«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялау. «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-R-4 санаты.

Атбасар ауданы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы мәліметтер

Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу: 2025 жылғы 22 тамыз

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 2025 жылғы 25 тамыз

сұхбат:  2025 жылғы 28 тамыз

Анықтама телефоны: 87164324791

E-R-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 243 700 теңге

Блок-А, грейд-4.

 (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазымның атауы:

«Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-R-4 санаты

 

Функционалдық міндеттері:

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды ұйымдастырумен байланысты жұмыстар кешенін жүзеге асыру. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті дұрыс және уақтылы тағайындау және төлеу және өтініш білдірген азаматтарға әлеуметтік төлемдер бойынша консультациялар беру. Халықтың әлеуметтік карталарына мониторинг жүргізу. Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыстарды орындау АӘК тағайындау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттерін сақтау, «Еңбек мигранттарына рұқсат беру және ұзарту». «Е-Халық әлеуметтік көмек» электрондық базасын жүргізу. ҚР заңнамасына сәйкес көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Қарауға өтіңіз

Дата публикации
13 августа 2025