Қорытынды туралы анықтама Атбасар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы 2025 жылғы қаңтар-тамыз айларында

Аудан әкімі - Әлімжанов Кенеш Ғалибекұлы осы лауазымда 2024 жылғы 6 желтоқсаннан бастап жұмыс істейді.

2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша халық саны - 41 035 адам, оның ішінде – қалалық - 29 905, ауылдық – 11 130 адам.

Аудан аумағында 13 ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала бар.

Ауданның мамандануы – машина жасау, астық өндіріс, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық өнімді қайта өндіру.

 

I. Экономика

Өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 24 млрд.  643 млн. теңгені құрады, бұл 2024 жылғы тиісті кезеңнің 10% жоғары (2024 жылы - 22 млрд. 371 млн. теңге).

Облыс көлеміндегі аудан өнеркәсібінің үлесі 1,6% -. құрады.

Өнеркәсіп өнімінің НКИ 115,8% құрады.

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 21 млрд. 365 млн. теңгені құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 2% жоғары (2024 жыл 20 млрд. 956 млн. теңге).

Ауыл шаруашылығы өнімінің НКИ 99,1% құрады.

Төмендеу себептері: статистикалық деректерді сәйкестендіруге байланысты.

 

Мал шаруашылығы

2025 жылғы 1 қыркүйектегі шаруашылықтардың барлық санаттарындағы мал мен құстың барлық түрлерінің мал басының динамикасы.

Мал басы:

Өсу

жылқы 3,7% - 19,0 мың бас;

шошқа 11,3% – 3,2 мың бас.

Төмендеу

ІҚМ 1,4% - 19,7 мың басқа;

сиыр 7% - 9,9 мың бас;

қой мен ешкі 3,8% және 51,2 мың басты құрады

Төмендеу себептері: ІҚМ, оның ішінде "Бастау" ЖШС сиырларының саны; "Абдуалиевтер" ЖШС, "Agro Mar Trade"ЖШС союға өткізу есебінен қой мен ешкі бойынша.

 

3 290,3 тонна ет өндірілді (4%-ға төмендеді, «Бастау» ЖШС-де ет комбинатына мал басының сатылуына байланысты төмендеді), 10 215,2 тонна сүт   (2%  жоғары), 5 868 мың дана жұмыртқа (4% жоғары ).

 

Негізгі капиталға инвестициялар

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 14 млрд.532 млн. теңгені құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 12,3%  жоғары (2024 жылы – 12 млрд. 938 млн. теңге). Бюджет қаражаты есебінен инвестициялар көлемі 7 млрд.369 млн. теңге, меншікті қаражат 3 млрд. 606 млн. теңгені, басқа қарыз қаражаты 3 млрд. 557 млн. теңгені құрады. Инвестициялар ауыл шаруашылығы техникасын, жабдықтарын сатып алуға, орталық қазандықты реконструкциялауға, су құбырын, жылу желілерін салуға, мектептерді, жолдарды жөндеуге бағытталған.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ 106,6% құрады.

 

Құрылыс жұмыстарының көлемі 6 млрд. 742 млн. теңгені құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 69,4% есе жоғары (2024 жылы – 3  млрд. 981 млн.теңге).

Құрылыс жұмыстарының НКИ 160% өсімін құрады.

 

2 882 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2024 жылдың тиісті кезеңінің 100,1% (2024 жыл-2 878 шаршы метр).

 

01.09.2025 жылға жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 2 605 бірлік тіркелген (2024 жылы – 2 555 бірлік)

 

Бөлшек сауда

Бөлшек тауар айналымының көлемі 15 млрд.176 млн. теңгені немесе              2024 жылдың тиісті кезеңіне 105% құрады.

2025 жылдың қаңтар – тамыз айларында 21 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді.

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

Жұмыспен қамту органдарына жүгінген жұмыссыздар саны 1365 адамды құрады. 613 жұмыссыз тұрақты орынға орналастырылды (2025 жылға арналған жоспар 1470 адам).

Жұмыссыз ретінде 542 азамат тіркелген.

Құрылған жаңа жұмыс орындарының саны 1318 (2025 жылға арналған жоспар 2218 адам), оның ішінде тұрақты 990, уақытша 328.

38,3 млн. теңге сомасына 91 аз қамтылған отбасына әлеуметтік көмек  тағайындалды.

2025 жылғы қаңтар–маусымда орташа айлық жалақы 323 214 теңгені (орташа облыстық көрсеткіш 354 813 теңге) құрады, бұл 2024 жылғы тиісті кезеңнен 12,6%  жоғары.

«Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың                                     2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде:

жастар тәжірибесіне 28 адам жіберілді (2025 жылға арналған жоспар -                     43 адам);

әлеуметтік жұмыс орындарына 24 адам жіберілді (2025 жылға арналған жоспар - 20 адам);

қоғамдық жұмыстарға 77 адам (2025 жылға арналған жоспар- 66 адам);

күміс жасы 20 адам (2024 жылға арналған жоспар - 17 адам);

бірінші жұмыс орны 5 адам (2025 жылға арналған жоспар 7 адам);

кәсіпкерлік негіздеріне оқыту - 47 адам;

проф. дайындық-20 адам (жоспар 20);

грант-4 адам (жоспар 15).

 

 

Білім

Ауданда 42 білім беру мекемесі жұмыс істейді (7 мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 1 кешкі мектеп, 1 бастауыш мектеп, 6 негізгі орта мектеп, 24 орта мектеп, балалар музыка мектебі, балалар жасөспірімдер орталығы, "Олимп" дене шынықтыру-сауықтыру кешені).

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 93,6% (1400), 3 жастан 6 жасқа дейін-100% (976 бала) құрады.

 

Денсаулық сақтау

Ауданның денсаулық сақтау нысандары көпсалалы ауданаралық ауруханамен, емханамен, 8 дәрігерлік амбулаториямен, 16 медициналық пунктпен, 5 фельдшерлік-акушерлік пунктпен ұсынылған.

Ұлғайту:

қан айналымы жүйесі органдарының аурушаңдығы 1332 дан 1370 жағдайға дейін;

Төмендеу: онкопатологиямен сырқаттанушылық 76 дан 60 жағдайға дейін;

Туберкулезбен сырқаттанушылық 8 дан 2 жағдайға дейін;

Нәресте өлімі жоқ.

Ана өлімі жоқ

Дата публикации
24 сентября 2025