"БЖЗҚ" АҚ-да (БЖЗҚ) "Ашық есік күні": ҚР Салық кодексіндегі біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер туралы айтамыз, БЖЗҚ-ның цифрлық қызметтерімен таныстырамыз

Халық арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында 2024 жылғы 24 қыркүйекте "БЖЗҚ" АҚ "Ашық есік күнін" өткізеді. 

Күннің басты тақырыбы - "ҚР Салық кодексіндегі біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер. Цифрлық БЖЗҚ –салымшыларға ыңғайлы болу үшін".

Алдағы іс-шара барысында Қор мамандары жаңа Салық кодексіндегі зейнетақы төлемдеріне қатысты негізгі өзгерістер, сондай-ақ БЖЗҚ-ның цифрлық форматта көрсететін қызметтері туралы айтып береді.

Естеріңізге сала кетейік, "Ашық есік күні" 2025 жылдың 24 қыркүйегінде сағат 10-00, 12-00 және 15-00 онлайн-форматта өткізіледі.

Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушыға сілтеме бойынша өту қажет https://bit.ly/akm0925. Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2512 377 5803 және event-кеңестің паролін 1234 енгізіңіз.

       

"БЖЗҚ" АҚ өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді "Ашық есік күнінде" күтеді!

Дата публикации
17 сентября 2025