«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялау

Атбасар ауданы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы мәліметтер

Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу: 2025 жылғы 9 қыркүйек

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 2025 жылғы 15 қыркүйек

сұхбат:  2025 жылғы 22 қыркүйек

Анықтама телефоны: 87164324791

E-R-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 243 700 теңге

Блок-А, грейд-4.

 (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазымның атауы:

«Атбасар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-R-4 санаты

 

Функционалдық міндеттері:

Мал шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың орындалуын қамтамасыз ету; мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға бағытталған субсидиялау бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-шараларға мониторинг жүргізу; аумақтарды дамыту жоспарын және мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеуге қатысу және олардың орындалу барысы туралы есептер жасау; ұйымдастырушылық – технологиялық жаңашылдық бойынша ақпараттық қамтамасыз ету және мал шаруашылығы саласында озық тәжірибені тарату (семинарлар, кеңестер ұйымдастыру, баспасөзде сөз сөйлеу); қара шөп дайындау барысына мониторинг жүргізу, жемшөп дайындау барысы туралы жедел ақпарат жинауды жүзеге асыру; индексті-ауыл шаруашылығының (мал шаруашылығының) нақты көлемін орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; стратегиялық, операциялық ауданның мал шаруашылығы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары; мал шаруашылығын дамыту бойынша микрокредиттеу және кредиттеу бойынша жұмысты ұйымдастыру (Ауыл Аманаты - және басқалар), шарттарды жеткізу және түсіндіру, АШТӨ мен азаматтарға практикалық және әдістемелік көмек көрсету; бөлімде кіріс, шығыс хат-хабарларды жүргізу; қолданыстағы заңнама шеңберінде бөлім басшысы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру

Білімі бөлігіндегі талап:

ауыл шаруашылығы және биоресурстар (агрономия немесе мал шаруашылығы немесе орман шаруашылығы немесе балық шаруашылығы немесе агроинженерия) немесе ветеринария немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (биологиялық және сабақтас ғылымдар) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс өтілі талап етілмейді.

 

Шағымдану тәртібі

Кандидаттар конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне не сот тәртібімен шағымдана алады.

өтініш беру

Дата публикации
11 сентября 2025