тұлға немесе жобалау ұйымымен әзірленген елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері үшін эскиздің (эскиздік жобаның) құрамы мен мазмұны:

  1. 1:1000; 1:2000; 1:5000 (аталғанның бірі) масштабындағы ахуалдық жоспар;
  2. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің күндізгі және түнгі бейнесі;
  3. Конструктивтік шешімдер;
  4. Инженерлік қамту бойынша шешім;
  5. Негізгі конструктивтік және сәулет-жоспарлау шешімдері, әрлеу материалдары мен түсіне қатысты шешімінің таңдауы сипатталған жалпы деректер.

      Тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген инженерлік желілер эскизінің (эскиздік жобасының) құрамы мен мазмұны:

  1. 1:1000; 1:2000; 1:5000 (аталғанның бірі) масштабтағы ахуалдық жоспар;
  2. Жобаланатын және қолданыстағы (сақталатын және бұзылуға жататын) үйлер, ғимараттар, құрылыстар, инженерлік және көлік коммуникациялары, абаттандыру элементтері және көпжылдық жасыл екпелер, геодезиялық нүктелер салынатын бас жоспар;
  3. 1:200; 1:500; 1:1000; 1:2000 (аталғанның бірі) масштабтағы инженерлік желілердің жоспарлары;
  4. Инженерлік желілердің профильдері – кескіндер масштабы: тік 1:100 және көлденең 1:500; 1:1000; 1:2000 (аталғанның бірі);
  5. Құрылымдық және құрылыс шешімдері;
  6. Ерекшеліктер;
  7. Инженерлік желілер мен коммуникацияларды орналастыру (төсеу) жөніндегі негізгі конструктивтік және сәулет-жоспарлау шешімдері, материалдарды таңдау, пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі инженерлік-техникалық іс-шаралар, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі, сондай-ақ негізгі көлемдік-жоспарлау көрсеткіштерін (өткізу қабілеті, қуаты, көлемі, ұзындығы, құрылыс алаңы, көгалдандырылған және абаттандырылған учаскелер, материалдар) келтіре отырып, учаскені абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі іс-шаралар баяндалған жалпы деректер.

 

Құрылыс саласындағы құрылыс
салуды ұйымдастыру және рұқсат
беру рәсімдерінен өту
қағидаларына
6-қосымша

 

Нысан

 

____________________________

 

____________________________

 

____________________________

 Өтініш

       берушінің атауы:___________________________________________________________

       (жеке тұлғаның тегі, аты, болса – әкесінің аты (немесе заңды тұлғаның атауы)

      Мекенжайы:_______________________________________________________________

      Телефоны:_________________________________________________________________

      Тапсырыс беруші:__________________________________________________________

      Жобаланатын объектінің атауы:_______________________________________________

      Жобаланатын объектінің мекенжайы:__________________________________________

       Сізден эскизді (эскиздік жобаны) келісуіңізді сұраймын

       Қабылдады (қолы) ___________________

       күні: 20__ жылғы "___" ____________

       Тапсырды (қолы) _______________________

 

Құрылыс саласындағы құрылыс
салуды ұйымдастыру және
рұқсат беру рәсімдерінен
өту қағидаларына
7-қосымша

       Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 05.07.2023 № 493 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу"

мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

(бұдан әрі – Тізбе)

1.

Қызметті берушінің атауы

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары.

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілі

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

электрондық хат – эскизді (эскиздік жобаны) келісу не осы Тізбенің 9-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

тегін

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

 1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, түскі асқа үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда;

2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш берушіден талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

осы Қағидалардың 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

эскиздің (эскиздік жобаның) электрондық көшірмесі.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

2) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қажет ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

Өтініш берушінің мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ 1414, 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

 

Дата публикации
18 ноября 2020