Атбасар ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы мәліметтер
Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу: 2025 жылғы 2 қыркүйек
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 2025 жылғы 5 қыркүйек
сұхбат: 2025 жылғы 8 қыркүйек
Анықтама телефоны: 87164324791
E-R-2 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 327 923 теңге
Блок-А, грейд-6.
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазымның атауы:
«Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары, E-R-2санаты
Функционалдық міндеттері:
Бөлімбасшысыныңтапсырмаларын, жоғары тұрғаноргандардыңактілерін, тұрғын үй-коммуналдықшаруашылықсаласындағынормативтікқұқықтықактілердіңсапалыжәнеуақтылыорындалуынқамтамасыз ету.Бөлімніңқызметінүйлестіру. Тұрғын үйқорынмаусымдықпайдалануғадайындаужөніндегі іс-шаралардыбақылаудыжүзеге асыру.Коммуналдықшаруашылықтыңстратегиялықжәнеағымдағымәселелері, желіліккоммуникациялардың,жылу,газжәнесумен жабдықтаудың тұрақтыжүйесінқұрумәселелері бойынша жұмыстыұйымдастыру. Электрмен жабдықтау,жылуменжабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру,газбен жабдықтау,телекоммуникацияобъектілерініңжұмысынұйымдастыружәнебақылау.Автомобильжолдарынреконструкциялауды,күрделіжәнеағымдағыжөндеудіжүргізуді,олардыжөндеудіжәнежайластырудыұйымдастыружәнебақылау.Ауданбойыншатауарларды,жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердімемлекеттіксатып алудың бірыңғайұйымдастырушысыфункциясыныңжүзеге асырылуын бақылау.
Қалалықжолаушыларкөлігіментаксидіңтұрақтымаршруттарындажолаушылартасымалынұйымдастырудыбақылау.
Елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру бойынша жұмыстардың ұйымдастырылуын және жүргізілуін бақылау.
Бөлімде мемлекеттік қызметтің көрсетілуін бақылау.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша бақылауды жүзеге асыру.
Оған ҚР заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Білімі бөлігіндегі талап:
инженерлік, өңдеу және құрылыс (инженерлік және инженерлік немесе өндірістік және өңдеу салалары немесе) немесе қызметтер (тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану)саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
1) мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде бір жылдан кем емес немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, D-R-3, E-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда,
2) кемінде екі жыл жұмыс өтілі, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдар лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында не судья лауазымдарында кемінде бір жыл;
3) ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған кезде осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
Шағымдану тәртібі
Кандидаттар конкурс қорытындыларына және /немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шағымдана алады.