Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес, Тельман ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды келесідей құрамда 2025 жылғы 21 тамыз күні тіркеді:
1.Байкенова Гүлдан Сәкенқызы – 1992 жылы туған, қазақ, «Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, Атбасар қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
2.Марденова Гүлмира Қабдрашқызы – 1988 жылы туған, қазақ, «Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, Атбасар қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
3.Мұхаметжанов Дастан Мұратұлы– 1978 жылы туған, қазақ, ҚР ІІМ зейнеткері, Атбасар қаласында тұрады. Өзін -өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Атбасар аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы