Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 14 қыркүйекке тағайындалған Тельман ауылдық округ әкімін сайлау қорытындысы туралы

ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 14 қыркүйекте Атбасар ауданы Тельман ауылдық округ әкімін бір сайлау округі бойынша сайлауы өтті.

Атбасар аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Атбасар ауданы Тельман ауылдық округ әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Тельман сайлау округі

Тельман ауылдық округ әкімін сайлауы бойынша:

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 610 азамат енгізілді, олардың 280 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 10, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылған – 37.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

          Байкенова Г.С. – 12; Марденова Г.Қ. – 11; Мұхаметжанов Д.М.– 210.

1978 жылы туған, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің зейнеткері өзін-өзі тәртібімен ұсынылған, Атбасар қаласында тұратын Мұхаметжанов Дастан Мұратұлы Атбасар ауданы Тельман ауылдық округ әкімі болып сайланды.

Атбасар аудандық

 аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
15 сентября 2025